Сәулелену арқылы жылудың берілуі дене бетінен инфрақызыл сәулелер шығару арқылы жүзеге асады.
Булану арқылы ағзаның шығаратын жылуы буланудың меншікті жылуына және дененің бетінен буланған сұйық массасына байланысты. Жылудың берілуі дене бетінен сұйықтың буланған кезінде ғана жүзеге асырылады. Егер адам көп тер шығарса, бірақ оның булануы үшін жағдайлар болмаса, онда жылудың берілуі болмайды. Сұйықтық тек теріден ғана буланбайбы, тыныс алу жолдарының қабаттарынан да буланады.
Булану - жоғары температурада және қоршаған ортаның төмен ылғалдылығында ағзаның жылу алмасуының ең тиімді әдісі. Сыртқы температураның жоғарылауымен буланудың тиімділігі артады. Жылу берудің барлық басқа әдістері сыртқы ортаның температурасы адам терісінің температурасынан төмен болғанда ғана орындалады. Әйтпесе, олар денені қосымша жылыту механизміне айналады.
Атомдар мен молекулалардың энергетикалық (энергия) деңгейлері.
Атомның немесе молекуланың энергиясы тек белгілі бір (дискретті) мәндерді қабылдай алады. Осы мәндерге белгілі бір энергия деңгейлері сәйкес келеді. Атомның (молекуланың) бір энергетикалық деңгейден екінші энергетикалық деңгейге ауысуы (өтуі) секірмелі түрде болады; бұл кванттық ауысу (өту) деп аталады. Атомның немесе молекуланың кванттық ауысуы әр түрлі себептерге байланысты. Атап айтқанда, олар атомдар мен молекулалар оптикалық сәулемен әрекеттескен кезде пайда болуы мүмкін. Әрбір химиялық элементтің атомдарының өздерінің энергия деңгейлерінің жүйесі болады.
Атомның энергетикалық деңгейлері арасындағы арақашықтық шамамен 1 - 5 эВ құрайды. Атомның энергетикалық деңгейлер жүйесі берілген атомдағы электрондардың қозғалысының ерекшеліктерін көрсетеді. Мүмкін болатын минимал энергиясы бар атомның күйі, яғни барлық электрондар өз орбиталарында болатын күйі негізгі деп аталады.
Молекуланың энергетикалық деңгейлерінің құрылымы қозғалыстың үш түрімен анықталады: электрондардың қозғалысы, молекуладағы атомдардың тербелісі, молекуланың айналмалы қозғалысы. Осы электрондық, тербелмелі және айналмалы қозғалыстың үш түріне энергияның үш түрі сәйкес келеді.
Сондықтан молекуланың деңгейлер жүйесі атомға қарағанда күрделі. Электрондық қозғалыстарға жауап беретін деңгейлермен қатар тербелмелі (деңгейлер арасындағы қашықтық шамамен 0,1 эВ) және айналмалы деңгейлер (деңгейлер арасындағы қашықтық шамамен 0,01 эВ және одан аз болады) де бар.
Атом энергияны сіңіргенде электрон неғұрлым алыс орбитаға өтеді, ал яғни атом қозған күйге өтеді. Электрон неғұрлым алыс орбитадан негізгі орбитаға өткен кезде электромагниттік сәуленің кванты түрінде энергия бөлінеді:
-шығарылатын немесе сіңірілетін кванттың жиілігі.
Жарықтың жиілігі, жылдамдығы, толқын ұзындығы арасындағы байланысты ескеріп, яғни былай жазуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |