Жарықтың жұтылуы.
Биологиялық қосылыстардың молекулаларының жұтылу спектрлері.
Молекулалардың жоғары айналмалы немесе тербелмелі деңгейге ауысуы молекуланың инфрақызыл сәулеленудің квантын жұтқанда болады, сондай-ақ молекулалардың жылу арқылы қозуы нәтижесінде мүмкін.
Атом сияқты, молекула да фотонды оның энергиясы молекуланың энергия деңгейлері арасындағы айырмашылыққа тең болған жағдайда ғана сіңіре алады.
Жарық кванттарының ағыны жүйе арқылы өткенде жұтылады және бәсеңдейді.
Айталық, I – бірлік уақытта берілген үлгі (орта) арқылы өткен жарық ағынының интенсивтілігі (күші, қарқындылығы) болсын. Сонда жарық интенсивтілігінің бәсеңдеуі dI кванттардың заттың молекуласымен соқтығысу санына байланысты, яғни заттың концентрациясына (С) пропорционал болады. Екінші жағынан, ол бірлік уақытта жүйе арқылы өткен кванттардың санына, яғни жарық ағынының интенсивтілігіне I пропорционал болуы керек. Егер жұтылу жеткілікті кіші аралықта dl орындалса, онда ағын интенсивтілігінің dI бәсеңдеуі мына теңдеумен өрнектеледі:
Математикалық түрлендірлерден кейін мынадай теңдеу алынады:
l – үлгінің қалыңдығы (оптикалық жолдың ұзындығы);
I0 - затқа түскен жарық ағынының интенсивтілігі.
Осы теңдеу Бугер- Ламберт – Бер заңының өрнегі болып табылады:
зат арқылы өткен (шыққан) жарық ағынының интенсивтілігі үлгідегі заттың оптикалық жолының ұзындығына және концентрациясына байланысты экспоненциалды түрде кемиді.
Түскен жарықтың интенсивтілігінің үлгіден шыққан жарық интенсивтілігіне қатынасының ондық логарифмі оптикалық тығыздық деп аталады. Оны D- мен белгілеп, мынаны аламыз:
ε – пропорционалдық коэффициент
Ламберт—Бер заңын былай тұжырымдауға болады: үлгінің оптикалық тығыздығы үлгідегі заттың концентрациясына және жарық жолының ұзындығына тура пропорционал болады.
Оптикалық тығыздық заттың жарықты жұту қабілетін білдіреді. Оптикалық тығыздық неғұрлым үлкен болса, жұту соғұрлым жоғары болады. Заттың жұтылуы оптикалық тығыздықтан басқа өткізгіштік коэффициент деген шамамен сипатталады:
Зат әр түрлі толқын ұзындықтағы жарықты бірдей жұтпайды. Заттың оптикалық тығыздығының жұтылатын жарықтың толқын ұзындығына тәуелділік қисығы жұту (сіңіру) спектрі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |