Ы. Алтынсарин көрнекті педагог, ақын, ағртушы және ойшыл болған кісі. Ы. Алтынсарин қазақ халқының мақтан ететін белгілі қоғам қайраткері. Ол өзінің шығармаларында қазақтарға озық орыс мәдениетін үйренуді насихаттаған, сол халықтың алдына міндет етіп қойған орыс-қырғыз мектептерін ашу ісінде өзі бас болып, үлгі көрсетіп бірінші әрекет жасады. Торғай облысының халық училищелерінің инспекторы болып (1879-1889ж.ж.) қызмет істеп жүріп, ол қазақ балалары үшін бірқатар мектептер ашты.
Абай Құнанбаев
Қазақ халқының ұлы ақыны және ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өтті. Оның философиялық-әлеуметтік көзқарастары осы кезде қалыптасты. Ол бағзыдағы кемеңгер ойшылдардың шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды әлеуметтік мәселелерді түсіндіруге қолданды. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған басты мәселелерге жауап беруге ұмтылды.
Абай әлеуметтанудан арнаулы еңбектер жазбағанымен шығармаларында алуан түрлі әлеуметтік мәселелерді қозғап отырған. өзінен бұрын және кейін өмір сүрген ақын – ойшылдармен салыстырғанда Абай қоғамдық құбылыстардың даму қағидалары туралы, оларды басқару, қоғамның құрылымы, адам, тарихтаға бұқара халықтың және тұлғаның қалыптасуы, оның жоғарғы әлеуметтік-моральдық қасиеттері туралы терең ой қозғады.
Қоғам туралы мәселе Абайды терең толғандырған. Оның пікірі бойынша, біртұтас құбылыс ретінде қоғамның табиғи негізін халық құрайды. Қоғамның әлеуметтік құрылымы бірыңғай емес, ол бір-біріне қарсы тұрған жіктерден, яғни байлар мен кедейлерден тұратыны ақиқат, дейді Абай. Қоғамның жіктерге бөлінуі ежелден бар. Сондықтан олардың арасындағы күрес толастаған емес. Қоғам біртұтас, бірыңғай құбылыс ретінде оның ішкі құрылымы алуан түрлі көкейкесті мәселелерді шешуді қажет етеді. Олардың қатарына мүлік арқылы жікке бөлінуі және жеке меншік, таптық құрылым, мемлекеттік басқару және сот ісін жүргізу, қоғамдағы еркіндік, бостандық, теңдік және адамдардың достығы, т.б. жатады.
Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстандағы аддынғы қатарлы өкілдерінің бірі, әрі ірі оқымысты – ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Ол еңбек жолын ағартушылықтан бастады. Орын алып отырған қиындықты деңу үшін ол қазақ жазуымен айналысады. Ол алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуге кіріседі. Алдымен қазақ балаларының сауатын ашатын «Әліп-би» мен ана тілін үйрететін «Тіл құралын» жазу үшін оған қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын зерттеу қажет болды Әлихан Бөкейханов Ә.Бөкейхан өзқінің шығармалары мен мақалаларында басты мақсат етіп қазақ халқын Ресей империясының құлдық-бұлғауынан азат ету, бостандық, еркіндік алып, ілгері дамуды, басқа елмен тең құқықта болуды, өзін-өзі басқаруды, т.б. алға қояды.