62
B) Ырым
C) Наным
D) Сый
E) Дәстүр
6. «Иткөйлек» ырымының туу себебі
A) Халықтың сеніміне орай
B) Ит асырағандықтан
C) Баланы қырқынан шығаруға орай
D) Ит көп таралғандықтан
E) Иткөйлек ақ болғандықтан
Мәтін №3
1.Сәлемдесу – амандық білісудегі әдеп жолы.
Халқымыздың сәлемдесу
әдебі ғасырлар бойы қалыптасқан. Адамдардың бір-бірімен амандық сұрасып,
сәлемдесуі игі іс болып саналады. Сәлемдесу адамдардың жас ерекшелігіне,
жынысына, байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы, үлкен адам мен жасы
кіші
адамның сәлемдесуі, аттылы мен жаяудың сәлемдесуі, ер
мен әйелдің
сәлемдесуі, келіндердің ата-енеге сәлем беруі.
2.Сәлемдесудің көп түрінің бірі – алыс жолдан келген жолаушы немесе
сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына, белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем
беруі. Қазақта «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді»
деп жөн білетін үлкендердің өзі барып сәлемдесетін де жол бар. Ал келесі түрі
– келіндердің сәлем салуы. Сыйлы ата-ене, қайын ағаларына кездескенде, көріп
қалғанда келіні оларға иіліп сәлем қылады. Келіннің сәлем салуы әдептілік пен
сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады.
3.Сәлемдесудің тағы бір түрі – құрдас, құрбылас ер кісілердің сәлемдесуі.
Олар бір-бірін
көре қалғанда қол беріп, ал көптен көріспеген достар
құшақтасып, төс қағыстырып сәлемдеседі. Жасы үлкен адаммен сәлемдескенде
жасы кішілер жағы аттан, көліктен түсіп барып және әрқашан қос қолын беріп
амандасады.
4.Төрге
отырғызу – қазақ халқының күнделікті тұрмысында қадірлі,
сыйлы қонақты, қарт кісілерді құрметтеу әдебі.
Халқымыздың тіршілігінде
төрдің маңызы зор. Төрге отырғызу сыйлауды, құрметтеуді білдіреді.
5.Төрге отырғызу бірнеше жағдайларда орындалады. Біріншісі, күнделікті
күйбең тіршілікте төрге қария кісі немесе үйдің иесі отырады. Екінші жағдайда,
той-жиындарда төрге ақсақалдар не болмаса жас ерекшелігіне қарай үлкен
ағалар немесе қызметі жоғары кісілер орын алады. Ал үшіншісі, үйге қонақ
келген жағдайда төрге міндетті түрде қонақ отырады.Төрге отырғызудың тағы
бір түрі – күнделікті тұрмыста бойжеткен қызды
немесе төркініне келген
қыздарды аяқ жаққа отырғызбай, төрге шығарады. «Төрге шықпаған қыз –
төркінін кедейлетеді» деген сенім бар.
Достарыңызбен бөлісу: