Әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды. Дегенмен, К.Маркстің әлеуметтану теорисында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан байқауға болады:
1. К.Маркс мінсіздендірілген, абстракталы қоғам жағдайына тән даму теорисына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік –материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын “формация”, яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;
2. К.Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;