Ағзадағы биофизикалық үрдістер Биофизикаға кіріспе


Биофизикалық үрдістерді үлгілеу (модельдеу)



бет7/8
Дата27.11.2022
өлшемі0,69 Mb.
#53053
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ағзадағы биофизикалық үрдістер

Биофизикалық үрдістерді үлгілеу (модельдеу)
Үлгілеу (модельдеу)- биофизиканың негізгі әдістерінің бірі. Ол тірі жүйелерді оқып- зерттеудің барлық деңгейінде қолданылады, яғни молекулалық биофизикадан, мембрана биофизикасынан, жасуша мен мүшелер биофизикасынан басталып, күрделі жүйелер биофизикасымен аяқталады.
Тірі ағзадағы үрдістердің әртүрлілігі соншалықты, мұндай күрделі жүйенің әрекеті жайында толық және жете егжей-тегжейлі түсінік алу мүмкін емес. Сол себепті диагностиканың, емдеудің, фармацияның жаңа әдістерін құрастыруда үлгілеу әдісі қолданылады. Күрделілігіне байланысты қандайда бір обьект (үрдіс, құбылыс) модельмен ауыстырылады, яғни осы обьектіге ұқсас, бірақ жеңілдетілген үлгімен алмастырылады. Үлгілеудің көптеген түрлері бар, мысалы, мембрананың сұйықтық- мозаикалық үлгісі, әрекет потенциалының қалыптасу үлгісі (Ходжкин- Хаксли үлгісі), бұлшықеттердің жиырылуын түсіндіретін жылжымалы жіпшелер үлгісі, қан тамырлар жүйесінің үлгісі (Франк үлгісі) және т.б.
Үлгілеудің негізгі кезеңдері
Үлгі – обьектінің құрылымы жағынан да, ішкі және сыртқы байланыстарының күрделілігі жағынан да, зерттеушінің мақсатын айқындайтын негізгі қасиеттерін бейнелейтін объектінің қарапайым түрі.
Үлгілеу- қандайда бір күрделі обьектіні оқып- зерттеу үшін оның үлгісін зерттеумен алмастырылады. Үлгілеу идеясына ғылыми зерттеудің кезкелген әдісі, теориялық та, тәжірибелік әдістер де, негізделген.
1. Бастапқы ақпарат жинау. Зерттеуші реал обьектінің түрлі сипаттамалары жайында көбірек мәлімет алу керек: оның қасиеттері, ондағы жүріп жатқан үрдістер, түрлі сыртқы шарттардағы жүріс- тұрысының заңдылықтары жайында.
2. Мақсат құру. Зерттеу мақсаты, оның негізгі мәселелері қалыптастырылады, зерттелушінің жүргізілген зерттеу нәтижесінде қандай жаңа білімдер алуы керектігі анықталады.Осы кезең аса маңызды және көп еңбекті қажет ететін кезеңнің бірі болып табылады.
3. Негізгі жорамалдарды дәйектілеу. Басқаша айтқанда, реал обьект оңайлатылып, сипаттамаларынан есепке алмауға болатын, зерттеу мақсатына маңызды емес сипаттамасы бөліп алынады.
4. Үлгі жасау, оны зерттеу.
5. Үлгінің нақты обьектіге сәйкестігін тексеру. Үлгінің қолданылу шекарасы көрсетіледі.
Сөйтіп, үлгі реал обьектіні зерттеу мақсатымен үйлестіреді: бір жағынан зерттеу жүргізуге мүмкіндік бере отырып, обьектіні оңайлатады, екінші жағынан зерттеушіге қажетті мәліметті сақтайды (сурет ).

Сурет 2.
Биофизикада, биологияда, медицинада физикалық, биологиялық, математикалық үлгілер жиі қолданылады. Сонымен бірге ұқсас үлгілеу де қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет