Бесінші айырмашылық – шығармадағы уақыт. Фольклорлық үлгіде уақыт үнемі өткен шақ болып
келеді. Ал, әдеби шығармада уақыт осы шақ және өткен шақ болып келе береді.
Алтыншы айырмашылық – фольклорда жеке адамның характері, мінез-құлқы көрінбейді. Онда
тек кейіпкердің тағдыры, басынан кешкен оқиғасы ғана ғана баяндалады.
3. Фольклортану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері.
Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасу және даму жолдары. Қазақ фольклоры туралы
ғылымның қалыптасуы. (ХҮІІІ ғ.). ХІХ ғ. бірінші жартысында қазақ фольклорының этнографиялық
бағытта зерттелуі. Жинау. Жариялау жұмыстары. ІІ кезең: ХХ ғасырдың бірінші жартысы. 1930
жылға дейінгі этап (Ә.Бөкейханов, Ә.Диваев, Мәшһүр Жүсіп, Г.Потанин, А.Байтұрсынов, М.Әуезов,
Х.Досмұхамедов) 1930-1950 ж. фольклорға ден қою. Жинақтар, оқулықтар, хрестоматиялар.
(С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Ғабдуллин т.б.).ІІІ-кезең. ХХ ғ. ІІ ж. (3 томдық әдебиет
тарихы, 1 томдық фольклор туралы. Ә.Диваевтың. Г.Потаниннің жинақтары). Эпосты зерттеген –
М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Ы.Дүйсенбаев, Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, С.Сағынбаев,
Ш.Ыбыраев. Ертегі – С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Е.Костокин. Аңыздар мен шешендік сөздер –
Б.Адамбаев, С.Қасқабсаов, А.Сейдімбеков. Дастандар – Б.Әзібаева, А.Қыраубаева. Ғұрыптық
фольклор –Б.Абылқасымов. Балалар фольклоры – К.Матыжанов. Өлеңдер –М.Сильченко,
Б.Уахатов. Тарихи жыр – З.Сейітжанов.