Аэрофототїсіріс негіздері


Аэрофотосуреттердің геометриялық қасиеттері



бет2/6
Дата13.04.2023
өлшемі125 Kb.
#82026
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-1565

2. Аэрофотосуреттердің геометриялық қасиеттері

Әрбір фотосурет проекцияның орталығы арқылы өтетін тура сызықты проекциялық сәулелердің көмегімен құрылатын жер бетінің орталық проекциясы болып саналады. Геометриялық схемадан көрініп тұрғандай жер бетіндегі әрбір нүктенің А, О, В аэросуреттегі кескіні жергілікті жердегі осы нүктелерден шығатын проекциялық сәулелердің аэросуреттің жазықтығымен қиылысуынан, пайда болады. Аэросуреттің жазықтығына перпендикуляр OSo сәулесі аэрофотоаппараттың негізгі сәулесі немесе оптикалық осі болады, ал о нүктесі аэросуреттің негізгі нүктесі деп аталады; аэрофотосуреттегі оның орны суреттегі басылып шығарылған қарама-қарсы координаталық белгілерді қосатын сызықтардың қиылысу нүктесі болады. Себебі әрбір аэросурет жер бетінің орталық проекциясы, ал топографиялық карталардағы жергілікті жердің кескіні — ортогональ проекциясы болып табылады, сондықтан аэросуреттерді топографиялық карталарды жасау үшін қолданғанда бір нүктенің орталық ортогональ проекциясындағы координаталар арасындағы байланысты анықтау қажет.


Аэросуреттің бұрмалануы. Жергілікті жердегі А нүктесі шартты горизонтпен М салыстырғанда салыстырмалы биіктікте орналасқан делік. А0 нүктесі А нүктесінің ортогональ проекциясы, ал ао және а осы нүктелердің Р аэросуретіндегі тиісті орталық проекциялары болады. Бұл жағдайда аа0=бь қашықтығы бұрмалану болады, себебі а нүктесінің аэросуреттегі, яғни А нүктесінің шартты М горизонттан салыстырмалы биіктігі он, болғандығынан пайда болған. Жер бедері әсерінен аэросуреттің бұрмалануы шартты горизонттан теріс салыстырмалы биіктіктегі нүктелер үшін өзінің сипаты және шамасы жағынан таңбалары теріс болып табылады. Тек қана аэросуреттің бір нүктесінде п, яғни тік сызық проекциясы болатын объективтің центрі арқылы өтетін нүктеде, жер бедері әсерінен бұрмалану болмайды, яғни 6һ =0. Суреттен контурды планға немесе картаға түсіргенде нүктелердің орнына жер бедері үшін түзетулер енгізіледі. Түзетулер шамасын суреттің орта деңгей бетімен салыстырғанда, көтерілгенде суреттің негізгі нүктесінің бағытына қарай, ал төмендегенде кері бағытта енгізеді.
Аэросуреттің кескініне аэрофотоаппараттың оптикалық осінің вертикальдан ауытқуы әсерін тигізеді. Горизонталь жазықтықтан бір-біріне тең түзу кесінділер AB=BC=CO=OD алынды делік, ал аэрофотоаппараттың оптикалық осі oSO вертикальдан а бұрышына ауытқыған болсын. Жергілікті жердің осы кесінділері орталық проекцияда аэросурет жазықтығында ah, be, со және od сәйкес кесінділері болып кескінделеді; ал айда олардың өлшемдері бірдей болмайды.
Суреттің бағдарлау элементтері. Аэросуреттер арқылы карта мен планды жасау нүктелердің координаталарын анықтау үшін, тағы да басқа инженерлік есептерді шешу үшін, проекция ортасының кеңістіктегі координаталарын және де фотографиялау кезіндегі сурет жазықтығының орнын білу үшін қажет.
Аэросурет жазықтығының орнын проекциялау центрі арқылы анықтайтын шамалар ішкі бағдарлау элементтері деп аталады. Олар проекция центрінің орнын аэрофотоаппараттың фокустық қашықтығы және аэросуреттің негізгі нүктесінің тікбұрышты координаталар жүйесіндегі қарама-қарсы координаталар белгілерін қосатын түзу сызықтармен пайда болған х0, уо координаталары арқылы анықтайды.
Лабораториялық зерттеуде және АФА-ны жөндеуде жоғары дәлдікпен оның фокустық қашықтығын анықтайды, сонымен қатар хо, уо координаталары миллиметрдің жүздің бірнеше бөлігінен аспайтындай етіліп алынады.
Қабылданған координаталар жүйесінде аэросуреттің кеңістіктегі орнын анықтайтын шамалар сыртқы бағдарлау элементтері деп аталады. Ол: үш ұзындық және үш бұрыштық элементтен тұрады.
Жеке суретке геометриялық талдау жасағанда сыртқы бағдарлау элементтеріне мыналарды жатқызады: xs, ys, фотографиялау нүктесінің координаталары, оның ішінде проекция центрі бар; а—суреттің көлбеулік бұрышы немесе негізгі сәуленің тік сызықтан ауытқу бұрышы; А — негізгі сәуле бағытының диорекциондық бұрышы, яғни X осі мен негізгі сәуленің ХУ жазықтығындағы проекциясы арасындағы бұрыш; р — аэросуреттің іегізгі сәуле төңірегіндегі бұрылу бұрышы, яғни суреттегі негізгі вертикаль мен У осі арасындағы бұрыш.
Аэросуретті сыртқы бағдарлаудың ұзындық элементтері, яғни самолеттің ұшу биіктігі және проекция центрінің пландық координаталары радио биіктік өлшеуіш пен радио қашықтық өлшеуіш жүйелерін қолданып аэрофотографиялау кезінде анықталуы мүмкін. Бағдарлаудың бұрыштық элементтері әдетте белгісіз болады.
Фотографиялау кезінде болған сыртқы бағдарлаудың барлық элементтерін қалпына келтіру, сонымен қатар жергілікті жердің кеңістіктегі дұрыс бағдарланған геометриялық моделін алу стереофотограмметриялық аспаптармен немесе аналитикалық әдіспен жасалынады. Ол үшін координаталары белгілі бірнеше тірек нүктелері болуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет