Ағылшын тілі грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі


What (уат) What дегініміз қазақша «не» деген сұрау есімдігі. What есімдігі, негізінен, жансыз заттарға қатысты қолданылады. Мысалы



бет7/10
Дата21.09.2023
өлшемі189,5 Kb.
#109650
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
What (уат)
What дегініміз қазақша «не» деген сұрау есімдігі. What есімдігі, негізінен, жансыз заттарға қатысты қолданылады. Мысалы:
What is this? – Бұл не?
What do you want to eat? – Не жегің(із) келеді?
What has happened? – Не болды?
What есімдігі адамдарға да қатысты қолданылатын ерекше жағдайлар бар. Мысалы, бір адамның мамандығы мен қызметін білгіңіз келсе, what сұрау есімдігі арқылы сұрайсыз.
What are you? – Сіз (мамандығыңыз бойынша) кімсіз?
What is your son? (He is an English teacher.) – Сіздің ұлыңыз кім (болып істейді)? (Олағылшын тілінің мұғалімі)
What сұрау есімдігі лепті сөйлемдерде көңіл-күй мен эмоциялық жағдайларды білдіру үшін қолданылады. What есімдігінен соң a (an) белгісіздік артиклі қойлады. Мұндай сөйлемдердегі what есімдігінің қазаша мағынасы «қандай» деген сөзге өзгереді. Мысалы:
What a wonderful day! – Қандай керемет күн!
What a nice car! – Қандай әдемі машина!
What an incredible day! – Қандай ғажайып (адам нанғысыз) күн!
Whose (хуз)
Whose сұрау есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «кімнің» деген сұрау есімдігі. Whose есімдігі үнемі өзіне қатысты зат есімнің алдында тұрады. Мысалы:
Whose pen is this? – Мынау кімнің қаламы?
Whose father is that man? – Анау кісі кімнің әкесі?
Whose ball did you take? – Кімнің добын алдың(ыз)?
Which (уич)
Which есімдігі дегеніміз қазақ тіліндегі «қайсысы», «қай» деген сұрау есімдіктері. Бұл сұрау есімдігі көптің арасынан бір зат есімді анықтап алу үшін қолданылады. Which сұрау есімдігі жаны бар зат есімдерге де жаны жоқ зат есімдерге де бірдей қолданыла береді. Мысалы:
Which book did you read? – Сіз қай кітапты оқыдыңыз?
Which city is better: Astana or Shymkent? – Астана мен Шымкент қалаларының қайсысы жақсырақ?
Which of you speaks german? – Араларыңызда қайсыңыз немісше сөйлейсіздер(Бұл жердегі «қайсыңыз» деген сұрау есімдігінің мағынасы «кім» дегенді білдіреді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет