Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен


Сөз энергетикасы – қатынасқа реңк береді



бет3/5
Дата06.02.2023
өлшемі79,5 Kb.
#65343
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ағаш тамырымен

Сөз энергетикасықатынасқа реңк береді


Практикалық өнегемен қатар сөзбен әдіптеу де энергетикалық әсері зор құрал екенін есте тұтқан абзал. Бала күнделікті 5-8 мәрте жақындарының құшақтауын, себепсіз әңгімелесуін қажет етеді. Мұндағы басты қағида шынайы болу. Сол кезде мына сөздерді қолданған дұрыс:

  • Мен саған сенемін!

  • Мен өзіңмен мақтанамын!

  • Кез келген сәтте өзіңмен біргемін!

  • Ақылдым сол..! Ақылыңнан айналайын!

  • Мен өзіңмен ақылдасқым келеді;

  • Мұның да дұрыс шығар;

  • Сенің де қателесуге хақың бар;

  • Маған… (баланың бір қасиет-ерекшелігі) ұнайды;

  • Менен кез келген нәрсе туралы сұрауыңа болады;

  • Сені ұрыссам да, жақсы көремін;

  • Неге бұлай болды деп ойлайсың?

Айтпақшы, бұл сөздер тек кинодағы кейіпкерлерге арналмағандығын ұмытпаңыз.

Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды


"Балаға жаның ашыса, оны аяма" дегеннің мәні беталды қаталдық емес, ата-ана тарапынан белгілі бір талаптың қойылуы деп ұққан жөн. Баланың бар қалауы ешбір сыни көзқарассыз жүзеге асуы – бақылаудың жоқтығынан, мұның соңы жақсылыққа апармайды.
Ата-ана жағдайға қатысты баламен түрлі формада байланыс жүргізуі тиіс. Тыйым да – вакцина, қажет тұсында!

Бала – үй айнасы


Ата-анамен қарым-қатынас баланың психикалық мінез-болмысын, ой-түсінігін, әлеуметтік ортадағы рөлін қалыптастыруда алғышарт. Бұдан да маңыздысы, бала бойынан, өзін-өзі ұстауынан ата-анасымен қарым-қатынас деңгейін көруге болады. Яғни әке мен шешенің бірін-бірі толықтырып, ортақ тәрбиелеуі бүлдіршіннің қоршаған ортасына сенімін, сезім-күйін қалыптастырады.
Психолог мамандардың зерттеуіне қарағанда, бала-ата-ана мәмілесі екі түрде жүреді:
Терең-қарапайым қарым-қатынас – күнделікті тұрмыстағы сезімге толы, эмоциялық тұрғыда толайым, баламен жүргізілетін, "байқалмайтын", мазмұнды әрі жанды байланыс. Тілі шықпаған нәрестемен тілдесу, оған ерекше назар аудару – баланы бақытқа бөлеп, дамуын ілгерілететін, оның бойындағы бар потенциалын ашып, гүлдеуіне жағдай жасайтын платформа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет