Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың Қозуына



бет2/15
Дата04.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#89907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2. Иифильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қолданылатын заттар Новокаин Тримекаим
52
3. Анестезияның барлық түрінде қолданылатын заттар Лидокаин
Кейбір препараттардың тек беткейлік анестезияда қолданылуы олардың I уыттылығының басым болуына (кокаин, дикаин) немесе суда нашар еруіне | (анестезин)байланысты.
Медициналық практикада бірінші анестетик болып Еrуthroxylon сoса өсімдігінің ңтүстік Америкада өседі) алколоиды - кокаин қолданылды. Метилэкгонин2 мен бензой қышқылының күрделі эфирінің гидрохлориді болып табылады. Анестетикалық белсенділігі новокаинге қарағанда жогары. Кокаиннің қолданылуы оның уыттылымен шектепеді. Тіпті беткейлік анестезияда кокаинді сақтықпен қолдану керек, өйткені ол иіырышты қабаттардан сіңіп, жанама және уытты әсерлердің себебі балуы мүмкін. Кокаин көбінесе көз практикасында қолданылады,, оның ерітіндісін көздің (дәнекер қабығының (конъюнктива) қуысыпа тамызады. Шамамен 1 сагатқа созыяатын айқын беткейлік анестезияда кокаин ақ қабық (склера) таырларын тарылтып, қарашықты кеңейтеді. Көз іші қысымы әдетте төмендейді. Бірақ кейбір адамдардың көз іші ңысымы күрт жогарылайды (көз іші сұйығының ағып кетуінің бұзылуымен болар). Кокаин, әсіресе ұзақ қолданғанда қасаң қабықтың (роговица) эпителиініц түлеуін және ойылуын шақырады. Резорбтивті қолданғанда кокаин ОЖЖ-не ынталандырғыш әсер көрсетеді. Әсерлері төмендеген тәртіппен дами., Бәрінен бұрын бас миы қыртысының кызмет жағдайын бұзады. Эйфория, тынышсыздық, психомоторльқ қозу дамиды және шаршау, аштық сезімдерінің төмендеуі, гаплюцинациялар болуы мүмкін. Кокаин сопацша мидың орталықтарын (тыныс, тамыр қозғалтқыш, ңұсу орталықтары) ынталандырады, тырысу болуы мүмкін. Егер кокаиннің мөлшері шамадан тыс болса, ОЖЖ-нің қозуы тежелуге ауысады. Өлім сопақша мидың өмірге қажетті орталыңтарының (көбіне тыныс орталығы) тежелуімен шақырылады.
1.1. Кесте. Кейбір анестетиктердің анестезиялық белсенділігі мен
уыттығының салыстырмалы сипаттамасы (шартты бірлік)


Препарат




Анестезия кезіндегі белс

белсенділігі







Ьетксйлік

Инфильтрациялык

Өткізгіштік

Уыттығы

Кокаин Дикаин Новокаин Тримскаин Лидокаин

1
10-20 0,1
0,4
0,5

3,5
10-20
1
.3-3,5
2-4

1,9
10-20
1
2,5-3,5 2-3

3,5
10-15
1
1,2-1,4
1,5-2

Кокаиннің адренергиялық, иннервацияға әсері ерекше. Оның қозу әсерлерін күшейтеді, сонымен қатар кейбір адреномиметиктердің әсерлерін шамадан тыс күшейтеді. Бұл кокаиннің адренергиялық талшықтардың варикозды кеңеюлері мен катехоламиндердің нейроналды ұсталуын тежеуіне байланысты. Кокаиннің тамырларды тарылту, артериялық қысымды жоғарылату (тамыр қозғалтқыш орталығына ынталандырғыш әсер көрсетуімен қатар), тахикардия және мидриаз шақыру қабілеттілігі осымен түсіндіріледі.
Кокаинмен жедел уланғанда бәрінен бұрын оның енгізген жерден сіңуін азайту қажет. Егер бұл ас қорыту жолдары болса - асқазанды шаю жүргізіледі (калий перманганатының 0,05-0,1% ерітіндісімен), адсорбциялаушы заттар мен тұзды іш жүргізгіш заттар тағайындалады. Кокаин шырышты қабатқа енгізілсе оны натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен шаяды. Бұдан басңа кокаиннің енгізілген жеріне мұзды қапшық қояды. Ауыр уланған кезде қосымша тыныс, сонымен қатар трахеотома мен жасанды тыныс беруге дайын түру керек. Қозуды жою үшін көк тамырға диазепам енгізеді.
Кокаинді ұзаң қолданғанда (мұрын арқылы тарту, кока жапырағын шайнау, кейде көк тамырға енгізу) дәріге тәуелділік туады (кокаинизм). Мұның себебі кокаиннің әсерінен пайда болатын эйфория: көңіл-күйдің көтерілуі, жағымсыз эмоциялар мен сезімдердің жойылуына байланысты болуы мүмкін. Кокаинді қабылдауды кенеттен тоқтату психикалық күрделі жағдайлар шақырады, бірақ опиоидты анальгетиктерден (героиннен немесе морфиннен) туатын дәрілік тәуелділік секілді ауыр абстиненция кокаинизмде болмайды. Бұл кокаинге физикалық емес, психикалық тәуелділіктің дамуымен түсіндіріледі. Кокаинге бейімделу болмайды немесе аз дәрежеде байқалады.
Көбіне беткейлік анестезияда қолданылатын препараттарға д и к а и н (тетракаин гидрохлориді)1 жатады. Химиясы бойынша парааминобензой қышқылының туындысы. Белсенділігі жағынан кокаиннен 10 есе артық, бірақ уыттығы 2-5 есе жоғары (1.1. кестені қара). Дикаинді көздің шырышты қабатының анестезиясында қолданғанда ол көз іші қысымына және аккомодацияға әсер етпейді. Қарашықтарды кеңейтпейді. Қасаң қабыктың шырышты қабатының тітркенуі мүмкін. Дикаин тамырларды кеңейтеді, сондықтан шырышты қабаттардың анестезиясында оны адреналинмен немесе басқа адреномиметиктермен жұптастырған жөн. Кейбір жағдайларда дикаин эпидуралды анестезияда қолданылады. Дикаинді беткейлік және эпидуралды
1 Ресей Федерациясында қабылданған препараттардың негізгі атаулары сиректеліп жазылған; көбіне жиі қолданылатын синонимдері негізгі атауларынан кейін жақшада берілген.
54
анестезияларда қолданғанда абайлап мөлшерлеу керек. Дикаин шырышты қабаттардан жақсы сіңеді, жоғары емдік мөлшерден сәл асуы күрделі уытты әсерлердің дамуына, ал кейбір жағдайларда өлімге әкелуіне себеп болады.
Беткейлік анестезияда тағы пиромекаин қолданылады,құрылымы тримекаинге ұксас.
Аталған препараттардың ішінде парааминобензой қышқылының туындысы анестезин суда нашар ериді (спиртте, майларда жеңіл ериді).Осыған байланысты оны себілгілер, пасталар, жағылмалар ретінде терінің зақымдалған бетіне), сонымен қатар ұнтақтар, таблеткалар, суспензиялар түрлерінде ас қорыту жолдарының шырышты қабатына (мысалы, асказан ауырғанда) әсер ету үшін энтералды қолданылады. Сондай-ақ анестезин тік ішектің жарықтарында, геморройда суппозитория
түрінде тағайындалады. Барлық жағдайларда анестезин беткейлік анестезия шакырады.
Айрыкша инфильрациялык және өткізгіштік анестезияларда новокаин және тримекаин қолданылады.
Новокаин (прокаин гидрохлориді) диэтиламиноэтанол мен парааминобензой қышқылының күрделі эфирі. Медициналық практикада гидрохлорид түрінде қолданылады. Айқын анальгезиялық белсенділігі жеткілікті, бірақ басқа препараттардан төмен. Инфильтрациялық анестезияның ұзақтығы 30 мин - 1 сағ кұрайды. Новокаиннің үлкен артықшылығы оның уытығының төмендігі. Бұл оның метаболиттеріне де қатысы бар. Новокаин шырышты қабаттардан нашар сіңеді, сондықтан оны беткейлік анестезияда сирек қолданады (кейбір жағдайларда оны осы мақсаттарда «оториноларингологияда 10% жоғары концентрациялы ерітінділері қолданылады). Новокаиннің кокаиннен айырмашылығы тамырларды тарылтпайды. Олардың тонусы өзгермейді немесе біраз төмендейді, сондықтан новокаин ерітінділеріне адреномиметиктерді (мысалы, адреналин) қосып отырады. Адреномиметиктер тамырларды тарылтып, новокаиннің сіңуін баяулатады, оның анестезиялық әсерін күшейтеді және ұзартады, сонымен қатар уыттығын төмендетеді.
Новокаин резорбтивті әсер көрсеткенде жүйке жүйесін айқын тежейтін қасиеттері байқалады. Анальгетикалық белсенділігі жеткілікті. Ми бағанасының ретикулярлы формациясының төмендеуші тежегіш қасиеттерін жояды. Висцералды рефлекстерді және соматикалық полисинаптикалық жұлындық рефлекстерді басады. Үлкен мөлшерлерде тырысу шақыруы мүмкін. Ацетилхолиннің преганглионарлы талшықтардан шығуын төмендетіп, ганглиоблокаторлық әсер көрсетеді. Көп мөлшерлерде қозғалыс талшықтарының ұштарынан ацетилхолиннің бөлінуін тежеп, жүйке-бұлшық еттік берілулерді бұзады.
55
Новокаиннің жүрек-тамыр жүйесіне ықпалы гипотензивті қасиетімен (препараттың ОЖЖ-не және симпатикалық ганглийлерге тежегіш әсерлерінің салдарынан), сол сияқты аритмияға қарсы қысқа уақытты әсерімен (тиімді рефрактерлі кезеңді және жүректің өткізгіш жүйесімен өту уақыты ұзарады, қозғыштық пен автоматизм басылады ) байқалады.
Новокаин ағзада қанның сары суы мен тіндердің эстеразаларымен айтарлықтай жылдам гидролизге түседі. Оның негізгі метаболиттері диэтиламиноэтанол және парааминобензой қышқылы. Соңғысы сульфаниламидтер тобының антибактериалды заттарымен бәсекелес антагонист екендігін ескеру қажет (27.2 тарауды қара). Новокаиннің ыдыраған өнімдері бүйрек арқылы шығады.
Сонымен қатар инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда құрылысы лидокаинге ұксас қосылыс — тримекаин қолданылады. Препарат новокаиннен 2-3 есе белсенді, бірақ уыттығы басым.
Новокаинге қарағанда әсері ұзақ (2-4 сағ). Тіндерді тітіркендірмейді. Жиі адреналинмен бірге қолданылады. Беткейлік анестезияда белсенділігі шамалы ғана (жоғары концентрациялы - 2-5% ерітінділер болуы тиіс).
Тримекаин бас миы қыртысына және ми бағанасының жоғарылаған ретикулярлы формациясына тежегіш әсер көрсетеді. Тыныштандырғыш, ұйықтатқыш және тырысуға қарсы әсерлері бар.
Тримекаинді инфильтрациялык және өткізгіштік анестезияда қолданғанда жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жағынан айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Жанама әсерлерінен кейбір кездерде препаратты енгізген жерде ашу сезімі және лоқсу, кұсу, интоксикация кезінде клоникалык тырысулар байқалады.
Жүйелік әсерінде аритмияға қарсы белсенділік көрсетеді. Бұл жағдайда оны көк тамырға енгізеді.
Анестезияның барлық түрінде лидокаин тиімді (ксикаин, ксилокаин). Ол беткейлік, инфильтрациялык, өткізгіштік, перидуралды, субарахноидалды және анестезияның басқа да түрлерінде қолданылады.
Анестезиялық белсенділігі новокаиннен 2,5 есе басым және 2 есе ұзақ әсер етеді. Мысалы, адреномиметиктермен жұптастырғанда новокаин ұзақтығы шамамен 1,5-2 сағ, ал лидокаин - 2-4 сағ (0,5% ерітінді) анестезия шақырады. Лидокаиннің уыттығы концентрациясына байланысты новокаинмен бірдей немесе біршама жоғары.
Лидокаин тіндерге тітіркендіргіш қасиет көрсетпейді. Конъюнктива қуысына тамызғанда қарашықтың көлеміне және тамырлардың тонусына әсер етпейді.
56
Лидокаинді адреналинмен бірге қолданған жөн (уыттығы төмендейді және анестезияның ұзақтығы ұлғаяды).
Лидокаинмен уланғанда ұйқышылдык, көру қабілетінің бұзылуы, лоқсу, дірілдеу, тырысу байқалады. Ауыр жағдайларда жүрек-тамыр бұзылыстары мен тыныстың тежелуі дамиды.
Жалпы айтқанда лидокаин универсалды қолданылатын бағалы анестетик болды. Лидокаин және оның метаболиттері сульфаниламидтермен бәсекелес әрекеттесуге түспейді. Әсіресе лидокаин (немесе тримекаин) новокаинді және парааминобензой қышқылының туындылары жақпаған кездерде тағайындалады. Лидокаинге аритмияға қарсы тиімді зат ретінде көп көңіл бөлінеді (14.2тарауды қара).
Лидокаинге химиялық кұрылысы және фармакологиялық қасиеттері жағынан бупивакаин гидрохлориді ұқсас. Белсенділігі жоғары және ұзақ әсерлі жергілікті анестетик. Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияларда қолданылады. Әсері 5-10 мин ішінде басталады. Эпидуралды енгізгенде анестезия 3-4 сағ; қабырғааралық жүйкелерді тежегенде - 7-14 сағ; бірқатар жағдайларда 24 сағ және одан да ұзақ уақытқа сақталады.
Наркозға арналған заттардың, наркотикалық қасиеті бар ұйықтатқыш заттардың, психозға қарсы заттардың опиоидты анальгетиктердің қатысында анестезиялаушы заттардың әсерлері күшейеді, ал ОЖЖ-нің қоздырғыштарымен (аналептиктермен) жұптастырса төмендейді.
1.2. ҚАРМАУШЫ ЗАТТАР
Қармаушы заттар әсері жергілікті қабынуға қарсы (антифлогистикалық1) препараттарға жатады (қабынуға қарсы заттар жайлы 24 тарауды қара). Оларды шырышты қабаттардың және терінің қабыну үрдістерін емдеу үшін қолданады. Бұл пепараттарды енгізген жерлерде жасушадан тыс сұйықтың, шырыштың, экссудаттың, жасуша бетінің (жасуша мембранасы) коллоидтарының тығыздалуы (белоктардың жартылай коагуляциясы) байқалады. Осылай пайда болған қабық сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды және ауыру сезімі төмендейді. Сонымен қатар жергілікті тамырлардың тарылуын, олардың өткізгіштігінің төмендеуін, экссудаттың азаюын, сонымен қатар ферменттердің ыдырауын шақырады. Осы көрністің бәрі қабыну үрдістерінің дамуына кедергі жасайды.
Қармаушы заттар келесі топтарға бөлінеді:
а) Органикалық

Танин Емен қабығының қайнатпасы


Грек тілінен phlogizo- өртеймін.
57
6) Бейорганикалық
Қорғасын ацетаты Висмуттың негізгі нитраты Ашудас
Мырыш тотығы Мырыш сульфаты Мыс сульфаты
Күміс нитраты
Т а н и н - галлоилікті (галлодубильная) қышқыл. Кіші азиялық еменнің немесе сумах тұкымдас өсімдіктердің өскіншегі болып келетін сия жаңғақтарынан(чернильные орешки) (Gаllае tиrсісае) алынады. Ерітінділер және жағылмалар түрінде тағайындалады.
Емен қабығынан дайындалған қайнатпада қармаушы әсер көрсететін илік заттардың айтарлықтай мөлшері бар.
Бейорганикалық қосылыстардың ішінен қорғасынның - қорғасын ацетаты [РЬ(СН3СОО)2• ЗН2О]; висмуттың - висмуттың не-гізгі нитраты [ВіNO)3(ОН)2. ВіОNО3 жәнеВіООН]; алюминийдің - а ш у д а с КАІ(SО4)2 • 12Н2О; мырыштың - м ы р ы ш т о т ы ғ ы (ZпО) және мырыш сульфаты (ZпSО4 . 7Н2О); мыстың - м ы с с у л ь-ф а т ы (СuSО4 . 5H2О); күмістің -күміс нитраты (АgNО3) препараттарына көп көңіл бөлінеді. Аз концентрацияда олар қармаушы, ал жоғары концентрацияда күйдіргіш әсер (альбуминаттар түзіледі, белоктар тұнбаға түседі) көрсетеді. Металдар тұздарының жергілікті әсері бөлініп шығатын анионға да (қышқылдар) байланысты. Қармаушы әсер алуда бөлініп шыққанда қоршаған тіндерді зақымдамайтын тығыз альбуминаттар (қорғасын, алюминий) мен әлсіз қышқылдар түзетін металдар тұздары өте қолайлы.
Қармаушы заттар тері бетінің, шырышты қабаттардың қабынуларында жуғыш, жағылғыш, шайғыш, қынапты жуғыш және себілгіштер түрінде сыртқа тағайындалады. Кейбір жағдайларда оларды ас қорыту жолдарының қабыну үрдістерінде (энтеритте, колитте) ішке (висмут препараттары, таниннің белокты препараты -танальбин) қабылдайды. Танин ерітіндісін күйіктерде жергілікті және ауыр металдардың тұздарымен, алколоидтар тұздарымен уланғанда ішке (егер олар ішекте болса) енгізеді. Соңғыларымен танин олардың сіңуіне кедергі жасай отырып, ерімейтін қосылыс түзеді. Бірақ кейбір алколоидтармен (морфин, атропин және т.б.) тұрақсыз кешен түзеді, сондықтан асқазанды тез шаю кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет