БӨЖ бағдарламасының мазмұны
БӨЖ 1
Тақырыбы: Жәй, бөлінгіш, шешілетін және нильпотентті алгебралар.
Мақсаты: Жәй алгебра, бөлінгіш алгебра, шешілетін алгебра және нильпотентті алгебра ұғымдарының анықтамаларымен, мысалдарымен, негізгі қасиеттерімен танысу.
Тапсырмалар, сұрақтар: Жәй алгебра, бөлінгіш алгебра, шешілетін алгебра және нильпотентті алгебра ұғымдарына анықтама беру, мысалдарын келтіру, негізгі қасиеттерін тұжырымдау және дәлелдеу, оларды қолдануға есептер шығару.
Орындауға әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмаларды келесі ретпен орындаған қолайлы болады:
- төменде көрсетілген әдебиеттерден жәй алгебра, бөлінгіш алгебра, шешілетін алгебра және нильпотентті алгебра анықтамаларын тауып, конспект дайындау;
- төменде көрсетілген әдебиеттерден жәй, бөлінгіш, шешілетін және нильпотентті алгебраларға мысалдар тауып, конспект дайындау;
- төменде көрсетілген әдебиеттерден жәй, бөлінгіш, шешілетін және нильпотентті алгебралардың негізгі қасиеттерін тауып, конспект дайындау;
- қасиеттерді дәлелдеу;
- дайындалған конспектіні түпнұсқамен тағы бір салыстырып, қате тұстарын дұрыстау;
- дайындалған конспектіні түсінгенше қайталап оқу.
- материалдың түсінбеген тұстары бойынша оқытушыдан кеңес алу үшін сұрақтар дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |