Аға оқытушылар: Улжибаева Ғ. Ш., Кудышева Г. О., доцент, п.ғ. к



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#7257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жедел  жады.  ДК-дің  негізгі  жады  оперативті  және  тұрақты  жадтан 

құрастырылған. 

Оперативті жад немесе жедел жад және тұрақты есте сақтау құрылғысы 

компьютердің  ішкі  жадын  құрайды,  осы  екеуімен  процессор  жұмыс 

барысында  мәлімет  алмасып  отырады.  өңдеуге  тиісті  мәлімет  алдымен 

компьютердің  сыртқы  жадынан  жедел  жадқа  көшіріледі.  Осы  мезетте 

компьютердің  жедел  жадында  өңдеуге  тиісті  мәліметтер  мен  программалар 

сақталады. Ақпарат керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп 

өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылады. Ақпарат жедел жадта тек 

жұмыс сеансы кезінде ғана сақталады. 

Жедел  жад  әрбіреуінің  сиымдылығы 1 байтқа  тең  миллиондаған 

ұяшықтардан  құралған,  сондықтан  жедел  жадтың  негізгі  сипаттамасы  оның 

сиымдылығымен өлшенеді. 

Жедел  жадтың  көлемін  көрсеткенде  оның  бірінші  бөлігі  туралы 

айтылады, кейбір программаларды орындау барысында ол жеткіліксіз болып 

қалуы  да  мүмкін.  Мұндай  сәттерде  компьютердің  жедел  жадының 

кеңейтілген бөлігі және қосымшасы пайдаланылады. 

Компьютердің негізгі жадысы екі логикалық аймаққа бөлінеді: алғашқы 

1024  Кбайт  ұяшықта  тікелей  мекенжайы  көрсетілген  жад  және  кеңейтілген 

жад.  Кеңейтілген  жад  ұяшықтарына  жету  үшін  арнайы  программалар 

қолданылады,  олар  кеңейтілген  жад  көлемін  толық  пайдалану  мүмкіндігін 

береді, оларды драйверлер деп атаймыз. 

Прграммалардың өте шапшаң істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, 

оны КЭШ-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессор арасында дәнекерлік 

роль атқарып, жалпы жұмыс өнімділігін арттырады. Процессорға дерек керек 

болғанда, ол бірден кэш-жадқа ұсынады, егер одан табылмаса ол оперативтік 

жадтан  ізделінеді.  Сондықтан  кэш-жад  көлемі  неғұрлым  үлкен  болса, 

процессор соғұрлым жылдам жұмыс жасайды. 

Кэш-жадты  бірнеше  деңгейге  бөледі.  Бірінші  деңгейдегі  кэштің  көлемі 

оншақты  Кбайт,  ол  процессор  кристалында  орналасады.  Екінші  деңгейдегі 



кэшті  процессор  кристалында  немесе  сол  торапта  орналастырады.  Бірінші, 

екінші  деңгейдегі  кэш  процессор  ядросының  жиілігімен  келіскен  жиілікте 

жұмыс  жасайды.  Үшінші  деңгейдегі  кэш-жадын SRAM типті  жедел 

орындалатын  микросхемамен  орындап  аналық  тақшасында    процессор 

жанында орналастырады. Оның көлемі бірнеше Мбайт болуы мүмкін. 

Микропроцессор – ЭЕМ-нің  ақпаратты  өңдейтін  ең  негізгі  құрылғысы, 

оның “миы” деп аталады.  

Процессор  арифметикалық  құрылғы  мен  басқару  қондырғыларынан 

тұрады.  

Арифметикалық  құрылғы  арифметикалық  және  логикалық  амалдарды 

орындайтын регистрлерден құралады. 

ЭЕМ-нің жадында әр түрлі ақпарат нөмірленген ұяларда сақталады. Ұяда 

бір әріп, бір сан не бір таңба сақталады. 

     


Бақылау сұрақтары: 

1. «ЭЕМ архитектурасы» деген терминді қалай түсінуге болады? 

2. ЭЕМ  архитектурасын құрастырудың классикалық принциптері кіммен 

және қашан ұсынылған? 

3.Деректер шинасы деген не? 

4. Регистрлер функциясы қандай? 

5. Микропроцессордың негізгі функцияларын атаңыз? 

6. Жадқа тікелей жету іс-тәртібі деген не? 

7. Машиналық команда орындалуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз?  

8. ОЗУ(ЖСҚ) адресі деген не? 



 

Әдебиет: 

1. Таненбаум Э. Архитектура компьютера. СПб.: Питер, 2002. 

2. Столингс У. Структурная организация и архитектура компьютерных 

систем. М.: Вильямс, 2002. 

3. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных. СПб: Невский диалог, 2001. 

4.  Могилев  А.В.  Информатика:  Учебное  пособие . - 2-е  изд..,  стер..-  М.: 

Издательский центр"Академия", 2003. -816с. 

5.  Могилев  А.В.  Практикум  по  информатике:  Учеб.пособие  для 

студ.высш.учеб.заведений. – М.:  Издательский  центр  «Академия», 2002.-

608с. 


6. Информатика. Базовый курс./ под ред. С.В. Симоновича.- СПб.: Питер, 

2001. -640с. 

7. Алексеев А.П. Информатика 2003. -М.: СОЛОН-Пресс, 2003. - 464 с.: 

ил.-(серия  "Полное руководство пользователя") изд. 3-е 

 

Реферат тақырыптары: 

1.

 



Компьютерлер архитектурасына шолу. 

2.

 



Компьютердің логикалық элементтері. 

3.

 



Компьютер жадында деректерді ұсыну. 

4.

 



Биттермен негізгі операциялар. 

5.

 

Сандық деректер мен санақ жүйелерін ұсыну  



6.

 

ЭЕМ-ді ұйымдастыру. 



7.

 

Фон Нейман принциптері. 



8.

 

Командалар жүйелері. 



9.

 

Енгізу-шығару және тоқтату. 



10.

 

Негізгі жадты ұйымдастыру  



11.

 

Виртуалды жад. 



12.

 

Қазіргі  аппараттық қамтамасыздану. 



СӨЖ бақылау сұрақтары: 

Тақырып 1 - Компьютерлер архитектурасына шолу  

Тақырып 1 - Компьютердің логикалық элементтері  

Тақырып 1 - Компьютер жадында деректерді ұсыну  

Тақырып 1 - Базовые операции с битами. 

Тақырып 1 - Представление числовых данных и системы счисления. 

Тақырып 2 - ЭЕМ-ді ұйымдастыру  

Тақырып 2 - Фон Нейман принциптері  

Тақырып 2 - ЭЕМ  командалар  жүйелері  және  деректерге  қатынасу 

әдістері  

Тақырып 2 - Енгізу-шығару және тоқтату. 

Тақырып 2 - Негізгі жадты ұйымдастыру  

Тақырып 2 – Виртуалды жад. 

Тақырып 2Тема 2 - Қазіргі  аппараттық қамтамасыздану  

 

4 – бөлім  Есептеудің  алгоритмдік  шешімі,  алгоритмдік  күрделілікті 

талдау (2 сағат) 

1-тақырып – Алгоритмдер және шешімдерді іздеу 

Жоспар: 


1.

 

Есептерді шығару стратегиясы 



2.

 

Алгоритмдер қасиеттері 



3.

 

Алгоритмдерді орындау стратегиясы 



4.

 

Деректер құрылымы: қарапайым түрлер, жолдар, сілемдер. 



2-тақырып – Алгоритмдердерді орындау 

Жоспар: 


1.

 

Алгоритмдерді орындаудың гафикалық түрі – блок-схемалар. 



2.

 

Негізгі есептеуіш алгоритмдер 



3.

 

Алгоритмдерді талдау 



 

Есептерді шығару стратегиясы 

ЭЕМ-да  белгілі  бір  есептерді  шығару  үшін  арналған  бағдарламаларды 

құруда, алдымен есептің алгоритмін – берілген деректерден қажет нәтижеге 

жеткізетін нақты ұйғарымдарды құру -  талап етіледі.   

Алгоритм түсінігі – бұл ақпараттанудағы ең негізгі түсініктердің бірі. 

Белгілі  бір  алгоритмдерді  орындау  әртүрлі  жүйелердегі  басқару 

процесстеріне  әкеледі,  бұл  алгоритм  түсінігін  кибернетикаға  жақындатады. 

«Алгоритм»  сөзі IX ғасырдағы  ұлы  математик  аль-Хорезмнің  латындық 



формадағы  -  algorithmi деген  атынан  шығады,  ол  арифметикалық 

әрекеттерді орындау ережелерін тұжырымдады. 



Алгоритм  дегеніміз  –  бастапқы  мәліметтерді  пайдаланып  іздеген 

нәтижеге  жеткізетін  әрекеттер  тізбегі.  Ондағы  әрбір  әрекет  оның  қадамы, 

қандай  да  бір  әрекетті  аяқтау  туралы  нұсқау  алгоритм  командасы,  ал 

атқарушы  жүзеге  асыра  алатын  командалар  жиынтығы  атқарушының 

командалар жүйесі деп аталады. 

Алгоритмдік  процесс  дегеніміз – шешілетін  есептің  нақты  бастапқы 

берілгендеріне алгоритмді қолдану процесі.   

Алгоритмді ұсыну құралдары:  

ауызша (формулалы-ауызша);  

алгоритмнің блок-схемасы түрінде;  

алгоритмдік тілдегі бағдарлама түрінде (алгоритмді ұсынудың аса толық 

түрі).  

Алгоритмдеу – ЭЕМ-де  есепті  шығаруға  арналған  алгоритмдер  мен 

бағдарламаларды  құру  техникасы.  Алгоритм – нұсқаланған  бастапқы 

деректерден ізделініп отырған нәтижеге әкелетін есептеу үрдісін анықтайтын 

нақты ұйғарымдар. Алгоритм құру үлгісі оны орындаушының бір мағынада 

алгоритм  командаларын  дәлме-дәл  орындай  отырып,  тиімді  нәтиже  алуына 

бейімделуі қажет.  

Белгілі  бір  орындаушы  үшін  құрылған  алгоритмді  түрлі  әдістермен 

ұсынуға болады: графиктік (графикалық таңбалар сұлбасы); сөзбен сипаттау 

(табиғи  тілдегі  жазбалар);  құрылымды-стильденген  (псевдокод  тіліндегі 

жазбалар);  алгоритмдік  тілде  жазылған  формулалар  тізбегі  (бағдарламалау 

тілінде)  көмегімен.  Алгоритмнің  блок-схемасы  дегеніміз – алгоритмнің 

логикалық  құрылымын  графикалық  бейнелеу.  Оның  әрбір  кезеңі  әрекет 

сипатына  тәуелді  формаға  ие  болатын  геометриялық  фигуралар  (блок) 

түрінде беріледі.    



Блок-схема – бұл  алгоритм  командаларының  орындалу  ретін  көрсетуге 

бағытталған  граф;  мұндай  графтың  шыңы  (басы)  үш  типтің  біріндей  болуы 

мүмкін:  функционалдық  (а)  шың  (бір  кіріс  және  бір  шығысы  бар), 

предикаттық  (б)  шың,  бір  кіріс  және  екі  шығысы  бар,  біріктірілген(в)  шың 

(қосылу  шыңы),  екі  кірістің  бірінен  басқаруды  шығысқа  беруді 

қамтамасыздандырады. (сур.4.1). 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



О 

P


 

Сурет 4.1 - граф шыңдарының үш түрі 

 

Кезкелген күрделі алгоритмдер практикасы үшін ерекше маңызы бар үш 



блок-схема құруға болады:  

1.

 



композиция немесе қозғалыс,  

2.

 



альтернатива немесе тармақталу (егер-онда-әйтпесе),  

3.

 



итерация  немесе  цикл  (алдыңғы  шартпен,  соңғы  шартпен, 

қайталанудың соңғы санымен). 

 

Бірінші  негізгі  құрылым.  Композиция  немесе  қозғалыс  алгоритмі  әр 

кезеңі  тізбектей,  яғни  сызықты  орындалатын  есептеу  процесін  бейнелейді 

және ондағы операторлар бір рет қана орындалады. 

Оператор  деп  небір  әрекеттер  тізбегін  орындауға  арналған  формальды 

жазбаларды айтады.  

Екінші  негізгі  құрылым.    Бұл - альтернатива  немесе  тармақталу. 

Тармақталған  алгоритм  есептеуді  таңдау  бастапқы  шарттан  немесе  аралық 

нәтижеден  тәуелді  болатын  есептеу  процесін  бейнелейді.  Алдын  ала 

қарастырылған  бағыттар  тармақтар  деп  аталады.  Әрбір  нақты  жағдайда 

процесс бір тармақ бойынша орындалады.   

Бұл  құрылым  шартты  тексеру  нәтижесіне  байланысты  (ақиқат  немесе 

жалған),  алгоритм  жұмысының  альтернативтік  жолдарының  бірін  таңдауды 

қамтамасыздандырады  және  әр  жол  жалпы  шығысқа  әкеледі.   Алгоритм 

орындалуының  мүмкін  жолдары  сәйкес  таңбалармен  белгіленеді: 

ақиқат/жалған, ия/жоқ, 1/0.  

Жеке  жағдайда  таңдалған  жолдардың  бірінде  әрекет  жасаудың 

қажеттілігі болмауы да мүмкін. Мұндай құрылымдар «айналып өту» немесе 

«егер-онда» деп аталады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

тексеру 



Оператор 1 

Оператор 2 

шығыс 

жоқ


ия 

Шартты 


тексеру 

оператор


жоқ

ия

шығыс 



 

Егер-Онда (айналып өту) 

 

 

Егер-Онда-Әйтпесе 



құрылымы  

 

Егер  алгоритмде  үштен  артық  тарамдалған  бағыттар  болса,  онда  оны 

бірнеше  негізгі  құрылымдар  «егер-онда-әйтпесе»  түрінде  қарастыруға 

болады. Құрылымдардың мұндай түрлерін «көптік таңдау» деп атайды.  



Үшінші  негізгі  құрылым.  Үшінші  негізгі  құрылым  "цикл".  Қайталанатын 

алгоритм  бір  типті,  бірнеше  рет  қайталанатын  есептеу  аймағынан  тұратын 

есептеу  процесін  бейнелейді.  Циклдер  қайталану  саны  белгілі  және 

итерационды циклдер (қайталану саны белгісіз) болып бөлінеді. 

Цикл  қайталап  орындауды  немесе  операторлардың  циклдық  жұмысын 

қамтамасыздандырады.  

Бұл құрылымның үш түрі бар:  

1.

 



"цикл - әзірше"  

2.

 



"цикл - дейін".  

3.

 



Қайталаудың соңғы саны. 

  Циклде  қайталанатын  операторлар  тобын  цикл  денесі  деп  атайды. 

«Цикл-әзірше»  құрылымының  «цикл-дейін»  құрылымынан  айырмашылығы, 

бірінші  құрылымдағы  цикл  денесінің  операторлары  шартқа  сәйкес  мүлдем 

орындалмауы да мүмкін, ал  "цикл - дейін" құрылымындағы цикл денесі кем 

дегенде бір рет орындалады.  

"Цикл - әзірше"  құрылымында  шарт  орындалуының  тексерілуі  цикл 

денесіндегі  операторлардың  орындалуынан  бұрын  басталады,  ал  "цикл - 

дейін"  құрылымында - цикл денесі өткеннен кейін.  

Циклдер ішінде басқа циклдер болуы мүмкін. Мұндай құрылымдар ішке 

салынған  циклдер  деп  аталады.  Өз  құрамында  негізгі  құрылым  "цикл"  бар 

алгоритмдер циклдік деп аталады.  

 

 

Шартты 



тексеру. 

Цикл денесі 

кіріс 

жоқ 


шығыс 

Цикл денесі 

Шарт 

кіріс 


шығыс 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қарастырылған 



негізгі 

құрылымдар 

алгоритмді 

жасағанда  

құрылымдылық  тәсілді  қолдануға  рекомендация  ретінде  қолданылады. 


Нақты  алгоритмдер  қарастырылған  барлық  негізгі  алгоритмдердің 

жиынтығынан  тұрады.  Қайталаудың  берілген  санындағы  цикл  (есептеуіш 

цикл) – кейбір әрекеттердің көрсетілген сан рет қайталанатынын белгілейді.  

 

 



 

I=n1, n2, h 

әрекет 

 

 



 

 

 



 

 

 



   

 

Алгоритм келесі қасиеттерді қанағаттандыруы қажет:  



1.

 

анықталғандық



 

 



алгоритм,  алгоритмді  өңдеушіге  де,  және 

алгоритмді орындаушыға да бір мағынада түсінікті түрде берілу керек.  

2.

 

нәтижелілік – міндетті  түрде  кейбір  нәтижелердің  алынуы  (сандар, 



кестелер, дыбыстар, кескіндер) немесе берілген алгоритмді қойылған есепке  

қолдануға болмайтыны туралы сигналдар; 

3.

 

жалпылық – ұқсас  есептер  класстары  үшін  әртүрлі  бастапқы 



деректермен нәтижеге жету мүмкіндігі;  

4.

 



дискреттік – алгоритмді бірнеше бөлек элементар әрекеттерге бөлу 

мүмкіндігі. 

Алгоритмнің  өз-өзіне  қосымша  ретінде  қатынасы  болуы  мүмкін,  бұл 

жағдайда  оны  рекурсивтік  қатынас  деп  атайды.  Егер  алгоритмнің  өз-өзіне 

қатынасы  командасы  алгоритмнің  өзінде  болса,  онда  мұнда  рекурсия  тура 

рекурсия  деп  аталады.  Егер  берілген  алгоритмді  шақыру  осы  алгоритмге 

қатынасы бар қосымша алгоритмнен болса онда мұндай рекурсияны жанама 

деп атайды. 

Күрделі  есептер  үшін  алгоритмді  жобалауда  декомпозицияны 

(төмендетіп жобалау, жоғарыдан төменге) және синтезді (төменнен жоғарыға 

бағдарламалау) қолдана отырып жүйелік амал пайдаланылады. 

Алгоритмді  пішімдеу  кезінде  дедуктивтік  және  индуктивтік  әдістер 

қолданылады.  Дедуктивтік  принціп – модельді  жекешеліктен  жалпыға 

құрастыру принціпі. Индуктивтік принціп – модельді жалпыдан жекешелікке 

құрастыру принціпі. 

  Алгоритмдік тіл дегеніміз – алгоритмдерді біркелкі, дәл жазуға және 

оларды  орындауға  арналған  белгілеулер  мен  ережелер  жүйесі.  Алгоритмдік 

тілде пайдаланылатын сөздер қызметші сөздер деп аталады. 

Алгоритмнің  бірінен  соң  бірі  орындалатын  бірнеше  командалар  тізбегін 

серия деп атайды. Серия тек бір командадан да тұра алады.  

Алгоритмдік тілде келесі қызметші сөздер қолданылады. 


1. АЛГ – қызметші сөзі. Алгоритмнің басында, оның атауының алдында 

жазылады. 

2.  БАСЫ  және  СОҢЫ – қызметші  сөздері (begin, end). Алгоритмнің 

басы мен соңында жазылады және алгоритмнің басы мен соңын көрсетеді. 

3.  АРГ  и  НӘТ – аргументті  және  алгоритм  нәтижесін  жазу  үшін 

қолданылады.  

4.  ЕНГІЗУ  және  ШЫҒАРУ – берілгендерді  енгізу  және  шығару  үшін 

қолданылады. 

5.  ЕГЕР,  ОНДА,  ӘЙТПЕСЕ,  БІТТІ – қызметші  сөздері (if, then, else, 

end).  Тармақталған  командаларды  жазу  үшін  қолданылады  (бітті  – 

команданың соңы). 

6.  ӘЗІР,  ДЕЙІН,  ҚАЙТАЛАУ,  ЦБ,  ЦС – қызметші  сөздері (while, do, 

repeat, until, for, to, do). Қайталау командаларын жазу үшін қолданылады.   

 

 



Алгоритмді құруға арналған негізгі блоктар: 

 

 

 



 

1.Оындалатын 

процесс 

 

 



 

 

 



 

2.Алдын ала 

анықталған процесс 

(ішкі бағдарлама) 

 

 

 



 

 

b





 

 



3. Аындар сызығы 

 

 



 

 

 



 

4. Басы- соңы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



5. Шарт 

 

 



 

 

 



 

O,5


R=o,25a 


 



 

 

 



6. Енгізу-шығару 

 

 



 

 

 



 

 

 



7. Қайталану 

 

 



 

 

 



 

 

8. Түсініктемелер 



 

 

 



 

 

 



9.Ішкі – беттердегі 

жалғастырушы 

 

 

 



 

 

 



10.Бетаралық 

жалғастырушы 

 

 

 



 

 

 



0,25 a 





0,5a 



0,5 a 

0,2a 


0,5a 

 

 

 



Алгоритмдерді талдау 

 

Алгоритмдерді талдаудың негізгі әдістері: 



1.

 

Сөздік-формулалық  (табиғи тілдерде);  



2.

 

құрылымды немесе блок-схемалар;  



3.

 

арнайы алгоритмдік тілдерді қолдану;  



4.

 

граф-схемалар  көмегімен  (граф – әр  сызық  екі  нүктені  қосатын, 



нүктелер мен сызықтар жиынтығы). Нүктелер шыңдар деп аталады, 

сызықтар – қабырғалар;  

5.

 

Петри торының көмегімен.  



 

Бағдарламаны  жасау  алдында  көбінесе    сөздік-формулалық  және    блок-

схемалық әдістер қолданылады. Кейде ассемблер сияқты төменгі деңгейдегі 

тілдерде  бағдарламаны  жасау  алдында,  бағдарлама  алгоритмін  кейбір 

жоғарғы  деңгейдегі  бағдарламалау  тілінің  конструкцияларын  қолдана 

отырып  жазады.   Күрделі  бағдарламалық  жүйелер  алгоритмдерінің  

бағдарламалық сипаттамаларын қолдану ыңғайлы. Мысалы, ОЖ жұмыс істеу 

принциптерін  сипаттау  үшін  Алголға  ұқсас  жоғарғы  деңгейдегі 

бағдарламалау тілі қолданылды.   

 

Сөздік-формулалық  әдіс. 



Сөздік-формулалық    әдісте  алгоритм  әрекеттер  тізбегін  анықтайтын, 

құрамында формулалары бар мәтіндік түрде жазылады.   

 

Мысалы, келесі өрнектің мәнін анықтау қажет болсын: 



у=2а-(х+6). 

 

Сөздік-формулалық    әдістпен  бұл  есептің  алгоритмі  келесі  түрде 



жазылуы мүмкін:  

1. а және х мәндерін енгізіңіз.  

2. х және  6-ны қосу.  

3. а на 2-ге көбейту.  

4. 2а –дан (х+6) қосындысын азайту.  

5.Өрнектің есептелген нәтижесі ретінде  у-ті шығару.  

 

Блок-схемада  бағдарламадағы  барлық  тармақтар,  циклдар  және  ішкі 



бағдарламалар болуы қажет.  

 

Бақылау сұрақтары: 

1.Алгоритм түсінігін алғаш рет кім енгізді? 

2.Алгоритмдерді жүзеге асырудың қандай әдістері мен тәсілдері бар? 

3.Қандай негізгі алгоритмдер бар? 

4.Алгоритмдік 

тілдер 

мен 


бағдарламалау 

тілдерінің 

қандай 

айырмашылықтары бар? 



5.Есептеу алгоритмдерін көрсетіңіз? 

6.Тьюренг машинасы туралы айтыңыз? 

7.Блок-схема деген не? 

 

Әдебиеттер: 

1.Вирт  Н.  Основы  программирования.  Харьков:  Фолио:  Ростов  н/Д.: 

Феникс, 1997.  

2.Могилев  А.В.  Информатика.  М.:  Издательский  центр  «Академия», 

2003-2004. 

3.Ахо А., Хопкрофт Д., Ульман Д. Структуры данных и алгоритмов. М.: 

Вильямс, 2007 

 

Реферат тақырыптары: 

1.Деректер құрылымы. 

2.Есептерді шішудің негізгі  алгоритмдері. 

3.Алгоритмдер мен әдістерді талдау. 

4.Есептегіш алгоритмдер. 

5.Алгоритмдерді жүзеге асыру. 

6.Тьюренг машиналары. 

 

СӨЖ бақылау жұмыстары: 

1. Алгоритмдерді құрастыру принциптері. 

2.Деректер құрылымы. 

3.Алгоритмдердің графикалық ұсынылуы. 

4. Есептегіш алгоритмдер  

5.Соңғы автоматтар. 

6.Алгоритмдер қасиеттері. 

 

5-бөлім  Бағдарламалау тілдерімен танысу (2сағат) 



1-тақырып Бағдарламалау тілдері 

Жоспар: 


Бағдарламалау тілдеріне шолу.  

Бағдаламалаудың негізгі құрылысы: синтаксис, семантика, айнымалылар, 

өрнектер,  меншіктеу операторлары, енгізу-шығару  операторлары, тармақтау 

және итерация операторлары.  



 

2-тақырып Бағдарламалау тілдерімен танысу 

Жоспар: 


Процедуралық бағдарламалау. 

Модульдік және құрылымдық бағдарламалау.  

Объектіге-бағытталған бағдарламалау.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет