Аэрофототїсіріс негіздері



бет4/6
Дата13.04.2023
өлшемі125 Kb.
#82026
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-1565

4. Аэросуреттерді дешифрлеу

Аэросуреттерді дешифрлеу оларда бейнеленген объектілерді және жергілікті жердің контурларын картаға түсіру үшін танып, айыра білуден тұрады. Өйткені аэросуреттерде қажетсіз ұсақ-түйектердің және сонымен қатар картаға түсірілуге тиісті көптеген маңызды объектілер: өткелдер, көпірлер, құдықтар, байланыс желілері және т. б. көрінбей қалуы мүмкін. Оның үстіне, аэросуреттер бойынша ағаш жыныстарын, жолдарды, батпақтын өтуге болатын тұстарын, құрылыстардың сипатын және т. б. анықтау тікелей қосымша зерттеуді қажет етеді.


Аэросуреттерді дешифрлеу объектілердің және жер контурларының мазмұны мен сипаты туралы түсінік беретін айқын белгілерге негізделген. Бұл белгілер—бейненің пішіні, көлемдері мен өңі. Аэросуреттерде бейнеленген объектілер мен контурлардың пішіні олардың дешифрлеу кезінде ең бір сенімді белгілері болып табылады. Мысалы, кескіннің пішіні арқылы өзендер мен тауларды оңай табуға болады. Дешифрленетін объектілердің өлшемдері пішінімен қатар аэросуреттердегі кескіндер туралы біздің түсініктерімізді толықтырады және ажыратудың сапасын жоғарылатады. Аэросуреттерде жасанды құрылыстар тікбұрышты жол сияқты созылған сызықтар түрінде кескінделеді, сондықтан оларды дешифрлеу кескінінің өлшемін есепке алғанда едәуір жоғарылайды. Объектілердің суреттегі еңі басқа белгілермен қатар аэросуреттерді айыруға қосымша мүмкіндіктер туғызады, себебі олар түсірілген объектілердің спектральды шағылдырғыштық қабілетін сипаттайды. Суреттің өңі жергілікті жердің топырақ-өсімдік жамылғысын, әсіресе орманды массивтерді танып білу үшін ерекше маңызды.
Суреттерді дешифрлеуді жеңілдетудің қосымша белгілеріне объектілердін көлеңкелері, олардың биіктігі мен өзара байланысы жатады. Көлеңкенің өлшемі және құрылыстың биіктігі туралы тұжырым, оның нақты өлшемі жөнінде түсінік береді. Жолдың өзенмен қиылысқан жері көбінесе көпірдің немесе өткелдің бар екенін көрсетеді.
Аэросуреттерді дешифрлеудің дәлдігін арттыру үшін оларды стереоскоппен қарайды да, кескінделген объектілердің ұзындық өлшемдерін өлшейді.
Аэросуреттерді дешифрлеу арқылы далалық жұмыстармен қатар елді мекендердің және табиғи объектілердің аттарын, өзендердің ағыс жылдамдығын анықтайды, өткелдердің тереңдігін біледі, батпақтарды өту мүмкіндіктері және өсімдік жамылғысының сипаттары туралы және т. с. с. Мәліметтер жинайды. Аэросуреттерді дешифрлеудегі далалық жұмыстар көбінесе лабораториялық жұмыстармен қосақталып жүргізіледі, ол кезде аэросуреттердегі оңай танылып білінетін объектілер мен контурларды ажыратады.
Суреттерді лабораториялық дешифрлеу ұсақ масштабты топографиялық түсірісте жиі қолданылады.
Аэросуреттерді дешифрлеу топографиялық және арнайы халық шаруашылық есептерін шешуге арналған жергілікті жердің әр түрлі объектілері мен элементтерін танып-білуден тұрады.
Фотокескіндердегі объектілерді анықтау лабораториялық зерттеулер арқылы жүргізілгенде фотосуреттерді дешифрлеу лабораториялық деп аталады. Аэросуреттердегі кескінделген объектілерді тікелей және олардың ерекшеліктерін табиғи жерде анықтағанда далалық, ал аспаннан жасағанда әуеден көзбен шолу деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет