Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың Қозуына



бет14/15
Дата04.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#89907
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Миопаралитикалық әсердің кеңдігі - маңызды сипаттаманын бірі. Бұл заттың оған аса сезімтал бұлшық еттердің салдануын шақыратын мөлшері мен тынысты толығымен тоқтатуға арналған мөлшер аралықтарының динпазоны. Қолданылатын препараттар (мысалы, тубокурарин, панкуроний, пипекуроний) аз миопаралитикалық кеңдік әсерімен сипатталады.
Кураре тәрізді заттарды миопаралитикалык әсерлерінің ұзактығы бойынша шартты түрде 3 топқа бөлуге болады: қысқа әсерлі(5-10 мин) - дитилин; әсерінің ұзақтыгғ орташа (20-30 мин) –атракурий,векуроний; әсері ұ з а қ (30-40 мин және одан да көп) -тубокурарин, панкуроний, пипекуроний.
Кураре тәрізді заттардың антагонистін таңдау олардың миопаралитикалық әсерлерінің механизміне негізделеді. Деполяризацияға қарсы (бәсекелес) заттардың белсенді антагонистері холииэстеразаға қарсы (прозерин, галантамин) заттар. Соңғысы ацетилхолинэстеразаны тежей отырып, синаптикалық саңлауда ацетилхолиннің концентрациясын айтарлықтай жоғарылатады. Бұл жоғарыда айтылғандай Н-холинорецеп-торлармен байланысып тұрған кураре тәрізді қосылыстарды ығыстырып шығарып, жүйке-бұлшық еттік қозудың берілуін қалыпты жағдайға келтіреді. Сонытмен қатар, антагонист ретінде қозгалтқыш жүйкелердің ұштарынан ацетилхолиннің босап шығуына ықпал жасайтын пимадинді (4- аминопиридин) қолдануға болады.
Деполяризаииялаушы заттардың практикада нағыз антагонистері жоқ. Холинэстеразаға қарсы заттарды осы мақсатта қолдануға болмайды, өйткені олар деполяризаииялаушы кураре тәрізді заттардың әсерін жоя алмайды, керісінше оны күшейтеді. Кеңінен қолданылатын деполяризациялаушы зат дитилиннің әсері кұрамында дитилинді гидролизге ұшырататын плазма холинэстеразасы бар жаңадай цитратты қан енгізгснде тоқтайды.
Көптеген кураре тәрізді заттардың жүйке-бұлшық еттік синапстар жағынан жоғары таңдамалы әсері бар. Сонымен қатар, олардың ішінде кейбіреулері басқа да холинергиялық синапстарга әсер етуі мүмкін. Деполяризацияға қарсы заттардың бірқатарынын ганглиоблокаторлық белсенділіктері бар (әсіресе, тубокурариннің). Бұл қасиеті артериялық қысымның төмендеуімен, синокаротидті аймақтың және бүйрек үсті безінің милы қабатының Н-холинорецепторларын тежеуімен байқалады. Кейбір заттарға жүректің тахикардиясын шақыратын айқын М-холиноблокаторлық қасиет тән.
93
Тубокурарин және басқа да препараттар артериялық қысымды төмендететін және бронх бұлшық етінін тонусын жоғарылататын гистаминнің босап шығуын күшейтеді. Деполяризациялаушы кураре тәрізді заттар электролитгік тепе-теңдікке әсер етеді. Постсинаптикалық мембрананын деполяризациясын шақыру нәтижесінде қаңқа бүлшыққ еттерінен калий иондары шығып, олардың деңгейі экстрацеллюлярлы сұйық пен қан сары суында жоғарылайды. Бұл жүрек аритмиясынын себебі болуы мүмкін.
Деполяризациялаушы заттарды қолданғанда наркоздан кейінгі кезде фасцикуляцияның әсерінен пайда болған микротравмалар нәтижесінде бұлшық еттің ауыруы байқалады.
Деполяризациялаушы заттар ганглиоблокаторлық әсер керсетпейді. Көп мөлшерлерде олар ганглийлер мен бүйрек үсті безі милы қабатының Н-холинорецепторларын ынталандыра отырып, артериялық қысымды жоғарылатады.
Деполяризациялаушы кураре тәрізді заттар каңқа бұлшық еттерінің аннулоспиралды ұштарын ынталандырады. Бұл проприоцептивті талшықтарда афферентті импульсацияның күшеюіне әкеледі және моносинаптикалық рефлекстердіц тежелуін шақыруы мүмкін.
Төртіншілік аммоний тұздары қосылыстары ішіндегі кураре тәрізді заттардың көпшілігі ОЖЖ-не эсер етпейді (гематоэнцефалды тосқауылдан нашар өтеді).
Төртіншілік аммоний тұздары қосылыстарының кураре тәрізді заттары асқазан-ішек жолдарынан қанға сіңеді, сондықтан оларды парентералды, әдетте көктамырға енгізеді.
Кейбір заттар ағзада ферментативті ыдырауға ұшырайды. Алдында айтылғандай дитилиннің қысқа уакыт әсер етуі қан сары суының холинэстеразасымен гидролизге түсуіне байланысты. Кураре тәрізді заттар және олардың метаболиттері негізінен бүйрек аркылы шығады.
Кураре тәрізді заттар түрлі хирургиялык операциялар жүргізу үшін анестезиологаяда кеңінен қолданылады. Қаңқа бұлшық еттерінің босансуын шақыра отырып, кеуде және кұрсак қуыстарына, сондай-ақ кол-аяқтарға жасалатын көптеген операцияларды айтарлықтай жеңілдетеді. Оларды кеңірдек интубациясында, бронхоскопияда, шығып кеткен буындарды және сүйек сынықтарын қайта орналастыруда колданылады. Сонымен қатар, бұл препараттарды кейбір кездерде сіреспе емдеуде және электротырысулық терапияда қолданады.
Операцияның болжамды уақытына байланысты қажетті әсер ұзақтығымен препаратгар енгізіледі..
Кураре тәрізді заттардың жанама әсерлері аса қауіп төндірмейді. Олардьң
94

әсерінен артериялық қысым төмендеуі де (тубокурарин), жоғарылауы да дитилин) мүмкін. Бір қатар препараттар тахикардия шақыруы мүмкін (панкуроний). Кейде жүрек аритмиясы (дитилин), бронхоспазм (тубокурарин), көз іші қысымының жоғарылауы (дитилин) байқалады. Деполяризациялаушы заттарға бұлшық еттің ауыруы тән. Генетикалық тұрғыдан қан сары суының холинэстеразасы жетіспейтін адамдарда дитилин ұзақ уақыт апноэ (5-10 мин орнына 6-8 сағ және жоғары) тудырады.
Кураре тәрізді заттарды бауыр, бүйрек ауруларында және қарт адамдарға абайлықпен қолдану қажет.
Аталған заттар тыныс алуды тежейді немесе толығымен тоқтататынын ескерген жөн. Сондыктан бұл заттар медицина практикасында тек антагонистері бар болган кезде және жасанды тыныс беруге қажетті жағдайлар болса ғана қолданылады.
4Тарау
АДРЕНЕРГИЯЛЫҚ СИНАПСТАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР
Адренергиялық синапстарда козудың берілуі норадреналинмен жүзеге асады. Норадреналин шеткі иннервацияда адренергиялық талшықтардан қызмет атқарушы жасушаларға импульстің берілуіне қатысады.
Адренергиялық аксондар атқарушы мүшеге келгенде жүйке ұштарының қызметін атқаратын варикоздык кеңеюлері бар жіңішке талшықтар торына тармақталады. Соңғылары қызмет атқарушы жасушалармен синаптикалық тоғысулар түзуге қатысады. Варикоздық кеңеюлерде ішінде норадреналин медиаторы бар везикулалар (қапшықтар) болады.
Норадреналиннің биосинтезі адренергиялық нейрондарда бірқатар энзимдердің қатысуымен тирозиннен синтезделеді. ДОФА мен дофаминнің синтезі нейрондардың цитоплазмасында, ал норадреналиннің синтезі -везикулада жүреді.
Жүйке импульстарына жауап ретінде синаптикалық саңылауға норадреналин бөлінеді, ол өз кезегімен постсинаптикалық мембранадағы адренорецепторлармен байланысады. Ағзадағы адренорецепторлардың химиялық қосылыстарға сезімталдығы әр түрлі. Осыған негізделе отырып, α- және β-адренорецепторларды бөледі. Негізгі α-адренорецепторлар α1,-адренорецепторлар және α2-адренорецепторлар деп бөлінеді. α1-адренорецепторлар постсинантикалық, ал α2-адренорецепторлар пресинаптикалык жэне синапстан тыс орналасқан. Пресинаптикалық α2-
95
адренорецспторлардың физиологиялық рөлі норадреналиннің босап шығуы реттейтін кері теріс байланыс жүйесіне қатысуы. Бұл рецепторларды норадреналинмен (немесе басқа да α2-адреномиметикалық қасиеті бар заттармен) қоздыру варикозды кеңеюлерден1 норадреналиннің босап шығуын тежейді.
α2-адренорецепторлар атқарушы жасушалардың мембраналарында да синапстан тыс орналасқан. Тамырларда олар иннервацияланбайтын қабатта (ішкі) орналасқан деп жорамалдайды. Олар негізінен қандағы айналып жүрген адреналинмен қоздырылатын болар (α1,-адренорецепторлар норадреналин медиаторымен белсендіріледі).
Постсинаптикалық және синапстанан тыс β-адренорецепторлардың ішінен β1,-адренорецепторларды (мысалы жүректе), β2,-адренорецепторларды (бронхтарда, тамырларда, жатырда) және β3-адренорецепторларды (май тіндерінде) бөледі. Аталған β-адренорецепторлардың шоғырлану орындары материалды жеңілдету үшін берілгендігін ескеру қажет. Сонымен қатар, көптеген тіндерде рецепторлардың әр түрлері бар. Осылай, адамның және бірқатар жануарлардың жүрегінде β1-адренорецепторлармен бірге β2,-жэнс β3-адренорецепторлар да бар. Ал бронхтарда р,-адренорецепторлармен біргс Р,-адренорецепторлар табылған. Норадреналин таңдамалы түрде иннервацияланатын β-адренорецепторларға (постсинаптикалық рецепторлар). ал адреналин қанда болатын иннервацияланбайтын β2-адренорецепторларға (синапстан тыс рецепторлар) әсер етеді. Нейротропты әсерлердің көбінесе норадреналиннің қатысында β-адренорецепторлар арқылы, ал гуморалды әсерлер, мысалы айналымда жүрген адрсналиннің әсері β2-адренорецепторлар арқылы жүзеге асады. β3-адренорецепторлар β1- және β2-адренорецепторларға қарағанда барынша жоғары концентрациядағы катехоламиндермсн белсенеді. Пресинаптикалық β-адренорецепторлар да табылған (β2-адренорецепторларға жатады). α-адренорецепторлардан айырмашылығы олар норадреналиннің, босап шығуын жоғарылатып, оң кері байланысты жүзеге асырады. Бұл жайлы β-агонистер норадреналин медиаторының босап шығуын күшейтетінін, ал β-антагонистер оны тежейтінін айтады. Пресинаптикалық α-адренореиепторлардың тежегіш әсерлері де маңызды.
Адренорецепторлардың әр түрлеріне таңдамалы әсср ететін заттар да белгілі. Бұл агонистерге де, антагонистерге де тән (4.1. және 4.2. кестені қара).
1 Осындай ұқсас рөлді постганглиоиарлы холинергиялық талшықтар ұштарында орналасқан α2-адренорецепторлар атқарады деген болжамдар айтылуда (қоздырған кезде олар ацетилхолиннің босап шығуын төмендетеді).
96
Белгілі бір постсинаптикалық адренорецепторларды ынталандыру оларға тән әсерлердің белсенуімен жүреді (4.3. кестені қара). Мысалы, α-адренорецспторларды ынталандыру атқарушы мүшенің қызметінің жоғарылауына әкеледі (ішектің және бұлшық еттің төмендейтін тонусынан басқасы). α-адренорецепторларды ынталандыру иннервацияланатын мүше қызметінің төмендеуімен жүреді. Жүректің β- және β2-адренорецепторларын қоздыру жүректің жиырылу күші мен жиілігінің ұлғаюымен, автоматизмнің жоғарылауымен және атриовентрикулярлы өткізулердің жеңілдеуімен жүреді. β3-адренореценторларды белсендендіру қарыншалардың жиырылу күшін төмендетеді.
Тромбоциттерде ынталандырғанда агрегацияны жоғарылататын α-адренорецепторлар және қарама қарсы қызмет атқаратын β2-адренорецепторлар (оларды ынталандырса цАМФ-тың мөлшері жоғарылайды) бар.
4.1. Кесте. α-адренорецепторлардың әр түрлі типтеріне әсер ететін заттар


Адренорецепторлар

Агонистер

Антагонистер

α1

Мезатон

Празозин

α2

Клофелин

Йохимбин

α1+ а2

Адреналин. норалреиалин

Фентоламин



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет