Соңғы ғылыми жаналықтар бойынша, адам генi 30-35 мыңдай геннен тұрады. Және генiмiздiң 99 пайызы шимпанзенiң, 70 пайызы тышқанның генiмен сәйкес келедi екен. Адамның кейбiр гендерi омыртқалыларды былай қойғанда, омыртқасыздармен де, өсiмдiктермен де, тiптi ашытқы мен өңездермен де бiрдей болып шыққан. Бұл ашылған жаңалықтар Жер бетiндегi тiршiлiктiң пайда болу процесiнде көптеген жайттардың басын ашып бермек. Көптеген медицина ғалымдары күндердің күнінде адамның зақымданған, ауруға шалдыққан клеткаларын, ағзаларын қолдан өсірілген клеткамен алмастыра алатын мүмкіндікке жетеміз деп үміттенеді. Висконсин университетіндегі анатомия профессоры Джеймс Томсон бастаған ғалымдар командасы міне осы баламалы тәсілді іздестіруде.
Ағзаларды клондау
•
Клондау- жасанды ортада өсіру арқылы рекомбинантты ДНҚ молекуласын анықтау әдісі.
«Клондау – жеке клетканың немесе организмнің генетикалық біртипті
көшірмесін жасау процесі. Сонымен қатар бұл организмдер тек қана сыртқы көрінісімен ғана емес, генетикалық код бойынша да бірдей. Клондау – тірі объектінің бірнеше көшірмесін дәл жаңадан өндіру болып табылады.
Клондаудың мүмкіндіктері өсімдіктанушыларға, жануартанушыларға және медициналық қолдану жағынан көптеген жаңа перспективалар ашып жатыр.
Клондау дәуірінің басталуы отаны АҚШ деп санауға болады.
1985 ж Мюллис клондаудың полимеразалық реакция әдісін ұсынды. Сөйтіп
қажет ДНҚ ферменттерін синтездеуге және олардың көшірмелерін бірнеше есе
көбейтуге жол ашты.