Имандылық - ар-ұятты, сенімді медениетті әрекетің көрінісі. Адалдық, инабаттылық, ізеттілік, ізгілік — имандылықтың белгісі.
Импульсивтілік- адам мінез-құлқының ерекшелігі (орнықты нысанда мінез қыры); сыртқы ықпалдық әсерінен немесе эмоцияның әсерінен әрекет ету. Индивид- жекелей табиғи тіршілік иесі. Ноmо sаріеns түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі.
Индивидтіңөзбетімендамуы- адамның іс-әрекеттік және басқа да тұлғалық сапаларын оның тұтас мақсатты қызметінің алуан түрлері барысында байыту процесі. Ол түрлі іс-әрекет барысында әлеуметтік тәжірибені игеру мен мәдениетке қол жеткізудің негізі болып табылады.
Индукция– жекеден жалпығы қарай жасалатын ой қорытындысы.
Инженерлікпсихология- адам мен машина арасындағы ақпараттық өзара әрекеттестік процестері мен құралдарын зерттейтін психология саласы.
Интериоризация -сыртқы әрекеттің ішкі психикалық әрекетке айналу процесі.
Интерио(ре)цепторлар - ішкі мүшелер мен организм ұлпаларындағы жүйкенің аяқталған бөлігі. Интероцепторлар ішкі мүшелер мен жүйкелердің іс- әрекетін рефлекторлы реттеуге және гомеостаздың тұрақтылығын ұстап тұру үшін маңызды роль атқарады.
Интроспекция- тұлғаның өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеу.
Иісталдағышы - мұрын кеңістігіне әсер ететін иісі бар заттарды талдайтын нейрофизиологиялық жүйе. Иіс талдағышы перифериядан (иіс рецепторларынан), арнайы өткізгіш жолдардан (иіс жүйкелері), ми қыртысындағы жүйке құрылымдарынан тұрады.