Психикалық күйін, қобалжу, үрей, агрессиялық деңгейін анықтау диагностикалары.
Айзенк тесті
Мақсаты: Бұл сауалнама сыналушының психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қобалжу, фрустация, агрессия және ригидтілік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Нұсқау: Әр тұжырымдарға қарама-қарсы келесі сандар көрсетілген: 2,1,0. Егер тұжырым сізге сәйкес болса, 2 санын шеңбермен қоршаңыз, егер толық сәйкес болмаса 1 санын, тіпті сәйкес болмаса – 0 санын белгілеңіз.
1 Көп жағдайларда мен өзіме сенімсізбін
2 Кейде шешімін табуға болатын жағдайлар негізсіз сияқты болып көрінеді
3 Көп жағдайларда нақты шешімдерді өзім қабылдаймын
4 Әдеттерімді өзгерту қиын
5 Болмайтын нәрселер үшін жиі қызарамын
6 Сәтсіздіктер мені қатты ренжітеді, ерік-жігерімді әлсіретеді
7 Кей кездері әңгіме барысында серіктесімнің әңгімесіне кедергі келтіремін
8 Менің бір істен екінші іске ауысуым қиын
9 Түнде ұйықтап жатып жиі оянамын
10 Ірі сәтсіздіктерде, тек өзімді кінәлі сезінемін
11 Мені ренжіту оңай
12 Өмірімдегі өзгерістерге өте сақпын
13 Уайымға жеңіл түсемін
14 Бақытсыздық пен сәтсіздіктер мені ешнәрсеге үйретпейді
15 Менің басқаларға жиі ескерту жасауыма тура келеді
16 Пікірталас барысында мені қайта сендіру қиын
17 Мені қиялдағы сәтсіздіктердің өзі мазасыздандырады
18 Пайдасы жоқ деп есептей отырып, күресуден жиі бас тартамын
19 Айналамдағылар алдында беделді болғым келеді
20 Кейде ойлауға тұрмайтын ойлар көп мазалайды
21 Мен өмірдегі қиындықтардан қорқамын
22 Кейде өзімді қорғаусыз сезінемін
23 Кез-келген істе азға қанағаттанбаймын
24 Мен айналамдағылармен қарым-қатынасқа жеңіл түсемін
25 Мен өз кемшіліктерімді жиі талдап отырамын
26 Кейде ғана көңілді жағдайда боламын
27 Ашу үстінде өз-өзімді ұстау мен үшін өте қиын
28 Өмірімдегі күтпеген өзгерістерді қатты уайымдаймын
29 Мені сендіру өте оңай
30 Қиын жағдайларда абыржып қаламын
31 Бағынғаннан гөрі басқаруды қалаймын
32 Кейде еш нәрседен қайтпайтынымды көрсетемін
33 Мені денсаулық жағдайым мазалайды
34 Кейде қиын сәттерде өзімді балаша ұстаймын
35 Менің ым – ишарам тіке, дөрекі
36 Мен еш нәрсеге қарамастан тәуекелге барамын
37 Күткенді ұнатпаймын және қиналамын
38 Менің ойымша, мен ешқашан өз кемшіліктерімді түзей алмаймын
39 Мен кекшілмін
40 Мені жоспардағы кейбір өзгерістердің өзі ренжітеді
Кілт
1
|
Қобалжу шкаласы
|
1,5,9,13,17,21,25,29,33,37
|
2
|
Фрустрация шкаласы
|
2,6,10,14,18,22,26,30,34,38
|
3
|
Агрессия шкаласы
|
3,7,11,15,19,23,27,31,35,39,
|
4
|
Регидтілік шкаласы
|
4,8,12,16,20,24,28,32,36,40,
|
Нәтижелерді өңдеу барысында кілтпен сәйкес келген 1 және 2 жауаптар саны анықталады. Кілтпен сәйкес келген 2 жауабы үшін 2 ұпай беріледі, 1 жауабы үшін –1 ұпай беріледі. Содан кейін әр шкала бойынша қосынды шығарылады. Әрбір шкала бойынша орташа ұпай -10. Одан жоғары болуы тұлға құрылымында сол қасиеттің басымдылығын көрсетеді.
Сауалнама бойынша зерттелетін қасиеттер сипаты:
Жекедаралық қобалжу - индивидтің үрейді уайымдауға бейімділігі
Фрустрация - шынайы немесе қиялдағы кедергілер салдарынан пайда болатын, мақсатқа жетуге кедергі болатын психикалық күй.
Агрессия - жоғары психологиялық белсенділік, басқа адамдарға қатысты күш көрсете отырып лидерлікке ұмтылу.
Ригидтілік-жоспарланған істі өзгертудегі қиындық
Жауаптар 8 шкала бойынша бағаланылады:
Физикалық агрессия:
«иә» — 1 «жоқ» — о; 1, 25, 31, 41, 48, 55, 62, 68; «жоқ» — 1, «иә» — о; 9, 7.
Жанама агрессия:
«иә» — 1. «жоқ» — 0; 2, 10, 18, 30, 34, 42, 56, 63; «жоқ» — 1, «иә» — о; 26, 49.
Тітіркенушілік :
«иә» — 1. «жоқ» — 0; 3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, 72; «жоқ» — 1, «иә» — 0; 11, 35, 69.
Негативизм :
«иә» — 1. «жоқ» — 0; 4, 12, 20, 28; «жоқ» — 1, «иә» — 0; 36.
Өкпелеу;
«иә» — 1. «жоқ» — 0; 5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58.
Күдіктенушілік :
«иә» — 1. «жоқ» — 0; 6, 14,22,30, 38, 45, 52, 59; «жоқ» — 1. «иә» — 0; 33, 66, 74,75.
Вербальді агрессия :
«иә» — 1. «жоқ» — 0; 7,15,23,31,46,53, 60, 71, 73; «жоқ»-1. «иә»- 0; 33,66,74, 75.
Кінәні сезіну :
«иә» — 1. «жоқ» — 0; 8, 16, 24, 32, 40, 47, 54, 61, 67.
Қарсыласу көрсеткіші 5 және 6 шкалада, ал агрессиялық көрсеткіш (тікелей және мотивациялық) 1, 3, 7 шкаладан көрінеді.
Агрессияның норма көрсеткіші 21 + 4, ал қарсыласу көрсеткіші – 6, 5, 7, +3 тең болған кезде көрінеді.
Әдістемені қолдана отырып агрессиялық жеке адам қасиеті, ал агрессия мінез – құлық негізі ретінде түсінуге болады.
А. Басс және А. Дарки өздерінің сауалнамаларын құру барысында келесі реакция түрлерін көрсетіп кетті:
Физикалық агрессия – басқа адамға бағытталған физикалық күш .
Жанама агрессия – басқа адамға тікелей бағытталмаған немесе ешкімге бағытталмаған күрт туған агрессия.
Тітіркенушілік – кішкентай тітіркену өзінде кері сезімдерді көрсетуге даярлық (ашуланшақтық, дөрекілік).
Негативизм – мінез – құлықтағы оппозициялық күй пассивты қарсылықтан қалыптасқан заңдылықтар мен дәстүрлерге қарсы күреске дейін жеткізетін күй.
Өкпелеу – қоршаған адамдарға деген нақтылы және ойдан шығарылған іс — әрекеттерге қызғанушылық пен жеккөрушілік.
Күдіктенушілік – адамдарға қатысты сенбеушілік және сақтықтан басқа адамдар зиян келтіруді жоспарлайды дегенге сенушілік.
Вербальді агрессия – негативты сезімдерді форма (айқай) арқылы және сонымен бірге сөздік жауаптар мазмұны арқылы (қорғау) көрсету.
Кінәні сезіну – субьектінің өзінің жаман адам екендігіне сенімділігі сонымен бірге ар – ұятының жоқтығы сезінуі.
Сауалнама 75 тұжырымдардан тұрады оған зерттелуші «иә» «жоқ» жауабын береді.
Источник: https://www.tarbie.kz/32550
Достарыңызбен бөлісу: |