Бipaқ бүгін мен ата-аналар жиналысы-практикумына тоқталамын. Практикумның міндеттері: - ата-аналар мен педагогтердің балаларды тәрбиелеу қауымдастығындағы әртурлі пікірлерді анықтау және келісу;
- «отбасына деген махаббаты», «келісім», «ар-ұят», «жауапкершілік» және т. б. сияқты адамгершілік категорияларын түсіну;
- бала-ата-ана қатынастарын дамыту;
- жинақталған тәжірибені шығармашылық түрде көрсете білу қабілетін дамыту;
- балалардың өз ата-аналарына деген сыйластық қатынасын тәрбиелеу.
Қамтамасыз ету: - оқушылардың cypeттері, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, толғаныстары мен құттықтаулары жазылған бейнероликтер;
- мультимедиялық презентациялар;
топтық жұмысқа арналған карточкалар;
- музыкалық сүйемелдеу.
Мұндай кездесулерді жарты жылда 6ip рет өткіземін. Тақырыбы ата- аналарға жүргізілген сауалнама және сыныптағы білім беру үдерісінің барлық мүшелері арасындағы әрекеттестік ерекшеліктерін талдау нәтижелеі бойынша анықталады.
Ата-аналармен практикалык, кездесулердщ такырыптары
Сынып
Тақырыбы
Күні
1-ші
«Жалылық – күнде, мейірімділік – анада»
Қараша
1-ші
«Менің отбасымның шежіресі»
Сәуір
2-ші
«Бос уақыт. Не үшін бос?»
Қазан
2-ші
«Ойын- маңызды іс»
Ақпан
3-ші
«Махаббат әлем есігін ашады»
Қараша
3-ші
«Болады» және «болмайды» дегеніміз не»
Сәуір
4-ші
«Баланың тынымдық қызметі немесе оқуға деген қызығушылықты қалай сақтап қалуға болады»
Қазан
4-ші
«Менің отбасыма тыныштық»
Ақпан
Практикумдар өткізуде қолданылатын педагогикалық тәсілдер өнімді сипатқа ие. Осындай тәсілдерді таңдап алу принциптері педагогикалық жағдаймен де анықталады:
> Сабақта бөтендер жок, барлығы мушесі болып табылады;
> Бiз жағдайды талқылаймыз, оларға қатысушыларды емес;
> Бiз нені жасаудың керегі жоқ екендігін тізбейміз, дұрыс шешім қабылдау маңызды;
> Сыныпта өзiңдікі де, бетен де жоқ, барлық балалар өзімдікі.
> Ойын баланың балалық шағының ажырамас бөлігі болып табылады.
Жұмыстан кейін шаршап келген аналар мен әкелердің назарын аудару ушін
жиналысты ойыннан бастаймын. Мысалы: - «Сәлемдесулер miзбегі» ойыны. Қатысушылардың, әрқайсысы өзіне
ұнайтын атпен атайды, ал жанында отырған ересек адам оны өзі қалағандай
қарсы алады;
«Сұрақ қой - пікірлесіңді maп» ойыны. Балаларға кейде күрделі
сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Есейе келе олар мектеп оқулықтарынан
да күрделі сұрақтарды қояды. Жүргізуші «бала» сұрағын қояды, ал ересектер
оған жауап береді де тұрып, орындарын ауыстырады;
- сұрақтар нұсқалары: «Мен неліктеп белмені жинауым керек? Ол жер
тап-таза ғой!», «Кешеде қараңғы және суық. Мен неліктен мектепке баруым
керек?» және т. б.
Мұндай ойындар ата-аналарға олардың осындай проблемаларға соқтығысатынын түсінуге мүмкіндік бepeді және оларды шешу тәжірибесімен бөлісетін адамды табуға болады.
> «Meнi түciн». Балалар алдын ала суреттер дайындайды, ұғымдарды түciндіреді, ертегінің жалғасын ұйқастырады. Ата-аналардың міндеттері - өз баласының жұмысын табу, сынып балаларының ойын түсінуге тырысу.