«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Биосфералық резерваттар. Қызыл кітап және оның биологиялық әралуандылықты сақтаудағы рөлі



бет53/62
Дата01.10.2023
өлшемі431 Kb.
#112245
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Байланысты:
«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы

Биосфералық резерваттар. Қызыл кітап және оның биологиялық әралуандылықты сақтаудағы рөлі
Дүние жүзінде 300 мыңнан (кейбір авторлар 500 мың деп көрсетеді) астам жоғары сатыдағы өсімдік түрлері бар. Олардың адамдар мен биосфера үшін маңызы зор. Өсімдіктер топырақтың құнарлығын арттыруға, қара шірікті көбейтуге қатысады. Ауадағы көмір қышқыл газдан фотосинтез арқылы көміртекті алып, ауаға оттек бөледі. Теңіз суларының газдың құрамы да өсімдіктермен байланысты болады.
1 миллиард жылдан астам уақыт бұрын басталған фотосинтез процессі арқылы өсімдіктер орасан көп оттек пен органикалық заттар "өндірді". Олардың бір бөлігі көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шым-тезек сияқты пайдалы заттарға айналып сақталуда. Қазіргі тірі организмдермен салыстырғанда мұнай мен көмірде жиналған көміртек 50 есе көп.
Адамзат тарихында көптеген жаңа өсімдіктер түрлері пайда болып, олардың тараған аудандары кеңейеді. Көп өнім жаңа ауыл шаруашылық дақылдар шығару үшін жабайы өсімдіктер өте құнды және орны толмайтын тұқымдық қор болып есептеледі. Өйткені олар желге қарсы тұра алады, жерге құлап, шашылып төгілмейді. Вирус пен саңырауқұлақ ауыруларына, қуаңшылыққа төзімді, өсу мерзімі қысқа, құнары аз жерлерге көндіккіш. Олардың құрамындағы белоктардың сапасы өте жоғары.
Осы күнге дейін 30 мыңға жуық жоғары сатыдағы өсімдік түрлері түгел жойылып кетсе, тағы 24 мыңына сондай қауіп төніп тұр. Олардың тағдырына немқұрайлы қарауға болмайды. Себебі жоғалған түрлерді қайта шығара алмасақ, қалғандарын сақтау қолдан келетін іс.
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін құру – тұрақты дамуға көшудің міндетті шарттарының бірі. Соңғы жылдар экологиялық жағдай нашарлап, табиғат байлықтары азаюына байланысты белгілі ғалымдар осы проблемаға арналған зерттеулер жүргізді. Олардың еңбектерін де табиғи ортаның болашағы, қазіргі дүние жүзі шаруашылығын ұйымдастырудағы жетістіктер мен кемшіліктер жан-жақты қаралған. Қолда бар табиғат байлықтарын үнемдеп, олардың жаңа көздерін іздестіру, сөйтіп табиғат ресурстары тапшылығынан шығу жолдары көрсетілген.
Олардың дүние жүзі шаруашылығын ұйымдастыру жөніндегі үлгілерін қостаушылар да, қарсы шығушылар да баршылық.
Дүние жүзі шаруашылығын ұйымдастырудың бірінші үлгісі. Бұл үлгі соңғы кезде кең тараған "индустриялдық теория" негізінде жасалған. Онда әлеуметтік-экономикалық формацияға байланысты емес, тек өндірістік потенциялға (күш, құрал, табиғат байлығына) байланысты болады деген идеяға сүйенген. Негізгі көрсеткіш ретінде бір адамға есептегенде келетін ұлттық жалпы өнім (ВНП) мөлшері алынған.
Егер ұлттық, жалпы өнім мөлшері бірнеше жүз доллардан аспаса, ондай ел "индустриялды" қоғамға дейінгі елдер қатарына жатады. Бұлар Африка, Азия, Оңтүстік Америка мемлекеттерінің көпшілігі.
Егер ұлттық жалпы өнім мөлшері мың доллар болса, ондай ел "индустриялды қоғамға" кіреді. Бұлар Еуропаның, Солтүстік Американың өркениет елдері, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия.
Егер ұлттық жалпы өнім мөлшері ондаған мың доллар болса, ондай ел "постиндустриялды қоғамға" көшеді.
Индустриялдық теория авторлары У.Росоту, Дж.Гелбрейт, Д.Белл, Р.Арон, А.Турэн, аталған теория Г.Кан мен А.Винердің 1967 жылы жарық көрген "2000 жыл" деген кітабында толық келтірілген.
Дүние жүзі шаруашылығын ұйымдастырудың екінші үлгісі. 1972 жылдың соңында Д.Н.Медоуз, Д.Л.Медоуз, Л.Кондер және В.Беренс "өсу шегі" атты кітабын жазып, Рим клубына тапсырады. Бұл еңбек "Рим клубы үшін жазылған бірнеше баяндама" деп аталады. "Өсу шегі" – авторларының тұжырымдамасы келесідей: егер қазіргі халықтың өсу қарқыны сақталатын болса адамдар саны 33 жылда, өндіріс көлемі 10-14 жылда екі есеге көбееді де, ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығында минералды шикі заттар қоры таусылып, өндіріс өнімдері өспейтін, қоршаған ортаны тазалау мүмкіндігі жойылатын болады.
"Өсу шегі" авторлары және 1973 жылы жарық көрген "Келесі 200 жыл" атты кітаптың авторы А.Кан айтқан ұсыныстар бойынша, артта қалған елдерді сол қалпында қалып, миллиондаған адамдар қайыршылық өмірден шыға алмайтын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет