65
бамбук талшықтарын қолдана бастады. Сол жылы Эдисон өз үйін,
шеберханасын, көршілес жатқан көшелерді жарықтандырып, өзінің электр
шамдарын 3 мың адамның назарына ұсынған. Эдисонның шамы жұмыс істеу
уақыты мен өндіру тиімділігі бойынша өте ыңғайлы еді. Бірақ бамбук
талшықтарынан жасалған өзекшелер қымбатқа түскендіктен, Эдисон мақтаны
арнайы тәсілмен өңдеу арқылы өзекшенің тиімді түрін тапқан. Мақтаны ыстық
хлор-цинк ерітіндісіне салып, оны бірте-бірте еріткен. Пайда болған ерітіндіні
насостың көмегімен қоюландырып, жіңішке түтікше арқылы спирті бар ыдысқа
сыққан. Осы процессте ол жіңішке жіпке айналып, барабанға оралған. Пайда
болған өзекше хлор-цинк ерітіндісінен айырылып, құрғатылып, v-типті
формаларға кесіп, пеште күйдірген. Осыдан кейін өзекшенің үстін көмір
ұнтағының жіңішке қабатымен жалатқан. Бұны ұйымдастыру үшін өзекшені
жарық бергіш газы бар қалпақшаның ішіне орнатып, одан тоқ көзін өткізген.
Өзекшеден тоқ өткендіктен, газ бөлшектеніп, оның үстінде көміртегінің жұқа
қабаты түзілген. Осындай қиын операциялардан кейін пайдаға асар өзекше
жарық көрген. Электр шамды жасау да оңай іс емес. Эдисон шамының орташа
жұмыс істеу уақыты 800-1000 сағатты құрайтын.
Достарыңызбен бөлісу: