Ағымдық бақылау-1 Фольклор және туралы түсінік. Фольклортану ғылымы. Фольклор туралы түсінік. «Фольклор»



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата31.12.2021
өлшемі41,05 Kb.
#21757
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ағымдық-бақылау-1

үш сипаты бар: а) фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра; ә) фольклор – 

тұрмыстың бір бөлшегі; б) фольклор – сөз өнері.



Фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра.

Фольклор – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әр түрлі қоғамның жемісі, сондықтан ол 

көпқатпарлы, көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы. 




Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен ғұрыптар, діни ұғымдар мен мифтер, – бір 

жағынан, фольклор, өйткені олар сол тұстағы адамдардың ауызша шығарып айтқан әңгімелері 

және іс жүзінде атқарған ырым-кәделері. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар – екінші жағынан, сол 

дәуір қоғамының мәдениеті болды, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен 

айтылған әңгіме-мифтер сол қауым үшін мәдени рөл де атқарды. Үшінші жағынан, әр түрлі 

ырымдар, ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы қауым адамының дүниені танып-білу 

процесінде қалыптасқан руханият еді. Олар, – түптеп келгенде, сол бір көне дәуір адамдарының 

дүниетанымы еді.Қазақ фольклорында осы айтылғандардың барлығы кездеседі десе де болады. 

Атам заманда ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың әрі дүниетанымы, әрі рухани мәдениеті болған

діни нанымдар мен әр түрлі ырым-кәделер, мифтер түрінде өмір сүрген ежелгі фольклор бізге 

мұра болып та жеткен. Солармен бірге әр кезең қоғамында пайда болған басқа да көптеген 

ұғымдар мен түсініктер, мифтер мен әңгімелер де фольклорлық дүниелер болып, сол әр 

заманның белгі-бедерін, түсінік-пайымын да сақтап келген. Солардың бәрінің басы фольклорда 

қосылады. Алғашқы қауымға тән дүниетаным мен діни нанымдардың қазақ фольклорындағы 

көрінісі болып анимизм, тотемизм, магия, табу, сондай-ақ рулық қауымның дамыған тұсында 

қалыптасқан шамандық түсініктер мен аруаққа табыну есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет