Эмоционалды интеллект



бет1/4
Дата20.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69383
  1   2   3   4
Байланысты:
Эмоциональды интеллект лекция

Эмоционалды интеллект


Ақыл-ой қабілеті,
Бір ғана дұрыс жауабы бар мәселелердің (есептердің, қиындықтардың) шешімін жылдам әрі дұрыс таба алу қабілеті.

Эмоционалды интеллект — бұл, өзінің және басқа адамдардың эмоцияларын ажыратып, оларды басқара алу қабілеті. Егер IQ интеллектуалды, логикалық, аналитикалық қабілеттерді өлшесе, EQ ― тұлғалық және әлеуметтік дағдылар болып табылады. Өз эмоцияларымызды басқара алсақ – басқа адамдармен қарым-қатынастарымызды да түзете аламыз

Эмоционалды интеллект не үшін керек

  • Brighton School of Business and Management, мәліметі бойынша, еңбек кезінде EQ, кәсіби дағдылардан екі есе маңыздырақ. Ал зерттеуге қатысушылардың 44% эмоционалды интеллектіні эффективті лидерлердің ерекше қасиеті деп санайды.
  • Егер EQ деңгейіңіз жоғары болса, Сіз:
  • Жұмыстағы қысым мен стресті оңай еңсересіз;
  • Өзіңізді және басқаларды тиімді басқара аласыз;
  • Өзіңізге қажеттіге қол жеткізе аласыз;
  • Ортаңызда беделді, сыйлы боласыз;
  • Ұжымды мотивацияландыра аласыз;
  • Кикілжіңдерді тиімді шеше аласыз.

EQ қалай өлшеуге болады

Эмоционалды интеллектінің деңгейін анықтау үшін мінез-құлықты талдау қажет.

EQ төменгі деңгейінің көрсеткіштері, егер Сіз:

  • Басқаларға үнемі ренжіп жүрсеңіз, кешіре алмасаңыз;
  • Сізді дұрыс түсінбей қалды деп жиі ойласаңыз;
  • Стрестерді жеңе алмасаңыз;
  • Өз сезімдеріңізді және оның себептерін түсінбесеңіз;
  • Басқаларды сынап, нәтижесіз дауласа берсеңіз;
  • Өзгерістен қорықсаңыз және жаңашылдықтарға ұзақ бейімделсеңіз.

Сонымен қатар

  • ЭИ төмен адамдарға басқа адамдар қызық емес, олар басқалардың мінезін, мінез-құлықтарының себептерін білгісі келмейді.
  • Өздерінің негативті эмоцияларының себептерін түсінбейді.
  • Олар көбінесе өздеріне шоғырланған және басқалардың көмек қажетсініп тұрғанын байқай бермейді.
  • Қателік жіберуден қорқады, қорытынды жасай алмайды, сітсіздіктерден кейін өзіне келуі қиын, қателіктерін көп ойлайды, өзін кінәлауға бейім.
  • Интуицияға сенбейді, оны ақымақтық деп санайды.
  • Жаңа ортаға бейімделуі қиын және өзгерістерді онша ұната бермейді.
  • Тыңдай алмайды және естімейді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет