Спектрлік талдау (анализ)- материяның (заттың) сәулелермен өзара әрекеттесу спектрлерін, соның ішінде электромагниттік сәулелердің спектрлерін, акустикалық толқындарды, элементар бөлшектердің массалары мен энергиялары бойынша таралуын зерттеуге негізделген объектінің құрамын сапалық және сандық анықтау әдістерінің жиынтығы.
Талдаудың мақсаттары мен спектрлердің түрлеріне байланысты спектрлік талдаудың бірнеше әдістері бар. Атомдық және молекулалық спектрлік талдауларсәйкесінше заттың элементтік және молекулалық құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Эмиссиялық және абсорбциялық әдістерде заттың құрамы сәулелену және жұтылу спектрлері бойынша анықталады.
Масс-спектрометриялық талдауатомдық немесе молекулалық иондардың массаларының спектрлері бойынша жүзеге асырылады және объектінің изотоптық құрамын анықтауға мүмкіндік береді.
Әрбір химиялық элементтің атомдары қатаң анықталған резонанстық жиіліктерге ие. Нәтижесінде олар осы жиіліктерде жарық шығарады немесе сіңіреді. Осыған сәйкес спектроскопта әр затқа тән белгілі бір жерлерде сызықтар (қараңғы немесе ашық) көрінеді.
Сызықтардың интенсивтілігі заттың мөлшеріне және оның күйіне байланысты. Сандық спектрлік талдауда зерттелетін заттың құрамы спектрлердегі сызықтар мен жолақтардың салыстырмалы немесе абсолютті интенсивтілігі бойынша анықталады.
Спектрометр- спектроскопиялық зерттеулерде спектрді жинақтау, оны сандық өңдеу және әр түрлі аналитикалық әдістерді қолдана отырып оны талдау үшін қолданылатын оптикалық құрылғы. Талданатын спектр зерттелетін затқа қандай да бір сәулемен (рентген немесе лазерлік сәулемен, ұшқын әсерімен және т.б.) әсер еткеннен кейін флуоресценцияны тіркеу арқылы алынады. Әдетте сәуленің интенсивтілігі мен энергиясы (толқын ұзындығы, жиілігі) анықталады.
Адамның меншікті физикалық өрісі Дененің қызметі кезінде туындайтын физикалық өрістер адам ағзасының меншікті физикалық өрістері деп аталады.
Адам ағзасында бір мезгілде өте көптеген әртүрлі үрдістер жүріп жатыр. Олар адамның меншікті физикалық өрісі болатындығын анықтайды: ми мен жүректің электрлік активтілігі, серпімді тамырлармен пульсті толқынның таралуы, бұлшық еттің жиырылу қызметі, жүйке импульстерінің таралуы, заттардың белсенді (активті) және енжар (пассивті) тасымалы. Барлық осы үрдістерде зарядталған бөлшектер, молекулалар және тұтас жүйелер қатысады. Олар әртүрлі жылдамдықпен және әртүрлі бағытта ағатын ағындарды құрайды. Осының барлығы адамның меншікті өрісін тудырады. Физикалық өрістің күйі мен сипаттамаларының өзгеру динамикасы жайындағы ақпарат оны диагностикада қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдердің мысалы- жүректің электр өрісін, мидың магнит өрісін тіркеу және т.т.
Адам ағзасы төменгі жиілікті электр өрісінің, төменгі жиілікті магнит өрісінің, радио және инфрақызыл диапазондағы электромагниттік өрістің, және де акустикалық толқындардың көзі болып табылады. Ағзада төменгі жиілікті электр өрісінің көзі жасушалар мен мүшелердегі электрогенез құбылысы болып табылады. Магнит өрісінің көзі- қозғалыстағы зарядтар, иондардың трансмембраналық ағыны. Адамның жылулық сәулесі (шығаруы) электромагниттік инфрақызыл сәуленің көзі болып табылады. Адамның магнит өрісі жүректің және ми қыртысының жасушалары тудыратын токтар арқылы жасалады.