Байсалдылық - адамға тән жағымды қасиет; синонимдері - төзімділік, шыдамдылық, табандылық.
Бақылауәдісі - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру.
Бала психологиясы- баланың психикалық дамуының заңдылықтарын зерттейтін психологияның саласы.
Басқару психологиясы - басқару ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейтін психологияның бір саласы. Басқару психологиясының негізгі міндеті
- басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктеріне талдау жасайды.
Бейне - танымды объективтік болмыстың туындысы деп материалистік тұрғыдан түсінуге негіз болатын ұғым. Психологияда дүниедегі заттардың, соның ішінде жануарлар мен адамның түрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтарып әсерленуі (із, таңба қалдыруы, өзгеруі).
Бейнелі ес- заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы.
Бейресми топ - заңдық тұрғыдан статусы жоқ, мүдделер, достық пен симпатиялар негізінде не прагматикалық пайдалылығы негізінде ықтиярлы түрде біріккен нақты әлеуметтік қауымдастық.
Бейімделу(адаптация) - организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.
Бейімділік - адамның бір іске икемділігін байқататын қасиет, қабілеттілік нышаны. Бейімділік әрекетті игеру барысында қабілеттің қалыптасуына қарай дами түседі.
Белсенділік- адамның әсер еткен заттарға белсенді қатынасының нәтижесі. Белсенділік адамның күнделікті іс-әрекетте (ойын, оқу, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылдықпен орындай алу қабілеті. Қажырлылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді.
Бинокулярлықкөру- қашықтықтағы объектілерді бақылау арқылы көрудегі, кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру.