Экология
Адам
Адам өмірі
Қоршаған орта
Жеке тұлға
3кесте экология-адам жүйесінің байланыс тізбегі
Саналы адамның түр ретінде пайда болуының негізі — бұл ұжымдық тіршілік ету жағдайында оның иегерлерінің басымдылығын анықтаған альтруистік бейімділік.
Саналы Адамның қалыптасу үрдісіндегі едбектің рөлі, түрлі еңбек қаруларын жасау адамды адам тәрізді маймылдардан бөлектеген шекара болып табылды.
Адамның мәдени эволюциясы келесі ұрпақтарға барлық білімнің автоматты түрде емес, үйрету арқылы берілуінде жатыр, осылайша “иеленгенге мұрагер болу” жолымен зандылықтары биологиялық эволюцияның заңдылықтарынан мүлдем басқаша болып табылатын әлеуметтік даму жүзеге асырылады.
Ұжымдық сананың нығаюы ақпаратты жинау, сақтау, беру жолымен жүрді, бұл орта жағдайларының барынша көбірек спектрлеріне ие болуға мүмкіндік берді.
Осылайша, адамзаттың басқа биологиялық түрлерден экологиялық ерекшелігі-бірлескен қоғамдық әрекеттіліктерге қабілеттілікпен себептелген аса айқын әлеуметтілік, энергиямен “қарулануы”, еңбектің түрлі құралдары болып табылады. Бұл “қоғам-табиғаттың” өзара байланысын әлеуметтік-экологиялық ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Экологиялық мәдениеттілік - жалпы мәдениеттіліктің құрамдас бөлігі этностардың дәстүрлі медициналық мәдениеті – этноэкология проблемаларының бірі; дәлірек айтсақ әр этнос топтарының денсаулығы мен табиғи өсіп-өнуін сақтау мәдениеті.
Табиғаттың мәдени тәрбиелік - қазақтың байырғы өзiнiң ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға және оны тиiмдi пайдалануға үйрету. Экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң мақсаты да - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесiмдiлiктi қалыптастыру және дамыту. Экологиялық бiлiмдi жастардың санасына, ой-өрiсiне, қоршаған табиғи орта мен қоғам үшiн қажеттiлiгiн сезiндiру. Экологиялық бiлiм берудің түп негiзi отбасынан басталады. Өкiнiшке қарай, аға ұрпақтың, сана - сезiмiнде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем басқаша болып келдi. Ол олардың табиғатқа "байлық көзi немесе табыс көзi" ретiнде қарауы, осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы алыс болуға тиiс. Қысқасы, экология ғылымы табиғатты тиiмдi пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Заңдылығы деген не? Биосфера - тiршiлiк қабаты және оның құрамдас бөліктері атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттарының бiр-бiрiмен үйлесiмдi ұштасып жатқан уақытта ғана жер тозып, ауа ластанбайды.
Экология қазақ үшiн тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен берiлiп келген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негiзделген ғылым. Сәкеннің "Көкшетауын" алыңыз. Қалай мадақтайды тау-тасын, жер-суын, міне, "көк шөптi баспа", "суға түкірме" деп үйреткен, "ботам", "құлыншағым'', "қошақаным'' деп еркелеткен. Жерiн жұттатпас үшiн әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртында бiр түйiр көлденең зат тастамай, ошағын тегiстеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның бәрі табиғатпен етене ескеннің арқасы.
Қазақ халқы үшiн киелi, қасиетті деген ұғымның қандай мән-маңызға ие екендiгiн Шоқан Уәлиханов «Тәңірі» деген еңбегінде былай берген: «егер жануардын айрықшалығы, ерекшелiгi байқалса, онда оны әулие санайды (бақыт қасиеті). Аққудың киесiнен қорқып, аққуды атпас болар дейдi, аққу құстардың патшасы деп атайды. Үкіге, тоқылдаққа, қарлығашқа тиіспейді». «Жалғыз өсiп тұрған, ен айдалада ағашты немесе ерекше бiр қисық бұтақтары бар кейiпсiз өскiндердiң жаңына түнейдi, ыдыс-аяғын қалдырады, басына мал шалады». Қазақтар тек өсiмдiк пен жануарларға емес, өлi табиғаттың жеке объектiлерiне бас иген.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау,
күту және жақсарту;
•экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты -жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбие және ағарту- адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру.
Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.А.П.Чехов қанатты сөзімен қорытындылаймыз «Егер әрбір адам өзіне тиесілі аядай жерде қолынан келгенінің бәрін жасаса ғой, онда біздің жеріміз қандай құлпырып, жайнап кеткен болар еді».
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. Б.Коммонердің экологиялық қағидалары
2. Экологияның салаларын ата?
3. Экологияның зерттеу әдістері. .
4. Экологияның негізгі даму кезеңдері
5.Экологиялық факторлар қалай жіктеледі?
6. Тұрақты даму бағдарламасының мәні?
7. Тұрақты даму ұғымының міні мен мақсаты қандай?
8. Экологияның тәрбиенің мақсаты?
9.Тұрақты дамуда адамның ролі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |