Сабақтың барысы:
Жаңа тақырыпты мұғалім келесі әңгіме бойынша түсіндіреді: «Өсімдік табиғаттың бір бөлігі, тірі перзенті» Ата –бабаларымыз балалардың қандай да бір ісіне риза болғанда «Өркенің өссін» деп бата берген. Бұл сөздің тәрбиелік мәні зор. «Өркен» -өсімдіктің бүршік ашып жапырақ жаюы. Яғни бұл ер-азамат болып, бала-шағаң көбейіп, өрісің ұлғайсын, ұрпағың өміріңді жалғастырсың деген сөз. Ертеде Сүлеймен патша зәулім мұнара салдыру үшін, 80 мың адам жіберіп ағаш кестіріпті. Орманнан нәр алып отырған өзендер тартылып, арнасы кеуіп қалады. Сөйтіп бұрынғы жасыл аймақ шөлге айналады.
Осы мысалдан –ақ өсімдіктің табиғаттағы маңызының зор екенін көруге болады. Адамдар мен жануарлардың тыныс алып, өмір сүруі үшін оттегі қажет. Ал оттегіні ауа қабатына өсімдіктер бөліп шығарады. Жасыл желектер ауаны шаң мен улы газдардан тазартады, ауаны салқындатады, қысқы суықтан ызғарын бәсендетеді.
Ағаштарға қарасам демалам
Ағаштардан тазалық таба аламын
Алыстағы теңіздің демін сезіп
Самғағанын көремін шағаланың (Қ. Ахметова)
«Жасыл желек жерлердің көркі» дегендей, өсімдік жеріндегі ел дәулеті.
Ертеден табиғат пен етене қоян-қолтық өмір сүрген халқымыз өсімдіктің пайдасы туралы талай даналық ой түйген. Мысалы: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Ер- елдің көркі, орман- жердің көркі», «Бір тал кессең он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады» деген мақал- мәтелдер соның айғағы. Әйгілі ғалым, дәрігер Ибн Сина 700 жуық өсімдіктің емдік қасиеті бар екенін айтқан. Мәселен, ошағының дәрілік қасиетімен бірге оны ауа- райын болжауда қолдануға болады.
Мұғалімнің тақырып мазмұнына орай М. Әлімбаевтың «Қошақан мен ошағанның сырласуы» өлеңін оқып береді.
Қашаған:Ой, ошаған, ошаған
Бүгін қалай қадалдың?
Қастығың ба жасаған,
Қадалғаннан қан алған?
Ошаған: Ашық болсын, күн жаумай
Қоямын мен жұмсармай
«Жаумай ма, әлде жауама,
Қандай болмақ күн бүгін»,-
Қашаған: Ой, ошаған, ошаған
Қоймаушы едің түйремей.
Неден жұмсақ босағаң,
Тікендерің инедей.
Ошаған: Келе жатқан жаңбыр бар,
Өң бойымды алды ылғал.
Жаңа сабақтың мазмұны төмендегі мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер арқылы қорытылады: «Өсімдік-азық көзі», «Өсімдік дәрі- дәрмек қоймасы», «Өсімдік –адамға көрік беретін киім, өсімдік адамға түрлі бұйым», «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ», «Тірі нәрсе-шөп деген, көгал деген көкті жұлма, болады обал деген». Енді келесі сабақ тақырыбына көшейік.
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат-менің өз үйім».
Білімділік мақсаты: Оқушыларға халық даналығы арқылы табиғат пен адам тығыз байланыстылығын ашып көрсету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, бақылаушылық, салыстырушылық дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаны қорғай білуге деген жауапкершілік сезімін ояту және экологиялық ұғым беру.
Айналамызды қандай заттар қоршап тұр? Деген сұрақ төңірегінде баяндалады.
Ағаш, өсімдік, тау, тас, жануарлар бір сөзбен айтқанда, айналамыздағы қоршаған заттардың барлығын табиғат дейміз. Табиғатта сендер білмейтін қызықтар өте көп. Табиғатты түсіну үшін бақылаудың, тәжірибе жасаудың, күнделік жасап жүрудің маңызы зор. Адам баласының тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты, сондықтан оны қорғап, аялап күте білу керек.
«Ертеректе қазақ халқы қандай жағдайда өмір сүрген? Олардың тіршілік ету көзі қандай заттар болған?» десек, адам баласы өзіне қажетті табиғат байлығын қолдана білгенін көреміз. Айталық , ата-бабаларымыздың тіршілік тірегі төрт түлік мал болғандықтан, табиғаттың қатаң жағдайында көшіп қонып жүріп, өзінің шаруашылығының табиғатпен үйлесімді жүргізе білген. Өмір сүрген ортасын көзінің қарашығандай аялап, ардақтаған. Соған байланысты даналық ой қорытып, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіп отырған. Мысалы, «Көкті жұлма көктей соласың», «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір», «Мың шыбық шаншып өсірсең - халқыңа орман салғаның, халқыңа орман салғаның, өзіңе қорған салғаның», сияқты даналық ұғымдар осыны білдіреді. Ерте кезде табиғат құбылыстарының «киелі», «қасиетті» оларды жоюға құртуға болмайды деп санаған. Өздері қастерлеген жерлерге «әулие бұлақ», «әулие ағаш» деп қорғап отырған. Жұтатын ауа, ішетін су, мекендеген жер, байлық - ортақ. Сондықтан ата-бабаларымыз ұрпақтарын табиғатты аялауға, сүюге, қорғай білуге тәрбиелейді.
Көне шығыс поэзиясында табиғаттың адам өміріндегі маңызы, адамның табиғатпен қарым-қатынасы жайында мынадай ой тұжырымдалған.
Досыңа егер жеткізсең жалғыз балық Егерде сен ойласаң жүз жылыңды
Ол досыңа көп болса бір күн талшық Халқыңды үйрет
Егер оған үйретсең балық ұстауға, Егер сен бір рет астық ексең,
Өмір бақи аштықтан еш тарықпау Онда олардың бір өнімі.
Егерде сен болашаққа ғұмырыңды Егер сен өсірсең бір ағашты,
Өлшер болсаң бір жылмен, Онда өнімін он есе.
Онда жермен астық ек. Егерде сен халқыңның көзін ашсаң,
Егерде сен ойласаң он жылыңды Онда оларда жүз өнім.
Ағаш өсір.
Табиғат - менің өз үйім тақырыбындағы сабақ қазақ ақындарының табиғат жайлы өлеңдерімен аяқталады:
Табиғат, әсемдіктің төркінісің, Мен сүйемін еркін таудың құсын,
Ән саламын бір сенің көңілің үшін. Сайрасатын төрт бөліп түн ұйқысын.
Жан-жануар табынып бір өзіңе, Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ
Сенен алып тұрғандай бар танысын Сүйемін табиғаттың барлық күшін.
Сабақтарда пайдаланған ауыз әдебиет үлгілері оқушыларға адам,табиғат, қоғам құбылыстарын түсіндіруге, дүниеге біртұтас көзқарастарын қалыптастыруға, жеке тұлғаның қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Фольклор туындыларымен таныстыру оқушылардың әдеби шығармаларын оқуға деген құлшынысын оятып, эстетикалық талғамын тәрбиелейді, сонымен бірге дағдысын шындайды, ана тілінің бағдарламалық міндетін жүзеге асыруда ұлттық мәдениеттің шеңберімен шектелмей, өзге халықтардың шығакрмашылық ой-қиялын, арман-мақсаттарының жемісі болып табылатын әдеби туындыларды оқытып-білгізудің де маңызы зор. [34]
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану жөніндегі мұндай мазмұнды жұмыстарды математика сабақтарынан де кездестіреміз. Мұғалім қазақ этнопедагогикасы материалдарын математика пәнінің ерекшеліктеріне сәйкес сабақ тақырыбымен табиғи байланыста қолдануды айтарлықтай тәжірибе жинақтадық. Мысалы, ол 2-ші сыныптағы «Масса килограмм» тақырыбында өткен оқушыларға шама, өлшем бірліктері ұғымы туралы түсінік беруде таразының кір тастарымен (1кг, 2кг, 5кг, 10кг) бірге қосымша материалы ретінде қазақ халқының қарапайым өлшеу әдістерін пайдаланады. Балаға ұғынықты болу үшін мұғалім халықтық ұғымдарды (ұзындық, «бір сүйем», «бір құлаш»», «қозы көш», «бір тұтам», «бір елі», «екі елі», уақыт; «бір қарыс», «түс», «ымырт», «бие сауым», «сүт пісірім», салмақ; «бір шөкім», «бір уыс», «қос уыс», «бір ұрттам», «бір арқа», «тай тұяқ», «ат басындай алтын», «бір пұт», «бір қадақ», аудан; «үй орындай», «аядай») қолдана отырып, шама, өлшем бірліктерін заттарды түріне, формаларына, өлшеміне, көлеміне, ауданына қарай салыстыру, теңестіру тәсілі арқылы меңгертеді. Халықтың байрағы өлшем бірліктерін (шымшым-ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем; бір уыс қол саусақтарын жымдастыра бүгіп алдынғы өлшем) негізіне алу, оларды қазір бірліктермен салыстырмалы түрде қолдану оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі. [35]
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай негізгі 3 саты арқылы мақсатын айқындап қазақ этнопедагогикасы материалдарын мұғалімнің пайдалану формалары мен әдістерін кесте 4 арқылы негіздейміз
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектеп жағдайында пайдалануға мұғалімнің әдістемелік даярлығы әдістемесінің әлі де жасалып, жүйеленбегенін ескерсек, аталған даярлықты қалыптастыру өздігімен ізденісті, шығармашылықты іс-әрекетті, осы процестің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері, құралдары, ұйымдастыру формалары, нәтижесі айқын көрінетін, сонымен бірге оқушылар мен мұғалімнің өзара әрекеттері көрініс табатын іс-әрекеттер жүйесін талап етеді.
Мектепте мұғалімдер әдістемелік жұмыстың ұжымдық (конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқу, педагогикалық кеңес, т.б); топтық (пәндер, әдістемелік шығармашылық лабораториялар, клубтар, жас мұғалімдер кеңесі, т.б.) атқарады.
Мектеп өмірінде ұжым аса зор рөл атқарады. Мұғалімнің тұлғасы ұжымда қалыптасады. Ол өзіне қажетті 80-пайызға дейінгі ақпаратты адамдармен қарым -қатынас арқылы алады. Мұғалімдер өздерінің кәсіби тұрғыда қалыптастырып, дамуда қызметтес адамдардың ықпалын жоғары бағалайды (Кесте 2).
Мектепте әдістемелік функцияны жүзеге асыратын ұжымдық жұмыстың дәстүрлі формасы болып педагогикалық кеңес болып саналады.
Мұғалімдерге қазақ этнопедагогикасы материалдарынан әдістемелік даярлық беруде конференция, семинар, педагогикалық оқу, шығармашылық есеп, жарыс,т.б. ұжымдық әдістемелік жұмыс формаларының да ғылыми-практикалық маңызы үлкен. Жұмыстың бұл түрлері мұғалімдерді этнопсихологиялық, этнопедагогика саласындағы жаңалықтармен, озық этнопедагогикалық тәжірибелерімен таныстырылады. Мұғалімдердің міндеті осы жұмыс формаларын ұйымдастыру, жаңа идеяларды ой елегінен өткізу болып саналады.
Әдістемелік жұмыстың ұжымдық формасымен салыстырғанда мұғалімдер үшін топтық жұмыс формасының тиімділігі жоғары. Әдістемелік бірлестіктерде қазақ этнопедагогикасы материалдарын саласындағы көкейкестік проблемалар (мұғалімнің қызығушылығына қарай) қарастырылады. Қызметтес достарымен бірлесе отырып, олардың шешімін іздестіру, пікір алысып, ой бөлісу мұғалімнің кәсіби тұлғалық қалыптасуына көмектеседі.
Мұғалімдер қазақ этнопедагогикасы материалдарын топтық жұмыс формаларында (ұжымдық және дербес жұмыстарға қарағанда) пайдалануда біраз қиыншылықтар кездеседі. Атап айтқанда:
проблема бойынша белгілі бір мақсат қоя білмеуі
жоспардың толымсыздығы
белсенділіктің төменділігі
үйлестіру мен бағыттаудың саяздығы
нәтижесін талдау білмеушілігі
Сондықтан мақсатты дұрыс қоя білу компоненттер мен функциялар бірлігінде жүйені дұрыс көре білу іскерлігіне, ішкі және сыртқы іс-әрекетіне, мақсатты жүзеге асырудың кешенді құралын нақты таба білуге; әрбір кезеңде көптеген міндеттердің ішінен бастысын, басқа міндеттердің шешіміне ықпал ететінін тыңдай білуге; мақсатқа жетудің әр түрлі жолдарын іздестіруге байланысты. Мектеп үшін қойылған мақсаттың нақтылығы оның барлық құрылымдарына, әдістемелік бірлестікке де негіз болады.
Кесте 2 - Мұғалімдерді қазақ этнопедагогикасын пайдалануға оқытудың негізгі формалары мен әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |