Семинар топтамасы



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#6101
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

www.45minut.kz

Ұстаздарға арналған басылым редакциясы

«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» 

АҚПАРАТТЫҚ ҒЫЛЫМИ

 ПРАКТИКАЛЫҚ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

СЕМИНАР ТОПТАМАСЫ

Алматы, 2016

1  


УДК 37.0 (063)

Б 94 

«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ақпараттық ғылыми 

практикалық  республикалық семинар топтамасы

  /Редактор І. Б. Нағиев. – 

Алматы, 2016. – 95 б.

Б 94 

ISBN  978-601-7579-36-4

Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге

жағдай   жасайтын,   үйлесімді   дамытуға   бағытталған   білім   беру   көзделіп   отыр.   Білім

мекемелерінде үш тілді оқыту жүйесі, бірыңғай мектеп формасы, 12 жылдық білім беру

стандарттары   тақырыптарын   дөңгелек   үстел   форматында   ұстаз,   ата-ана   арасында

түсіндіріп,   пікірлесу   қазіргі   заман   талабы   қажет   ететін   маңыздылығы   бар.

2014 жылдан бастап елімізде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін» мемлекеттік

әлеуметтік бағдарламасы жұмыс істеп келе жатыр. Бағдарламаның мақсаты — халқы

тығыз   орналасқан   еліміздің   оңтүстік   аймақтарындағы   (Алматы,   Оңтүстік   Қазақстан,

Жамбыл,   Қызылорда,   Маңғыстау   облыстары)   жастарды   кадр   жетіспеушілігін   бастан

кешіріп   отырған   Қазақстанның   шығыс,   солтүстік   және   орталық   өңірлерінде   оқытып,

жұмысқа орналастыру болып табылады.

Осы   тақырыптарды   кеңінен   насихаттау   үшін   білім   беру   мекемелерінде   «БІЛІМ

БОЛАШАҚҚА   БАСТАР   ЖОЛ»   тақырыбында   ақпараттық   ғылыми   практикалық

республикалық семинар ұйымдастырылды.     

УДК 37.0 (063)

ISBN  978-601-7579-36-4

© Нагиев И.Б., 2016

2  


«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» 

ақпараттық ғылыми практикалық 

республикалық семинар

Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге жағдай жасайтын,

үйлесімді   дамытуға   бағытталған   білім   беру   көзделіп   отыр.   Білім   мекемелерінде   үш   тілді   оқыту   жүйесі,

бірыңғай мектеп формасы, 12 жылдық білім беру стандарттары тақырыптарын дөңгелек үстел форматында

ұстаз,   ата-ана   арасында   түсіндіріп,   пікірлесу   қазіргі   заман   талабы   қажет   ететін   маңыздылығы   бар.

2014   жылдан   бастап   елімізде   «Мәңгілік   ел   жастары-индустрияға!»-   «Серпін»   мемлекеттік   әлеуметтік

бағдарламасы жұмыс істеп келе жатыр. Бағдарламаның мақсаты — халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік

аймақтарындағы (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарды кадр

жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып,

жұмысқа орналастыру болып табылады.

Осы тақырыптарды кеңінен насихаттау үшін білім беру мекемелерінде «БІЛІМ  БОЛАШАҚҚА БАСТАР

ЖОЛ» тақырыбында ақпараттық ғылыми практикалық республикалық семинар ұйымдастырылды.



Өткізілетін күні: 26.11.2016 жыл.

Өткізілетін орны: Түркістан қаласы, Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназия

СЕМИНАР ЖАЛПЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ұйымдастырушы: «Серпін» әлеуметтік даму ұлттық қоры» қоғамдық қоры (Астана қаласы)

Ақпараттық қолдаушы: Matritca.kz ақпараттық порталы, Республикалық 45minut.kz басылымы, 

Республикалық Серпіліс газеті



Өткізілетін қалалар: Алматы қаласы, Тараз қаласы, Шымкент қаласы, Түркістан қаласы, Қызылорда қаласы, 

Ақтөбе қаласы, Орал қаласы, Атырау қаласы, Өскемен қаласы. Қостанай облысы

Қорытынды семинар – Астана қаласында өткізіледі.

Семинар бағдарламасы  аясында  білім  мекемелерінің  көрмесі  ұйымдастырылып,  семинар қатысушылары

және Интернет қолданушылар онлайн түрде  http://www.45minut.kz  (Күнделікті 40 мыңнан астам қолданушы)

арқылы Республика ұстаздарына ұсынылады.

Семинар   аясында   Ұстаздардың   кәсібилігі   мен   шығармашылық   тәжірибесі   материалдары   Республика

көлемінде тарату үшін Республикалық 45minut.kz баспа редакциясы тарапынан құрастырылып, топтама ретінде

баспадан   шығарылады.   Қатысушыларға   және   топтамаға   енген   ұстаздарға   қатысушы   сертификаты   тегін

беріледі. Семинар жұмысы пленарлық және секциялық бөлімдер бойынша өткізіледі. Пленарлық мәжіліс білім

мекемесінің АКТ залында өткізіледі. Секциялық мәжіліс сыныптарда өткізіледі.

1. Ұйымдастыру





Іс-шара мазмұны

Уақыты

Жауаптылар

1.

Қонақтарды қарсы алу. Тіркеу.



8:30-9:00

Мектеп әкімшілігі

2.

Семинардың ашылуы.



9.00-9.15

ҚББ әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Ү. Батырбекова

№9 Некрасов атындағы мектеп-гимназия директоры

 Ж.А Орынбаева

2. Негізгі бөлім

№ уақы

ты

Мұғалімнің

 аты-жөні

пәні

Сыны

бы

каб

Сабақтың тақырыбы

Сабақ түрі

1.

9.20-



10.05

Г.Т.Өскенбаева 

Қазақ 

әдебиеті


8 «Д»

№6

Майлықожа 



Сұлтанқожаұлы 

«Ілімге толса көкірек» 

толғауы

Ізденіс сабақ



М.А.Жукова 

Рус. 


литер

10 «Г»


№7

«Чтоб душа жива 

была» 

Урок - поиск



С.Ш.Атаханова 

Англ.яз


1 «З»

№1

1



«My colorful toys»

Урок  


соревнование

Г.П.Турганбаева 

История 

11 «Д»


№1

2

«Новая экономическая 



политика 1921-1925 гг»

Комбинированны

й урок

Н.Р.Шимпулатова 



Географ

ия

10 «В»



№1

0

«Религиозный состав 



населения мира»

Комбинированны

й урок

3  


2.

10.05-10.25 «Дарынды оқушылардың шығармашылық» көрмесі  А.Алёхина, Ж.Куббосынова 

3.

10.30


-

11.15


М.И.Жумадуллаева

Математ


ика

11 «Д»


№1

1

«Решение 



иррациональных 

уравнений»

 Урок - 

обобщение

К.Н. Расулов 

Физика


9 «Е»

№1

0



«Колебательное 

движение»

Комбинированны

й урок


А.С.Бижанова 

Биологи


я

10 «Ж»


№9

«Вирус СПИДа 

особенности строения 

и процессов 

жизнедеятельности»

Комбинированны

й урок

В.С.Абдураимова 



Өзін-өзі 

тану


5 «А»

№1

2



«Отбасы жарастығы"

Аралас  сабақ

4.

11.15-11.30  «Мұғалімдердің  шығармашылық» көрмесі   М.Сәулебаева 



5.

11.30


-

12:15


Шеберлік сабағы

Мұғалімнің  аты-жөні

Тақырыбы 

кабинет

Г.Т.Халилова, Т.Л.Попова, 

А.Н.Сырлыбаева 

«Интерактивные объединение сообщества в 

образовательном процессе».

№7 


А.Ж.Сайдуллаева , А.Т.Бейсекова

 В.М. Батыркулова



 «Оқушыларды диалог арқылы сын 

тұрғысынан ойландыру» 

№11 

Г.О. Божбанбаева, А.Д.Неметова, 



В.А.Герасимова 

 «Эффективные приемы используемые на 

уроках в начальной школе»

№8 

Г.М.Муратова, Б.К.Сабден, 



Ж.И.Молданова 

 «Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі 

жоспарланған мақсатқа  жету нәтижесі»

№6 

З.Б.Ертаева, Н.С.Қалтаева 



 «Компетенция – учителя – успешный 

ученик»


№ 10

Л.М.Кубанова,   О.С.Аллашова, 

О.А.Бекенова 

 «Развитие функциональной грамотности 

учащихся через  критическое мышление»

№12 

6.

12:15-12:35   Үзіліс. 



7.

12:40


-

13:25


Сыныптан тыс іс-шаралар

К.Ережепова,  Ш.Абдуллаева  

Б.К.Омар, М.Ш. Валиева 

Интеллектуалды 

ойын

2-3 


сыныптар

№7 


«Білім – 

болашаққа бастар 

жол» 

Г.Еділбаева,  



Б.Б.Рахматуллаева 

Д.Балтабаева 

Литературный 

вечер


9-11

Акт 


залы

Шекспериада. 

Пьеса Шекспира 

«Сон в летнюю 

ночь»

Г.А. Михайлина,  



Р.Х.Мухашева, Ш.К.Тайтенова,

Н.С. Ибадуллаева

Пресс-

конференция



10,11 

сыныптар


 №6

“Годы, равные 

векам, эпоха, 

равная 


столетиям”  

(25-летие 

Независимости 

Казахстана)

8.

Концерттік бағдарлама

Акт залы

С.К.Жорықбаева, Г.М.Наурызбаева, 

А.Сұлтанбекова

ІІІ Қорытынды 

9.

Семинарды  қорытындылау



Түркістан қалалық «Шаугар» шағын ауданының Нұр Отан партиясы бастауыш партия ұйымының 

төрағасы 

 Ғ. А. Сарсенбаев

ҚББ әдістемелік кабинет меңгерушісі  А.Ү. Батырбекова

«БІЛІМ- БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» баяндама  Республикалық «45minut.kz» басылымы,  

Республикалық «Серпіліс» газетінің  редакторы  І.Б. Нағиев 

Некрасов атындағы  №9 мектеп-гимназия басшысы Ж.А.Орынбаева

10

Марапаттау. 



4  

ТАҒЛЫМЫ МОЛ БІЛІМ ОРДАСЫ

(Тарихи деректер мен мәліметтер  ардагер ұстаздардан алынды)

“Адамның   еркі   мен   еңбегі,   Тудырар   небір   кереметтерді”   деп,   орыстың   көрнекті   ақыны   Н.А.Некрасов

жырлағандай,  тарихы терең шежірелі, тағылымы мол білім ордасы Түркістан қаласындағы  Н.А.Некрасов атын

иеленген №9  мектеп-гимназиясы  аудан бойынша тұңғыш рет “гимназия статусын” алған білім ошағы.

Елбасы   Н.Ә.Назарбаевтың   Қазақстан   халықтарына   арнаған   “Жаңа   әлемдегі   жаңа   Қазақстан”   атты

Жолдауында осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау “парасатты   экономиканың” негізі екендігі,

сондықтан әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуіміздің қажеттілігі ерекше

аталып өтілді.

Білім   –   адамзаттың   терең   және   үйлесімді   дамуын   бекітетін   құралдардың   бірі,   прогресстің,   әлеуметтік

тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Осыған орай бұрынғы мәдени тәжірибені жеткізуге

бағытталған,   үлгі   бойынша   оқытатын     репродуктивті,   жеке   адамның   қызығушылықтарынан   мемлекеттік

мүддені жоғары қоятын білімнен адамның өзін танымның   биік баспалдақтарына қарай жетектеп отыратын

“өмір бойы” алатын білімге бағытталу жүзеге асырылуда.

Осы ретте  “Миуалы ағашқа барлығы да қарайды”  дегендей, Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның

осы уақытқа дейін жүріп өткен баспалдақтары айшықты. Аталар сөзімен  өсіп-өніп, бабалар бұлағынан нәр

алып,   даналар өсиетінен тәрбие алып, Ұлылар   тәрбиесіне тағзым ете отырып “Өзіңді өзің танысаң – істің

басы” дегендей, шежірелі мектептің соны тарихына шолу жасасақ.

Мектептің өткен тарихына көз жүгіртсек, оқыту тілі орыс тіліндегі мектеп өмірі 1899 жылдан  бастау алады.

№73 мектептің ең алғашқы   директоры болып М.М.Ауштоль қызмет атқарған. Мектептің білім беру жүйесі

патшалық   Ресейдің   түзген   оқу     жоспарымен   жүргізілген.   Осы   №73   мектептің   тұңғыш   бітіруші   түлектері

мектепті 1908ж. тәмамдаған. Өкінішке орай, осы жылдардағы оқыған оқушылар, түлектер, ұстаздар туралы

мәліметтер жоқтың қасы. Белгілі деректерге сүйенсек,   қиын- қыстау   кезеңдерде мектеп уақытша қызметін

тоқтатып, ХХ ғасырдың 20 жылында қазан революциясынан кейін қайта құрылып қызметін жалғастырды.

1911   жылғы   есептік   ведомосында:   ”Мектеп   тастан   қаланған   ғимаратта   орналасқан,   бөлмелері   тар”   деп

көрсетілген.   Сол   кезеңде   мектепте   Түркістан     станциясының   тұрғындары   мен   теміржол   қызметкерлерінің

балалары оқып,  жеті жылдық білім алған.  

1939 ж. білім ордасының ғимаратын кеңейту мақсатында директор Бодуновтың басқаруымен мектеп үлкен

әрі  жарық  жаңа ғимаратқа көшіріледі. 

1941ж.   мектепті   қатарынан   екі   сынып   оқушылары   бітіреді,   сынып   жетекшілері   Г.М.Григорьев   пен

Р.Увайская  болған  еді. Бұғанасы  қатпаған  бітіруші  түлектер   мұғалімдерімен  қатар  өз  еріктерімен  Отанын

қорғау үшін қан майданға аттанады. Бұл қатал тағдыр ҰОС кезіндегі миллиондаған адамдардың тағдыры еді.

Соғыс өрті шалмаған шаңырақ некен-саяқ. Талай шаңырақ шайқалды, қыршын өмір от жалында қиылды, ұрпақ

сабақтастығы   үзілді,   түтін   түтемей,     күл   шашылмай   қалды.   Соғыстың   зардабы   талай   отбасыларды   аяусыз

шарпып өтеді, жауынгерлердің біразы кемтар болып оралса, кейбіреуі соғыста жан тапсырады,   кейбіреулері

ізім-қайым жоқ болып майданнан хабар-ошарсыз кетіп  оралмайды.

1941-1945ж. аралығында ҰОС болуына байланысты мектеп-интернат   госпиталға (ауруханаға) айналады.

Сұрапыл соғыста жараланып қансыраған жауынгерлерді осы аталған госпиталға жеткізіп, емдейді. Осындай тар

жол, тайғақ кешу ауыр кезеңдерде   мектеп қызметкерлері күн-түн демей, оқу-тәрбие жұмысын тоқтатпады.

Мұғалімдер күндіз бала оқытумен айналысса, түнде, мектептен тыс уақытта дәрігерлермен қатар  госпиталда

кезекшілік атқаратын.  Бұл – ешуақытта ұмытылмайтын естелік жазбалар.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда мектепті Вартанян басқарады. Оқулық тапшылығына қарамастан,

Г.И.Зайцева, Г.О.Проценко, Ч.В.Тюгай, Э.Е.Брюнелли, Т.Перметова, Е.И.Павлова сынды мұғалімдер мектеп

өмірінің кемелденуіне өз үлестерін қосады. Бір кезде жартылай панасыз балаларға да арналып ашылған мектеп-

интернат өз жұмысын  тоқтатпайды.

1960ж.   Ч.В.Тюгай   мектеп   басшысы   болып   тағайындалады.   Директордың   орынбасары   Зайцева   Глафира

Ильинична мұғалімдерді басқарып қарымды еңбек етеді. Аудан бойынша үздік мектеп атанады. Өнерге баулу

мақсатында сан түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Мектептің бау-бақшасы ерекше құлпырып, өз ырзық-несібесін

береді.               

1967ж.  3 қараша   күні  қан  майданнан    оралмаған   мектеп  оқушылары   мен   жергілікті  тұрғындарға   арнап

директор   Ч.В.Тюгайдың   басшылығымен   мектеп   ауласына   “Аза   тұтқан   ана”атты   ескерткіш   тақтасы   тастан

қашалып (соғысқа аттанған жауынгерлер тізімі жазылған) қойылады, оның авторы бейнелеу өнер пәні мұғалімі

В.А.Исмаилов еді. “Өзім дегенде, өгіздей қара күшім бар”дегендей, Шмарин, Чудин, Баратов, Пашинин сынды

т.б. 10-шы сынып оқушылары ескерткішті шын ықыластарымен   тастан қашап өз күштерімен орнатады. Сол

заманның   белсенді   жастары   ХХІ   ғасыр   ұрпақтарына   өз   “Үндеу-хаттарын”   арнайы   жазып   тастан   қашалған

ескерткішке қалдырады. Содан бері “Аза тұтқан ана” ескерткіші маңызын жойған емес. Әрдайым салтанатты

жиындарда   ҰОС   қаза   болған   жауынгерлердің   ерліктерін   естеріне   түсіріп,   “Ешкім   де,   еш   нәрсе   де   ұмыт

қалмайды”деп,  оқушылар құрмет көрсетіп  ескерткішті гүл шоғырларымен көмкереді. Отанымызды қорғаған

сол кездегі батырларды әрдайым еске алады. Бұл үрдіс мектепте дәстүрге айналған. 

5  


 “Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді” дегендей, 2017 жылы 20 сәуірде орын алатын тарихи сәтті 1967

жылғы мектепті  бітіріп кеткен түлектер мен мектеп ұжымы   тағатсыздана   күтуде.  50 жыл сарыла  күткен

сарғайған   қазыналы   рухани көмбе, яғни “Үндеухаттың” мәтіні “Аза тұтқан ана”атты ескерткіші   маңында

жария болмақ. Ұрпақтар сабақтастығының  қауышуы  деген осы болар, бәлкім.

Жылнамалар бойынша  Некрасов атындағы мектеп нөмірлері №73,  №387, №20, №9  болып бірнеше атаумен

өзгереді.   Ұзақ   мерзімде   мектеп   №20,   содан   кейін   №387   болып   өзгеріп,   1975   жылдан   бастап     №9   болып

тұрақталады.

Мектепті Ли Анатолия Хоянов басқарған кезде материалды-техникалық база құрылады.

Директор  С.И.     Филимонова   басшылығымен   мектеп   пен   РМЗ  зауыты   серіктес   болып,   оқушылар   еңбек

практикасын зауыт цехтарында өткізген.

Мектеп   директоры   Коробкова   Ольга   Николайқызы   болған   тұста   мектепішілік   патриоттық   тәрбиеге   мән

беріліп, мектепте “Отан” тобы құрылған. 

1993ж.   Некрасов   атындағы   №9   жалпы   орта   мектепке   Керн   Светлана   Николаевна   директор   болып

тағайындалған еді. Қиын өтпелі кезеңде мектепті қаладағы ең үздік мектептер қатарына қоса білді, мектеп

бірінші рет жаңа оқу жылына дайындық бойынша қалалық байқаулардың жеңімпазы атанды. Ол сапалы білім

беру бойынша үлкен практикалық тәжірибе алаңында іс атқарып мектепті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейге

көтереді. Модульді оқыту, Вальдорф мектебі,  Селевко бойынша дамыта оқыту секілді жаңа технологияларды

оқу  үрдісіне  енгізді. 

1993 жылы білім бөлімінің басшысы Г.Зияйдинованың бұйрығымен орыс тілді оқыту мектебінде   қазақ

бөлімі ашылды. Тұңғыш рет ашылған қазақ бөлімінің 1-сынып жетекшісі Несіпкүл Мейманханқызы  Утебаева

(мақала авторы)   болып бекітілген еді.               С.Н.Керн Некрасов атындағы №9 мектеп- гимназияны 17жыл

көлемінде   ҚР-ның заңына, мектеп жарғысына сәйкес   басқарады. Мектептің материалдық базасын нығайту

үшін   тынымсыз   еңбектенді.   1993   жылы     “Гимназия   статусын”   алу   үшін   мектеп   тәжірибелік   алаң   болып

табылады.

1996ж. 20 сәуірде Некрасов атындағы №9 жалпы орта мектепке “ағылшын – математика”   бағытындағы

гимназия   статусы   берілді.   Жұмыстың   тиімділігі   білім   сапасының   көтерілуінен   байқалды,   ҰБТ   нәтижесі

бойынша   мектеп-гимназия   қаладағы   ең   үздік   бес   мектеп   қатарына   енді.   Мектептің   дамуы   мен   “гимназия

статусын” алуына мектеп директоры С.Н.Керн, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары “ҚазССР ағарту

ісінің  үздігі”   Алехина   Валентина   Демьяновна(40ж.  еңбек  еткен)  басшылық   еткен  педагогикалық   ұжымның

еңбегі   орасан   зор   болды.   Жаңа   деңгейдегі   мектепті   құру   идеясын   Виктор   Измаилов   ұсынған   еді.   Идеяны

жүзеге  асырған  жоғары   білікті  мұғалімдер:   Мамешова  Р.Г.,    Логинова  Л.С.,  Попова  Т.Л.,  Смирнова   Н.М.,

Ильина Л.К., Утебаева Н.М., Халилова Г.Т., Раджапова М.И., Примжанова Т.М., Спирина Н.П., Миржикбаева

М.К., Миржикбаева И.К., Никитина М.В., Михайлина Г.А., Сулейманова Б.Х., Атчабарова А., Косанова М.М.,

Шешина В.И., Касымова Ж.Ә. , Бұлдырықова Б. т.б.

Іскер   басшы   жұмысын     атқаруда   педұжымда   ізгілік,   сенімділік,   жауапкершілік   қасиеттерін     ұстану

барысында   жоғары   білікті   кадрлар   жинап,   оқушылар   саны   арта   түсті.   Оқу   кабинеттері   жетіспеушіліктен,

заманауи  мектеп талабына сай  мектепке қосымша  ғимарат, асхана, акт  залын салу үшін бірнеше рет ҚББ,

ОББД, қала әкімшілігіне, депутаттарға өтініш білдірді. 

Болашақ   ұрпақты   және   жас   мамандарды   оқыту   мен   тәрбиелеуде   үлкен   жетістіктер   көрсеткені   үшін:

“Қазақстан   Республикасының   білім   беру   үздігі”,   “Ы.Алтынсарин”,   ”Кәсіподақ   мүшесінің   төсбелгілерімен,

Қазақстан Республикасының  Білім Беру Министрлігінің, Мәдениет және денсаулықты сақтау Министрлігінің,

ҚББ,  ОББД, қалалық әкімшіліктің, қалалық кәсіподақ ұйымының Мақтау грамоталарымен марапатталған.Іскер

басшыға   Санкт-Питербург   психология   академиясының   “Еңбегі   сіңген   педагог–психолог”   құрметті   атағы,

“Өзгермелі   әлемдегі   мектептің   орны”   сертификаты   Шымкент   қаласы   2001ж,   “Тиімді   мектеп”   Қазақстан

Республикасының сертификаты берілді.

Керн Светлана Николаевна білім беру мен тәрбиелеу майданындағы барлық марапаттаулар мен атақ-даңқты

атқарған еңбегінің өлшемімен, шеберлігімен, педагогикалық іскерлігімен айқындады.

2010   жылы   әр   түрлі   ұлт   өкілдерінен   құралған   ынтымағы   жарасқан   ұжымға   мектеп   директоры   болып

Ж.Ә.Орынбаева тағайындалды.   Ол 2011ж. “Үздік менеджер” облыстық байқауына қатысып, ең жас мектеп

басшысы   ретінде   танылады.   Осы   жылы   мектеп-гимназия   базасында   “Славян   орталығы”   ашылды.     Қала

бойынша Славян орталығы филиалының директоры А.Н.Пудовкина күні бүгінге дейін қызметін жалғастыруда.

Мектеп директоры жаңа білім мазмұнын меңгерудің функционалдық-семантикалық және коммуникативтік

әрекеттік аспектілерін күшейтудің жолдарын қарастырып, бұл инновациялық үрдісті мектепке батыл енгізді.

Ж.Ә.Орынбаева – шығармашыл директор – зиялы, рухани бай, жаңашыл, еркін, ізгілікті, азаматтық белсенді,

бәсекеге төтеп беретін, өз кәсібін жетік меңгерген, озық технологияларды игерудің нағыз майталманы.

Мектептің   материалды-техникалық   базасы   нығайып,   қысқа   мерзімде   заманауи   жаңа   үлгі   бойынша

жабдықталған 300 орындық ғимарат, акт залы, асхана салынды. Осы бой көтерген қосымша мектеп жанынан

шағын бала-бақша орталығы ашылды.   Бүгінде мектеп ұжымы және қаламыздың тұрғындары осы салынған

нысананың игілігін көруде. Мектеп басшысы қазіргі педагогикалық технологиялар және білім сапасын арттыру

үшін білімін жетілдіргісі келген мұғалімдер мен оқушыларға қолдау көрсетіп мүмкіндік жасайды. Осы тұрғыда

6  


оқушылар   қалалық,   облыстық   пән   олимпиадаларынан   жүлделі   орындарды   иеленіп,   халықаралық   және

республикалық байқауларға қатысты.

Мектеп   тарихында   әрбір   оқу   жылы   бойынша   әрдайым   “Алтын   белгі”   иегерлері   шығып   отырған.   Адам

өмірінің “алтын бесігі” – мектептің тыныс-тіршілігі осылай жалғаса бермек.

 2014жылы “Жаңа заман талабы –жаңашыл басшы”атты мектеп басшыларының қалалық сайысынан  мектеп

–гимназия директоры Ж.Ә.Орынбаева жүлделі  орын алды.

2014ж.Республикалық деңгейде іскер-басшы ретінде мектеп директоры Орынбаева Жаңыл Әнішқызы Ы.

Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды. 

Директордың   оқу   ісі   жөніндегі   орынбасарлары   Г.М.Муратова,   Г.Т.Халилова,   Г.А.Михайлина,

Г.О.Божбанбаева,   А.Ж.   Сайдуллаева   және   тәрбие   ісі     жөніндегі   орынбасарлары   С.К.Жорықбаева,

Г.М.Наурызбаевалардың   ұйымдастыруымен   әртүрлі   тақырыпта   облыстық,   қалалық   семинарлар   әрдайым

жоғары деңгейде өткізілуде. Олар өздеріне жүктелген тапсырмаларды дер кезінде жауапкершілікпен атқарады.

Міндетке алған  республикалық, облыстық, қалалық семинарлардың бағдарламасын дайындау, түзу,  бекітуді

қолға   алып,   ашық   сабақтар   өтетін   мұғалімдерге   әрдайым   әдістемелік   көмектерін     береді.   Оқу   ісінің

орынбасарларының     әрқайсысының   өзіндік   жолдары   бар.   Біріншіден   ұстаздар   -   жас   мұғалімдерге   білгенін

үйрететін   әріптестер,   екіншіден   білімнің   кілтін   балаға   ұстата   білетін   мұғалімдер,   үшіншіден   ұжымды

басқаратын білікті директордың орынбасарлары.   

Ұзақ жылғы білім мен тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан білім ордасы есімдері көпке

танымал азаматтарды, ғылым мен өнер жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін тәрбиелеп шығарды.

Мектеп түлектері әлемнің әр түкпірінде еңбек етіп, өмір сүруде. Олар ешқашан мектепті ұмытқан емес. Әр

жылы 25 мамыр күні шәкірттік әдепті сақтай отырып мектепке келіп “Аза тұтқан ана”ескерткішіне тағзым етіп,

гүл шоқтарын қояды. Балалық шақтарын еске түсіріп ұстаздарымен қауышып алтын ұя мектептеріне деген

сағыныштарын басады. 

Тарихы   терең,   тағылымы   мол,   есімі   мәңгілік   өшпейтін   мектептің   қабырғасынан   білім   алған   бітіруші

түлектер елімізде жасампаз еңбектерімен танымал тұлғалар қатарына еніп қоғамымызда кірпіш болып қаланды,

оларды   мақтанышпен     атайтын   болсақ,   ҚР   халық   әртісі   –Лаки   Кес-Оглу,   ҚР-ның   Венгриядағы   елшісі   –

Н.Т.Рустемов., ҚР-ның Елбасы грантының иегері қобызшы А.Ж.Тәжібаева, ҚР Ұлттық зерттеу  институтының

директоры Б.Ж. Нурмухамедов, ҚР белгілі танымал психолог – А.А.Мухамеджанов, Түркістан   қаласындағы

педагогика   саласына   еңбегі   сіңген   ұстаз   –   Ф.А.Рысбекова,     Қалалық   білім   саласында   толымды   еңбек   етіп

жүрген – З.А.Мухамеджанов, Г.Н.Макашева, ҚР “Білім беру” орталығының төрағасы – Р.С.Алимкулов, Ішкі

саясат   бөлімі   “Жастар   орталығының”   директоры   –   А.С.   Байжанов,   Ұлттық   банк   төрағасының   кеңесшісі   –

О.Құдайбергенов, Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы – Б.К.Бөкебаев т.б.

Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның Стратегиясы: “Тұлғаның қабілеттілігінің құрылымы - өзін-өзі

дамытуы,   өзін   -өзі   талдау   жасауы,   өздігінше   шешім   қабылдауы   және   өзін-өзі   жетілдіру   жолындағы   жеке

тұлғаның қабілеттілігінің құрылымы.” Миссиясы: “Заманауи  технологиялардың және педагогикалық қарым-

қатынастың   негізінде   әлеуметтік   –экономикалық   жағдайларға   бейімделуге   қабілетті   және   функционалдық

сауатты   жеке   тұлғаны   даярлау.”Сапалы   білім   бәсекелестікке   қабілетті   қоғам   құрудың   негізі”   тақырыбы

бойынша жұмыс істейді. Бүгінгі таңда мектепте нені және қалай оқыту керек мәселесі қойылған. Дамыта  оқыту

технологиясы өзінің “жақын дамыту аймағымен” ерекшеленеді. Осы технологиямен Филатова Г.М., Попова

Т.Л., Ильина Л.К., Бейсекова А., Нарымбетова Ш.И., Батырова Г.А., Ережепова Қ., Раджапова М.И., Кузягулова

С.С.,Халжан-хожа   С.А.,   Утебаева   Н.,   Смирнова   Н.М.,   Прима   Т.Л.т.б.   жұмыс   жасаған.     Деңгейлеп   оқыту

технологиясы   бойынша   жұмыс   атқаратын   мұғалімдер,   Жукова   М.А.,   Мухашева     Р.Х.,   Дадашева   Н.А.,

Кеутешова   Ж.,   Загидуллин   Н.Р.,   Курлысбаев   А.Б.,   Турсунбаева   З.И.   Ұжымдық   өз   ара   іс-қимыл

технологиясымен   Косанова   М.Б.,   Байгазиева   Ж.,Джумашева   Н.Р.,     Матвиенко   О.В.,   Атаханова   М.Д.,

Миржикбаева И.К., Никитина М.В., Ибраев М.Х. т.б. жұмыс атқарған болатын.

Өзгеше қайталанбас тұлға дамытуына  бағдарланған жаңашыл тәсілдерді  Тасманова А., Бұлдырықова Б.,

Рахматуллаева   Б.Б.,  Куланова   Н.А.,  Эрметова  М.Т.,  Исраилова   Г.Р.,  Абдуллаев  Р.З. сынды  мұғалімдер     өз

жұмысында пайдаланады. 

2000-2001оқу жылы бойынша Білім беру Министрлігінің бұйрығы бойынша Некрасов атындағы №9 мектеп

–   гимназия   базасында,   М.Жанпеисованың   модулді   оқыту   технологиясы   бойынша   апробация   басталды.

Тәжірибе алаңы үш жылға есепке алынған.

Қазақстандық модулді  оқыту моделі бойынша өзінің озат тәжірибесін қалалық және облыстық деңгейде

келесі   мұғалімдер   таратты:   ПудовкинаА.Н.,     Жукова   М.В.,   Сулейманова   Б.Х.,Абдиева   Ф.,Косанова   М.Б.,

Джумашева Н.Р., Казурова А.К.

“Өзінің уақытын аямай, өзгенің  бақытын аялап” жүрген мұғалімдеріміз тоқтамай үздіксіз, толассыз еңбек

етуде.   Атап   айтсақ,   Н.Р.Загидуллин,   С.Кузягулова,       М.И.Раджапова,   М.Т.Ильясова,     М.   Оразбаева,   Ж.Ж.

Байгазиева, У.Исабекова, Э.Баратов, Ә.Ж.Құлжаев, Ж.Асанова, А.Б. Курласбаев, Р.Абдуллаев, И.Кононенко,

М.Ибраев,   О.В.Матвиенко,   Г.Турганбаева,   А.Сұлтанбекова,   Н.Куланова,   Л.К.Ильина,   Ж.Баймен,

Ж.Маханбетжанова,   Ж.Кеутешова,   А.Шаметова,   Ж.Атабалаева,   М.А.Жукова,   А.Ш.   Туктибаева   (менеджер),

Г.Балабаева (кітапханашы),   М.Саулебаева  (социолог) т.б.

7  


Мектеп   Білім   беру   Министрлігі   ұсынған   барлық   жобаларға   қатысады.ПШО   Кембридж   университетінің

білім беру факультетімен бірігіп білім беруде әлемдік тәжірибе арқылы бағдарлама түзіліп енгізілді.

Ы.Алтынсарин   төсбелгісінің   иегері   мектеп   директоры   Орынбаева   Ж.Ә.   деңгейлік   курстардан   өткен

мұғалімдерді қолдап, жеті модуль   бағдарламасын енгізу   мақсатында мүмкіндікті назардан қалт жібермеді.

Жаңыл Әнішқызы ҚР жалпы орта білім беру ұйымдарын басқарушылардың біліктілігін көтеру бағдарламасы

бойынша курстан  өтіп  жатқан, үшінші  деңгейді  оқыған  барлық  мұғалімдерді  біріктіруді  ұсынды және  осы

айтылған ауқымды істің жүзеге асырылуын директордың орынбасары Г.Т.Халиловаға жүктеді. “Адам  көркі –

жақсы     іс”   дегендей,   қыруар   атқарылып   жатқан   ісшараның   басы   қасында   жүретін   Г.Т.Халилова   әрдайым

мұғалімдерден әдістемелік көмегін аяған емес.

НПЖҚ командасы (Некрасов желі қоғамдастығы) педагогикалық инновация негізінде құрылды. Мектепте

жоспардың жанданған    құрылымы бойынша қала мектептерінде (№ 9, №12, Шорнақ мектептері) ынталанған

мұғалімдер   қоғамдастық  желісі іс әрекетте жүзеге   асты.Тренинг, коучинг түрде оқыту,    LESSON-STUDY

өткізу,   НПЖҚ   қоғамдастығында   белсенділік   таныту   т.б.жұмыстары   жанданды.   2014ж.   Ибадуллаева   Н.С.

“Мирас”   университетінің   базасында   өткізілген   “Оқытудың   жаңа   тәсілдері”   атты   ағылшын   тілі   пәні

мұғалімдерінің   халықаралық   педагогикалық   конференциясына   қатысты.   Мектепішілік   және   серіктес

мектептерде көптеген  коучинг, Lesson  study,  идея және   нәтижелермен  өзара тәжірибе алмасу өткізілді. 44

адамнан құрылған даму командасы мектепте оқытудың жаңа формаларын енгізу бойынша тер төге еңбектеніп

жүр. Олар мектеп көшбасшылары – мектеп директоры Орынбаева Ж.А. және директордың орынбасарлары-

Халилова Г.Т. Михайлина Г.А., Муратова Г.М., Божбанбаева Г.О., Сайдуллаева А.Ж., С.К.Жорықбаева, Г.М.

Наурызбаева   және   мұғалімдер-   Пудовкина   А.Н.,   Ибадуллаева   Н.С.,   Веркашанцева   К.В.,   Герасимова   В.А.,

Беристемова А., Бижанова А., Неметова А.Д., Попова Т.Л.,Кубанова Л.М., Аллашова О.С., Батырқұлова В. т.б.

Бүгінде №9 мектеп-гимназия  оқытудағы инновациялық өзгерістер алаңына айналды.

 Мектеп базасында: 1.Деңгейлік курсын оқыған мұғалімдермен облыстық кездесу ұйымдастырылып облыс

көлемінде “Педагогикалық шеберхана” конференциясы  өткізілді

2.3-ші деңгей курсын оқыған мұғалімдермен облыстық онлайн – конференциясы өткізілді.

Мәселені жан-жақты қарастыру барысында алынған нәтижелер оны шешудің бір ғана жолы деп есептеп, бұл

бағыттағы   ізденістер   болашақта   жас   мұғалімдерде,   мектеп   басшыларында,   мектеп   ұжымында,   әдістемелік

мекемелер қызметкерлерінде  осы сапаны дамытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету, шығармашылық әлеуетті

диагностикалау құралдары мен көрсеткіштерін   жасау тұрғысында өзінің жалғасын табуы тиіс.

Бүгінгі   таңда   А.Н.Пудовкина,     К.В.Веркашанцева,  Б.Қ.Oмар,   Л.М.Кубанова,   С.А.Халжанхожа,

О.С.Аллашова,   Г.Р.Исраилова       Г.М.Наурызбаева,   Р.А.Бердиярова,     Н.М.  Смирнова,     В.М.   Батыркулова,

А.Т.Бейсекова,   Т.Л.   Попова,   Ф.М.Абдуллаева,   Г.А.   Батырова,   Д.А.   Рапиева,       А.Ш.Абдулханова,

Д.А.Погорелов,   М.М.Атаметова,   Ш.И.Нарымбетова,   М.М.   Шахманова,         М.Д.Талипова,   Ю.В.Костин,

В.А.Герасимова,     С.А.Агаева, 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет