Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен


Саяз-күрделі қарым-қатынас



бет4/5
Дата06.02.2023
өлшемі79,5 Kb.
#65343
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ағаш тамырымен

Саяз-күрделі қарым-қатынас – формаға басымдық берілетін, өмірлік нақты қалыптасқан іс-шаралар бойынша құрылымдық байланыс. Көбінесе тергеу-сұрау түрінде көрініс табады. "Сабағыңды қарадың ба?", "Қайда жүрдің?", "Неге олай етесің?" деген сауалдар мен көбесі сөгілмеген тыйымдар. Мұның салдары бағусыз бетімен кеткен, ата-анасынан жасырары көп, меселі қайтқан мұңшыл күйге әкелуі әжеп емес.
Баланы дамытуда терең-қарапайым қарым-қатынастың рөлі басым. Баланың қалау-сұранысына жіті мән беру, оның қажеттілігін сезіну, онымен әңгімелесу, сіз үшін "болмашы" мәселені шешуге талпыну-талқылау қажет. Сонда баланың сізге сенімі беки түседі. Перзентіңіздің бойында болашақта маңызды мәселелерді тартынбай сізбен еркін бөлісіп, кеңесетін дағды қалыптасады. Қарапайым отбасылық қатынасты реттеп, кез келген "мәселенің" жауабын табуға әдеттенген баланың өмірге дайындығы ширап, иммунитеті нығаяды.
Терең-қарапайым қатынассыз баланы тәрбиелеу мүмкін емес. Бала бақытының кілті – осында. Әл-Фарабидің "Тек бақытты адамдар ғана ізгі істер атқаруға қабілетті болады" деген тәпсірінің астары риясыз сенім мен татулықты ұстын еткен ортада болса керек.

ХХІ ғасырдың жас ата-аналары бүй дейді


Қарым-қатынаста кемдік көрмей, мейірге қанып өскен баланың толық адам болатынын айттық. Енді қазіргі таңда көздегені шен-шекпен не сырт сөз емес, өз бақытын өзінен табатын таутұлға тәрбиелеуге тырысып жүрген ізденістегі жас әкелердің тәжірибесіне мойын бұрсақ.
Педагог-тренер, MIE educator, бала тәрбиесі бойынша тренингтер авторы, "Ата-аналар клубы" қоғамдастығының негізін қалаушы, Shonbay Online университетінің лекторы Ескендір Бестай "бұрын бұл ілім белгілі бір деңгейде табиғи жолмен ұрпақтан ұрпаққа беріліп келгенін" айтады. Ал қазір дайындық керек. Бұл оқу курсына я тренинге қатысу емес, одан да маңызды "Физикалық, психологиялық және қаржылық дайындық. Стресс пен қысымға төтеп бере алу білігі. Қарым-қатынас құра алу дағдысы".

Ескендір Бестай / Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды


Педагогтың пікірінше, әке мен ананың рөлі екі басқа: ана көбіне баланың танымдық дамуына жауап берсе, әке әлеуметтік және эмоциялық қалыптасуына себепші.
"Бес жасқа дейін патшаңдай төбеңе тұт, он үшіне дейін құлша жұмсап, мүшел жасынан бастап досыңдай сырлас" деген этнопедагогикалық идеологиялық қағида қашанда өзекті. Адам капиталы бәсекеге түскен заманда жұмысбасты ата-ана балаға өз деңгейінде көңіл бөле алмайды. Жанды қарым-қатынастың әлсіреуінің салдары туралы жас әке:
– Мейірге қанбаудың бірінші салдары баланың ата-анасына тиетіні айтпаса да түсінікті. Дұрыс араласа алмаудан бастап соңғы күндеріңді қарттар үйінде өткізуге дейін апарады. Отбасын құруға да қауқарының болуы екіталай. Ата-ана болуы да биологиялық деңгейден аспайды-ау, – дейді.
"Кеңестік кезеңдегі ата-ана портреті қандай? Бүгінгі ата-ананың алдыңғы буыннан айырмашылығы неде?" – деген сауалға қатысты маман пікірі ерекше ойға қалдырады. Педагог-тренердің ойынша "екі лектің ата-аналарында түбегейлі айырмашылық жоқ". Уайымы мен қорқыныштары ортақ жандар.
Төрт баланы тәрбиелеп отырған Ескендір Бестай "Тек алдыңғы ұрпақтың күйбең тірлікпен балаға уақыты болмады. Сонысымен бір үлкен қызмет етті ме деп те ойлаймын.
Ата-ана бала үшін ең жақын адамдар ретінде оның дамуына, тұлғалық қалыптасуына орасан зор әсер ете алатын платформа десек болады. Алайда сонымен бірге олар ең үлкен қауіп. Яғни, купол да бола алады. Өкінішке қарай, қазір көбіне солай да болып жүр. Осы екеуінің арасында тірлікпен не өзге себеппен немқұрайлы "ата-ана" да кездеседі. Енді осы тұста купол ата-анадан немқұрайлылық әлдеқайда жақсы-ау. Себебі балада шанс көбірек", – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет