Agile-менеджмент негізінде өзгерістерді басқарудың икемді әдістемесінің құралдары


Кері дизайн негізінде саралап оқыту әдістемесін әзірлеу оқу мақсаттарын нақтылау және оқыту процесінде шеберлікке қол жеткізу проблемасын шешер еді



бет3/4
Дата14.10.2023
өлшемі26,37 Kb.
#113868
1   2   3   4
Байланысты:
Ресурс 16.1.2.6

5. Кері дизайн негізінде саралап оқыту әдістемесін әзірлеу оқу мақсаттарын нақтылау және оқыту процесінде шеберлікке қол жеткізу проблемасын шешер еді.
Бұл белгілі бір дәрежеде жүзеге асырылды, бірақ күтпеген жағымсыз салдары орын алды. Педагогтер жаңа оқу жылы басталмас бұрын соңғы емтихан сынақтары не туралы болатынын, балалар қандай проблемаларды шешуі керек екендігін, оқыту процедураларының реттілігі қандай болатынын біледі – мемлекеттік құжаттар арқылы бекітілген оқыту әдістері осы үшін ұсынылады. Бірақ тестілеуге бағдарланған білім беру практикаларын дамытудың бұл тәсілдемесі бізді мүлдем басқа бағытқа бағыттап, көбіне «оқудың басындағы тест» емес, «соңындағы тест» ретінде түсіндірілді.
Оқытудың нәтижелілігін арттыру үшін білім алушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеру, тиімді оқыту үшін тұрақты аралық бақылау мен бағалауды қамтитын жаңа білім беру ресурстары мен оқыту құралдарын қолдану негізінде оқыту және бағалау әдістемесінің бірнеше нұсқалары бар оқытудың икемді әдістемелерін қолдану қажет.
Өкінішке орай, кейде қазіргі мектептің жағдайында оқушылардың мүдделері мен талаптары негізінде емес, мемлекеттік саясаттың жалпыланған талаптары негізінде әзірленетін аса маңызды жылдық тестілеуге баса назар аударылады, бұл нұсқаулық тәртібін сақтап ойланбастан оқытуды тудырады, мұнда материалды өтіп шығу оны игеріп зерделеуден гөрі маңыздырақ болады.
6. Scrum-тәсілдеме көптеген проблемаларды қатыстылық сезімі және ортақ мотивация арқылы шешер еді – әрбір нақты уақыт мерзімінде орындалатын рөлдер мен басым міндеттерді белгілеу процеске белсенді тартылу және жауапкершілік сезімін қалыптастырады.
Scrum-тәсілдеменің ерекшеліктері – барлық қатысушылар жұмыс процесіне қатысады, ал олардың әрқайсысының өзіндік рөлі мен басым міндеті бар.
Жыл сайын тұрақты түрде қолдану есебінен «масштаб үнемдеуге» алып келетін жалпылама тәжірибені енгізу – өйткені жоғары сыныпта мұғалімдер бұл тәжірибені төменгі сыныптарда қолданудың нақты нәтижесін көрер еді. Оны қолданбаудың ешқандай нақты себептері жоқ. Дегенмен көбіне мектептерде бастауыш, негізгі және жоғары мектеп деңгейлері арасындағы сабақтастық пен әріптестік жеткіліксіз болады.
Scrum-тәсілдеме мектеп қоғамдастығында педагогтер арасындағы әріптестіктің икемді әдісі ретінде адамдарды тәртіпке сәйкес және жүйелі түрде оқытуға мүмкіндік береді (Steve Peha).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет