Аға оқытушы: Саутбаева Рима Султанбековна



бет8/12
Дата08.03.2022
өлшемі100,65 Kb.
#27213
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Әлеуметтану 2-дәріс 2 сем

Макс Вебер

Маркс Вебер (1864-1920ж.ж) – батыстың ірі әлеуметтанушысы.Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады.Оның әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып,адам іс-әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.

Вебер әлеуметтануының тағы бір әдіснамалық ерекшелігі жасаған идеал типтер тұжырымдамасы болып табылады. Ғылыми айналымға «рационалдылық», «идеалды тип» түсініктерін еңгізді

Ол идеалды типке теориялық конструкция түрінде көрінген дәуірдің мүддесі ретінде қарады. Адамға аса пайдалы осы идеалды модель адамның өмір сүрген дәуіріндегі мүддесін объективті түрде көрсетеді. Осыған орай идеалдық типтер ретінде моральдық, саяси, діни және сол сияқты басқа да құндылықтар және олардан туындайтын адамдардың мінез-құлық және қызмет көріністері, олардың мінез-құлық ережелері мен нормалары, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынас дәстүрлері болуы мүмкін. Идеалды типтер қоғамдық күйдің бүкіл мәнін - өкімет билігінің жағдайы, тұлға аралық қарым-қатынас, жеке адам және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар озіндік ерекше критерийлерге айналады, соған сәйкес адамдардың рухаии, саяси және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип қоғамда орын алған дүниемен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қайшылыққа да түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған. Қалай дегенмен де, идеалды типтер рухани және басқа да құндылықтар жүйесінің өзара байланысын көрсетумен қатар, маңызды әлеуметтік құбылыстар ретінде байқалады. Олар қоғамдық өмірде адамдардың ойлауы мен мінез-құлқына, ұйымдасушылығына мақсаттылықты енгізуге ықпал жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет