Шаруашылық орналасқан жердің топырағы және өсімдік жамылғысы
Жамбыл облысы Тараз қаласының жер көлемі 30,1 миллион гектарға тең. Облыс территориясы солтүстігінен бастап оңтүстігіне қарай үш топырақ аймағына бөлінеді: қара, қара-қоңыр және қоңыр топырақтар. Әр аймақ шағын аймақтаршаға бөлінеді.
Қара топырақты аймақ 817 мың гектар. Өсімдігінің дені селеу, көде көкшұнақ шөп және басқа да шөптердің көптеген түрлері кездеседі. Бұл аймаққа облыстың оңтүстігінде орналасқан Мартөк, Ленин және Новоросийск аудандары кіреді. Жылдың жылы мерзімі 145 күн, жалпы осы жылы температураның жиынтығы 2600 градусқа тең.
Бұл аймаққа жылына орта есеппен 300-350 мм ылғал түседі. Осы аймақтағы оңтүстік қара топырақ қалыпты, фосфорлы, карбонатты және кебірлі болып бөлінеді. Соның ішінде қалыпты оңтүстік қара топырақ төмендегідей морфологиялық айырмашылықтары мен көзге түседі. Топырақтың жырту А жиегі (қарашіріндісі мол) 20-25 см; ал А+В жиегінің қалыңдығы -46-49 см.
Агрохимиялық картаны жасау тыңайтқыштарды тиімді, әрі дұрыс пайдалануға. Бұл жиектің түсі қара немесе қара-қоңыр, құрылымы берік емес, саңылаулары көп болады. Одан төмен қарай топырақ түсі қоңырқай тартып, құрылымы беки береді. Мұнда астық шаруашылығы дамыған. Өйткені бұл аймақта жаздық бидай себу кезіндегі ылғал мөлшері жеткілікті болады. Топырақтың жоғарғы бір метр қабатындағы ылғал 100-120 милиметр немесе қажетті ылғалдың 50 пайызына тең. Сондықтан дәнді дақылдардан, соның ішінде жаздық бидайдан, мол өнім алуға толық мүмкіншілік бар. Қара-қоңыр топырақты аймақтың жер көлемі 4 миллион гектардай. Мұнда негізінен жусан, селеу, көде және басқа да шөптердің түрлері өседі. Жылдық орташа температура 5°С, жылы күн саны 150, бір жылда орта есеппен 220-250 мм ылғал түседі.
А горизонтының химиялық құрамы: қарашірінді 2,5-3,9 пайыз, жалпы азот -0,15 %, әр түрлі тұздар -0,11 пайыз, топырақ реакциясы сілтілі –рН-7,3-8 тең.
А+В жиегінің тереңдігі 25-35 см. Ал жоғарғы А жиегі 16-18 сантиметрдей, түрі қара-сұр, құрылымы ірі кесектерден тұрады. В жиектің түсі сұрлау, топырағы нығыз, 100-130 см тереңдікке жеңіл еритін тұздар кездеседі.
Қалыпты қара-қоңыр топырақты аймақ 7 миллион гектар жерді алып жатыр.
Күңгірт қара-қоңыр карбонатты топырақ облыс территориясында кең тараған. Жырту қабаты да терең -45-65 сантиметрге дейін барады. А жиегінің тереңдігі 18-20 сантиметр. Топырағының түсі көбінесе қара-қоңыр, құрылымы ірі түйіртпекті болып келеді. В жиек топырағының түсі қоңырқай, құрылымы нығыз болады. Одан әрі қарай карбонатты сары балшық жатады. А жиектің химиялық құрамы төмендегідей: қарашіріндісі -3,5-4,5 пайыз, жалпы азот -0,21-0,27 пайыз, фосфор-0,23 пайыз, калий 2,36 пайыз, натрий-0,96 пайыз. Топырақ реакциясы сілтілі- рН 8,1-ге тең.
Ашық қара-қоңыр топырақтың қарашірінділі жиегі 25-35 сантиметрдей, топырақтың негізгі түсі қоңырқай – қызғылт болып келеді. Құрылымы ірі кесекті, құрамында тұздар кездеседі. В жиегі топырағының түсі сұр, реңі қоңырлау келеді,салынымы өте нығыз болады.
Горизонттың 40-50 сантиметрінен бастап карбонаттар, 80-100 сантиметрден әрі тұздар кездеседі. А жиегінің химиялық құрамында қарашірінді 1,5-2 пайыз, жалпы азот-0,1 пайызға дейін, жеңіл еритін тұздар, басқа да химиялық элементтер бар. Топырақ реакциясы аздап сілті болады-рН-7,8-ге тең. Бұл аймақтағы жердің 150 мың гектардайы ғана егіншілікке жарамды, қалғаны мал жайылымына пайдаланады.
Қоңыр топырақты аймақта 12,5 миллион гектардай жер бар. Көбінесе жусан типтес шөптер өседі. Жоғарыда аталған аймақтарға қарағанда, мұнда жылы күн саны көбірек (165 күн), әрә жылы, тиімді температураның жиынтығы 3200 градус, бір жылда орта есеппен 100-150 мииметрдей ылғал түседі. Қалыпты қоңыр топырақтың А+В жиегінің тереңдігі 32-35 сантиметрге дейін барады. А жиегінің топырағы қоңыр, реңі сұрлау келеді, құрамында 1,5 пйыздай қарашірінді, 0,05 пайыз жалпы азот, басқа да химиялық элементтердің бірнеше түрі болады. Бұл жерлер түгелдей жайылым ретінде пайдаланылады. Ал егіншілік, кейбір шағын учаскелерді суарып, агротехниканың озық әдістерін қолданған жерлерде ғана кездеседі.
Сұр-қоңыр топырақ аймағы 1,82миллион гектар, өсімдікке онша бай емес. Мұнда да жусан типтес өсімдіктер кездеседі. Жылы мерзім 170 күнге созылады. Тиімді температураның жиынтығы 3400 градус, жылдық орташа температура 8 градусқа тең. Жылына 80-100 милиметрдей ғана ылғал түседі. Сұр-қоңыр топырақтың беті 4-5 сантиметрдей қабыршақтанған. Соның астында қарашірінділі А жиек орналасқан (12-15 сантиметр). Топырақ құрамында бір пайыздай ғана қарашірінді, 0,07-0,08 пайыздай жалпы азот бар. 40-50 сантиметрден әрі жиылған ғаныштық көп қоры кездеседі.
Қара топырақтарда 9 пайызға дейін қарашірінді болады да, ол топырақтың 50 - 65 см терең қабатында орналасқан. Шаруашылықтың топырағы кәдімгі қара топырақ. Қара топырақтардың қолайлы химиялық және физикалық қасиеттері оларды Солтүстік Қазакстанның жақсы топырактарының қатарына енуіне мүмкіндік береді. «Красноярское» АҚ-нің орналасқан өңірінің топырақтары төмендегідей:
Карбонаттардың қара топырақта орналасу терендігі және оларды бөліп алу маңызды және В1 - горизонттарының қалыңдығы 45 - 55 см жетеді. В1-горизонтынан төмен, қарашіріндінің шайындысы аққан, В2 - горизонты орналасады. Қара түсті тілшелер 90 - 100 см дейін басталуы мүмкін. В2 - горизонты жиі карбонатты иллювиалды ВС горизонтымен үйлесе жүреді. Мұнда карбонатгар «ақ көздер» пішінінде басады.Кәдімгі қара топырақгардың жоғары горизонтында 6-8 пайызға дейін қарашірнді болады, төменгі қабаттарда ол күрт 2,0-1,0 пайызға дейін төмендейді. Кәдімгі қара топырақтардың механикалық құрамы бойынша негізінен құмбалшықты және ауыр құмбалшықты түршелерге жатады. Ауыр механикалық құрам топырақтың ең жоғарғы гигроскопиялығына себепші болады. А горизонтында ол 13 - 14 % жетеді.
Бір гектар топырақтың 0 - 50 см қабатындағы карашіріңдінің жалпы коры 319-265 тонна, Бір гектар топырақтың 0 - 50 см қабатындағы карашіріңдінің жалпы коры 319-265 тонна, Бір гектар топырақтың 0 - 50 см қабатындағы карашіріңдінің жалпы коры 319-265 тонна, азоттың-15,4-10,0 т/га, фосфордың - 9,4 т/га, калийдың-171,2 т/га тең.
Бірақ топырақтың қоректік заттармен қамтамасыз етілуін жалпы қоры бойынша жорамалдауға болмайды, себебі өсімдіктерге олардың шамалы бөлігі ғана сіңіріледі. Өсімдік азоттың жалпы қорына тек 2,0 - 3,0 пайызы ғана, фосфордың не бәрі 1,0-1,5 пайызын сіңіре алады.
Шаруашылықтың жері жазық дала аймағында орналасқан, жер бедері жазықты, орман шоқтары да кездеседі.
Агрохимиялық картаны жасау тыңайтқыштарды тиімді, әрі дұрыс пайдалануга, Топырақтың азот, фосфор, калиймен қамтамасыз етілуіне қарай агрохимиялық сипаттамасы(4-кесте).
Кесте 4 - Топырақтың негізгі қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне қарай агрохимиялық сипаттамасы, га
Шаруашылықта өсірілетін дәніді - дақылдарға көп көңіл бөлінеді.
Агрохимиялық зерттеулердің нәтижесі келесідей: Азотпен 12145 гектар жер топырағы орташа қамтамасыз етілген. Фосформен 4630 гектар жер өте төмен қамтамасыз етілген және 14005 гектар жер төмен болды. Ал калий әуеліне топырақ жеткілікті болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |