Практикалық өнегемен қатар сөзбен әдіптеу де энергетикалық әсері зор құрал екенін есте тұтқан абзал. Бала күнделікті 5-8 мәрте жақындарының құшақтауын, себепсіз әңгімелесуін қажет етеді. Мұндағы басты қағида шынайы болу. Сол кезде мына сөздерді қолданған дұрыс:
Айтпақшы, бұл сөздер тек кинодағы кейіпкерлерге арналмағандығын ұмытпаңыз.
Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды
"Балаға жаның ашыса, оны аяма" дегеннің мәні беталды қаталдық емес, ата-ана тарапынан белгілі бір талаптың қойылуы деп ұққан жөн. Баланың бар қалауы ешбір сыни көзқарассыз жүзеге асуы – бақылаудың жоқтығынан, мұның соңы жақсылыққа апармайды.
Ата-ана жағдайға қатысты баламен түрлі формада байланыс жүргізуі тиіс. Тыйым да – вакцина, қажет тұсында!
Бала – үй айнасы
Ата-анамен қарым-қатынас баланың психикалық мінез-болмысын, ой-түсінігін, әлеуметтік ортадағы рөлін қалыптастыруда алғышарт. Бұдан да маңыздысы, бала бойынан, өзін-өзі ұстауынан ата-анасымен қарым-қатынас деңгейін көруге болады. Яғни әке мен шешенің бірін-бірі толықтырып, ортақ тәрбиелеуі бүлдіршіннің қоршаған ортасына сенімін, сезім-күйін қалыптастырады.
Психолог мамандардың зерттеуіне қарағанда, бала-ата-ана мәмілесі екі түрде жүреді:
Терең-қарапайым қарым-қатынас – күнделікті тұрмыстағы сезімге толы, эмоциялық тұрғыда толайым, баламен жүргізілетін, "байқалмайтын", мазмұнды әрі жанды байланыс. Тілі шықпаған нәрестемен тілдесу, оған ерекше назар аудару – баланы бақытқа бөлеп, дамуын ілгерілететін, оның бойындағы бар потенциалын ашып, гүлдеуіне жағдай жасайтын платформа.