Агглютинация


Имандылық - ар-ұятты, сенімді медениетті әрекетің көрінісі. Адалдық, инабаттылық, ізеттілік, ізгілік — имандылықтың белгісі. Импульсивтілік



бет11/15
Дата18.04.2023
өлшемі50,27 Kb.
#83801
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Абулия

Имандылық - ар-ұятты, сенімді медениетті әрекетің көрінісі. Адалдық, инабаттылық, ізеттілік, ізгілік — имандылықтың белгісі.
Импульсивтілік - адам мінез-құлқының ерекшелігі (орнықты нысанда мінез қыры); сыртқы ықпалдық әсерінен немесе эмоцияның әсерінен әрекет ету. Индивид - жекелей табиғи тіршілік иесі. Ноmо sаріеns түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.
Индивидтің өз бетімен дамуы - адамның іс-әрекеттік және басқа да тұлғалық сапаларын оның тұтас мақсатты қызметінің алуан түрлері барысында байыту процесі. Ол түрлі іс-әрекет барысында әлеуметтік тәжірибені игеру мен мәдениетке қол жеткізудің негізі болып табылады.
Индукция жекеден жалпығы қарай жасалатын ой қорытындысы.
Инженерлік психология - адам мен машина арасындағы ақпараттық өзара әрекеттестік процестері мен құралдарын зерттейтін психология саласы.
Интериоризация - сыртқы әрекеттің ішкі психикалық әрекетке айналу процесі.
Интерио(ре)цепторлар - ішкі мүшелер мен организм ұлпаларындағы жүйкенің аяқталған бөлігі. Интероцепторлар ішкі мүшелер мен жүйкелердің іс- әрекетін рефлекторлы реттеуге және гомеостаздың тұрақтылығын ұстап тұру үшін маңызды роль атқарады.
Интроспекция - тұлғаның өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеу.
Иіс талдағышы - мұрын кеңістігіне әсер ететін иісі бар заттарды талдайтын нейрофизиологиялық жүйе. Иіс талдағышы перифериядан (иіс рецепторларынан), арнайы өткізгіш жолдардан (иіс жүйкелері), ми қыртысындағы жүйке құрылымдарынан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет