Практикалық сабақ 15: Ли группасының көріністері
Матрицалық Ли группаларының көріністеріне есептер шығару.
«Ассоциативті емес алгебралар» пәнінен практикалық сабақтар бойынша әдістемелік нұсқаулар
Практикалық сабақ 1
Тақырыбы: Ассоциативті емес алгебраларға кіріспе.
Мақсаты: Ассоциативті емес алгебралар үшін гомоморфизм, ішкі алгебра, идеал және факторалгебра, коммутатор, ассоциатор, ядро және центр ұғымдарына есептер шығару.
Сабақ барысы:
1. Лекция 1-2 бойынша теориялық материалдарды қайталау.
2. Келесі есептерді шешу:
№1. Нольдік алгебрада кезкелген тәуелсіз элементтер екі жақты идеал болатын қандай да бір ішкі алгебраның базисін құрайтындығын дәлелдеу керек.
№2. Дененің өлшемі өзінің кезкелген ішкі алгебрасының өлшеміне бөлінетіндігін дәлелдеу керек.
№3. Кватерниондар алгебрасының кезкелген ішкі алгебрасының коммутативті екенін дәлелдеу керек.
3. Қорытындылау: №1 - №3 есептерді шығару нольдік алгебралар, денелер және кватернииондар алгебрасы үшін сәйкесті ұғымдарды түсінуге мүмкіндік береді.
4. Үй тапсырмасы. Келесі есептерді шығару керек:
№4. Кватерниондар алгебрасының центрін табу керек.
№5. Толық матрицалық алгебраның центрін табу керек.
5. Пайдаланылатын әдебиеттер: [14], [17] - [22].
Достарыңызбен бөлісу: |