Agile-менеджмент негізінде өзгерістерді басқарудың икемді әдістемесінің құралдары



бет1/4
Дата14.10.2023
өлшемі26,37 Kb.
#113868
  1   2   3   4

Agile-менеджмент негізінде
өзгерістерді басқарудың икемді әдістемесінің құралдары

Мектепте Agile-менеджментті жүзеге асыру үшін мектептің күнделікті жұмысын икемді, тиімді болуына және оқушы мүдделеріне бағдарлануына мүмкіндік беретін практикалық құралдар қолданылады (Артемьева Н. Глухарева Т.).


1. Спринт «балаларды көзден таса етеміз» деген мәселені шеше алар еді, ал мұғалімдер нәтижесі бағаланбастан бірнеше айға созылатын ойластырылмаған оқу блоктары бойынша жұмыс істеуге уақытын зая кетіреді.
Спринт – «қысқа қашықтыққа жүгіру», спринт барысында бағдарламалық қамтамасыз етудің функционалдық артуы орын алады. Уақыт мерзімі қатаң белгіленген. Бір спринттің ұзақтығы әдетте 2 аптадан 4 аптаға дейін.
Ең тиімді нұсқада, мұғалімдердің шағын топтары спринт түрінде жұмыс істеуі керек. Қазір оқытушыларға құралдар мен анықтамалар терминдері, тоқсандар мен семестрлер тұрғысынан ойлауға нұсқау беріледі. Бұл кезеңдер 3 аптадан 18 аптаға дейін созылады, бұл кезең шеңберінде оқыту процесінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік жоқ, балалар үйреніп үлгермеген материалдарға қайта оралуға уақыт жоқ. Мектептерде біз ешқандай «оқу резервін» (бэклог) қалдырмаймыз. Бірақ қалдыруға болар еді, бұл қиын емес, бірақ біз бұған үйренбегенбіз.
Біздің істеп жатқан істеріміздің басым бөлігі жыл соңындағы жалғыз тестілеуге бағытталған. Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу әлемінен білетініміздей, «жұмыс істейтін өнімге» алып келетін спринт идеясы біздің қазіргі көзқарасымызбен, білімді жинақтаушы бағалаумен сәйкес келмейтін сияқты. Шын мәнінде, бұл екі нәрсе үйлесімді, жай ғана жылдам нәтиже идеясы, өзгерістерге бейімделу және жылдам жиі қайталану — толығымен қисынды болып көрінетін және оқу процесіне өте ыңғайлы болып көрінгенмен, ол әлі білім беру мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылмайды, қазіргі реформалар жоғары басымдық берілетін бір тестіге негізделіп, қысқа мерзімді «релиздерден» гөрі жылдық нәтижеге басымдық беріледі.
2. «Аяқ астынан жиналыс» (стендап) командадағы жеке жауапкершілік пен қарым-қатынастың тапшылығы проблемасын шеше алады, бұл қазіргі кезде мектептердегі ең маңызды екі проблема болып табылады.
Стендап (stand-up) — әдетте тұтас команда болып атқарылған және атқару керек жұмыстарды, өздерінің әсерлері мен негізгі қиындықтарын талқылайтын күн сайын өткізілетін қысқа жиналыстар.
Стендап мектеп мәдениеті үшін өзгеше өзгеріс болғанына қарамастан, өте тиімді бола алар еді. Мектепте жұмыс істейтін адамдар шын мәнінде бір-бірінен физикалық және эмоционалдық жағынан тым оқшауланған. Соның нәтижесінде мектептерде негізсіз қақтығыстар жиі орын алып, жеке және жалпы жауапкершілік төмен болуы мүмкін.
Сонымен қатар көптеген адамдар қиындықтарды «үнсіз көтеріп», кедергілер туралы сөз қозғаған кезде өздігінен жойылатын кедергілерді үндемей еңсеруге тырысады. Бір қызығы, балалар үшін де осындай аса тиімді стендаптар бар. «Семинар» деп аталатын оқыту форматында «сынып мәртебесі» техникасы қолданылады, онда балалар қазіргі уақытта не істеп жатқандығы және өзінің пікірінше қандай көмек қажет болатыны туралы қысқаша хабарлайды. Өкінішке қарай, оқушылар мен оқытушылардың шамадан тыс дербестігі төмен нәтижелерге алып келеді деп санаған реформаторлар бұл оқыту моделінің тиімділігін жоққа шығарған.
Барлық балалар бір ғана әдіспен, бір уақытта, бір күнде бір нәрсені жасауға мәжбүр болған жағдайда, «сынып мәртебесі» тиімсіз болады. Барлық іс-әрекеттер алдын ала белгіленген және оларды оңай өзгертуге болмайды, сондықтан стендапты қолданудың пайдасы болмайды.
Өкінішке орай, мұғалімнің іс-әрекеті алдын ала жоспарланған, балалардың іс-әрекеті алдын ала жоспарланған, олардың барлығының қызметі жалпыға міндетті мемлекеттік талаптармен айқындалатын жағдайда, жауапкершілік деңгейі мен оқуға қанағаттану төмендейді. Мұндай жағдайда да Agile барлық тараптарды қанағаттандыратын еркіндік пен құрылымның дұрыс тепе-теңдігін ұсына алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет