Қаптаушы заттар — бұл индифферентті заттар, суда ісініп, шырыш тәрізді коллоидтықерітінділер калыптастырады. Шырышты кабыкты қаптайды, сезімтал жүйке ұштарының тітіркенуіне кедергі жасап, осылайша оларды қорғайды. Олар сондай-ақ уланған жағдайларда арнайы емес қорғаушы заттар болып табылады. Қаптаушы заттар шығу тегіне байланысты 2 топка бөлінеді:
бейорганикалық қаптаушы заттар (алюминий гидроксиді, магний үшсиликаты);
органикалық қаптаушы заттар (картой, жүгері, бидай шырышының крахмалы, зығыр тұкымының шырышы т.б. Қаптаушы касиеттер сондай-ақ, күріш, сұлы, алтейдің тамыр түйнегінде, желе қайнатпаларында бар.
Фармакологиялықәсері: кабынуға қарсы; іш өтуге қарсы (диареяға қарсы); ішінара адсорбциялаушы. Қаптаушы заттар сіңірілмейді, сондықтан резорбтивті әсері жоқ. Қаптаушы заттар тобына жұмсартқыштар да жатқызылады (вазелин майы, какао майы, глицерин). Қаптаушызаттарды негізінен АІЖ қабыну ауырулары кезінде, сондай-ақ тітіркендіргіш қасиеттері бар заттармен бірге және кышқылдар мен сілтілермен уланғанда, қабынған немесе ойық жара бетін корғау үшін ұзақ мерзімді тағайындайды (2—3 апта), ал клиникалықтоксикологияда удың сіңуін төмендету үшін қолданылады. Адсорбциялаушы заттар Адсорбциялаушы заттар — суда ерімейтін, адсорбциялау ауқымы кең, тіндерді тітіркендірмейтін ұсақ ұнтак тәрізді инертті заттар болып табылады. Бұл заттар, өздеріне химиялық қосылыстарды адсорбциялап, олардың сезімтал жүйке ұштарына тітіркендіргіш әсерінен қорғайды. Сонымен қатар, олар теріні немесе шырышты қабықты қамтитын жіңішке қабат түзіп, сезімтал жүйке ұштарын механикалық әсерден қорғайды. Негізгі әсерлер: адсорбциялаушы; детоксикалық (арнайы емес қорғаныс құралы болып табылады); ауру сезімін басатын. Классикалық адсорбциялайтын заттарға белсендірілген көмір, тальк, ақ балшық, алюминий гидроксиді, карболен және т.б. жатады. Белсендірілген көмір барлық жедел улануларда (алкалоидтармен, ауыр металдардың тұздарымен және т.б.) қолданылады. Осы мақсатта, науқасқа ауыз арқылы немесе зонд арқылы белсендірілген көмірді суспензия түрінде қолданады. Таблетка түрінде белсендірілген көмірді метеоризм кезінде газдар адсорбциясы үшін (күкіртсутегін жұтады) және диспепсия, азық-түліктен улану кезінде тағайындайды. Афферентті жүйке ұштарының сезімталдығын арттыратын заттар Бұларға тітіркендіргіш заттар, сондай-ақбаска да фармакологиялық топтардан (ащы заттар, тыныс алуды рефлекторлы қоздыратын т.б.) жатады, олар тиісті бөлімдерде талқыланатын болады. Тітіркендіргіш заттар Тітіркендіргіш заттарға — терінің, шырышты қабықтың сезімтал жүйке ұштарын ынталандыратын заттар (қыша, тазартылған шайыр (скипидар), камфора, ментол, аммиак) жатады. Олардың мынадай әсерлері болады:
аландатушы (алдаушы) әсері — нәтижесінде ауру сезімі төмендейді;
трофикалық әсері — ауру үдерісіне ұшыраған мүшелер мен тіндердің трофикасын (канмен жабдықтау және коректік) жақсартады;
тыныс алу мен қан айналым жүйесінің кызметін өзгертеді.
Алаңдатушы (назарын аударушы) және трофикалық әсерлер үшін қыша майын, тазартылған терпин майын, камфораны пайдалану тиімді. Қыша — қыша қағазы, ол — ұсақ ұнтақ түріндегі қыша тұқымдарының жұқа қабатымен қапталған қағаз. Қолданар алдында, жылы суға (шамамен 38 °С) қысқа мерзімге батырыды. Тыныс алу ағзаларының аурулары, стенокардия, невралгия, миалгия кезінде колданылады. Зақымданған теріге қолданбаған жөн. Тазартылған терпентин майыныңжоғарыда айтылған әсерлерінен басқа қосымша антисептикалық әсері бар. Негізінен сыртқа жағып, ысыту үшін жақпа, линимент түрінде невралгия, миозит, ревматоидты артрит кезінде тағайындайды. Бауыр мен бүйрек зақымдануына қарсы көрсеткіш, себебі бүлінбеген тері аркылы жақсы сіңеді және осы ағзалардың жұмысына теріс әсер етеді. Аммиак (мүсәтір спирті) ерітіндісімен дем алғанда рефлекторлы тыныс алу орталығын, жоғарғы тыныс жолдарындағы рецепторларға (үшкіл жүйкенің жүйке ұштарына) әсер ету арқылы тітіркендіреді. Естен тану кезінде және жедел жағдайларда тыныс алу орталығын ынталандыру үшін мүсәтір спиртіне малынған кішкене мақтаны, дәкені немесе ампуладағы түрін, мұрынға (0,5—1 сек) жақындату арқылы қолданады. Ампуланың ұшын сындыру кезінде ерітінді мақта-дәкелік затқа сіңіп қалады. Кейде этил спиртімен уланғанда кұсуды қоздыратын зат (100 мл суға 5—10 тамшы) ретінде ішке қабылдайды, тек ерітінді түрінде. Жәндіктер шаққанда сыртқа жағу арқылы қолданылады. Хирургиялық тәжірибеде Спасокукоцкий және Кочергин әдісімен қолды жуу үшін қолданылады. Ерітінді микробқа қарсы әсер етіп, теріні жақсы тазалайды. Аммиакты дерматит, экзема және басқа да терілік ауруларда жергілікті қолдануға болмайды. Препаратты ерітпей қолданса, өңеш және асқазанның күйіктерін тудырады. Көп мөлшерде мүсәтір спирті демнің рефлекторлык тоқтауын болдыруы мүмкін. Ол мүсәтір-анис тамшыларының кеуделік эликсирінің, аммиакты линиментінің кұрамына кіреді; невралгия, миозиттерде т.б. сылау үшін колданылады. Ментол — тік жалбыз препараты, суық рецепторларын таңдамалы тітіркендіреді (теріні ысыту және шырышты қабыққа қолдану кезінде), мұздау, жеңіл күю және шаншу сезімдерін туғызады, жеңіл түрде жергілікті жансыздандыру әсерін көрсетеді, сондай-ақ, әлсіз антисептикалық қасиеті бар. Невралгияда, миалгияда, артралгияда тағайындайды; дуылдатушы — дерматозда, мигрень кезінде тағайындалады. Жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларына (тұмау, фарингит, ларингит, трахеит т.б.) шалдыққанда ментолды жағуға, ингаляция түрінде және мұрынға тамшы түрінде тағайындайды. Ерте жастағы балаларға мұрын мен жұтқыншақты ментолмен майлауға карсы көрсеткіш, себебі рефлекторлык тыныс тежелуі және демінің тоқтауы ықтимал. Ментолды ішке тыныштандырушы зат ретінде береді, оны жиі шүйгіншөптің, итжидегінің қайнатпасымен бірге, кейде валидол таблеткаларының құрамында стенокардияның жеңіл түрінде тағайындайды.