1. Агроэкологияның ғылым саласы ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері. Экологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Экология– ағзалардың арасында болатын (дарақтар, түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценоз) қарым –қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды табиғи заңдылықтарды биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс - әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.
Экология – биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым – биолог Э.Геккель еді. Экология - гректің (oikos – үй, тұрақ, мекен және logos – ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым – қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай – ақ, тірі ағзалардың бір - бірімен қарым – қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі. Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегінде (1866) алғаш рет «Экология» терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді.
Агроэкология ғылымының негізгі мақсаты – биосфера мен ноосфера, экожүйе, биогиоценоз тұрақтылығын сақтап ол үшін халықтың барлық деңгейінің экологиялық білімі, мәдениеті мен тәрбиесі жоғары болуына өзіндік үлес қосу.
Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), популяциялар арасындағы қарым – қатынастар биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымдарымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық құрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың бейімделуі биологиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар әлемдік экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-биосфера- қоғам арасындағы қарым – қатынасты зерттеу, бақылау және баға беру (мониторинг) оның айналаны қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек.
Экология ғылымдарының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.
Экология ғылымының зерттеу мөлшері - биологиялық және химиялық микро және макрожүйелер (түрлі популяциялық,биоценоз,экожүйелер т.б.) мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктің маусымдық жылдық ырғағы.
Экология ғылымдарының негізгі зерттейтін бағыттары:
1. Ағзалардың бір-бірімен қарым – қатынастары мен айналаны қоршаған табиғи ортасы.
2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістіккебайланысты туындайтын өзгерістері.
3. Табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми – теориялық негіздері.
4. Адам-биосфера- қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды зерттеу.
5. Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру.
6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың әлемдік нормаға жеткізу.
Экология – биология ғылымдарының негізінде ХIХ ғасырдың ортасында айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі ХIХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басы болып саналады.