«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Әрбір жануардың түр бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оптималды тығыздығы болады



бет17/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Байланысты:
Агроэкология лекции

Әрбір жануардың түр бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оптималды тығыздығы болады (Олли принципі).
Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі, тірі қалу қисық сызықтары, өсуі жылдамдығы.
Популяцияның саны негізінен бір-біріне қарама-қарсы екі құбылыспен анықталады – туу және өлім.
Туылукөбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны. Тірі ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген. Бактериялар әрбір 20 минут сайын бөлінеді. Мұндай жылдамдықпен көбейгенде бір жасуша 36 сағатта бүкіл планета бетін жауып шығатын ұрпақ бере алады. Бір бақ-бақ өсімдігінің барлық тұқымдары өнетін болса 10 жылда өзінің ұрпақтарымен бүкіл дүние жүзін алып кетер еді. Іс жүзінде үлкен өнімділік еш уақытта жүзеге аспайды.
Өлім белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны. Өлімнің үш типін бөліп көрсетуге болады. І барлық жастағы өлімді сипаттайды (гидра); ІІ дралрдың дамуының ең ерте кезеңде өлімінің жоғары болуымен (айқұлақ); ІІІ ересек (қарт) даралардың өлімінің жоғары болуымен сипатталады (адам).
Популяцияның өсімітуылу мен өлімінің арасындағы айырма; өсім оң немесе теріс болуы мүмкін.
Өсу жылдамдығыуақыт бірлігінде орташа өсім.
Егер R0 арқылы берілген түрдің бір дарасының өмірідегі беретін ұрпақтарының орташа санын белгілесек (таза көбею жылдамдығы), онда:
R0>1 –популяция өседі (ұсақ жануарларға тән);
R0 =1 – популяция саны тұрақты;
R0 <1 – кеміп бара жатқан популяция (кәсіптік жануарлар).
Популяция санының экспотенциалдық және логистикалық өсуі . Популяцияның жалпы саны маусымдық, көп жылдық периодты емес (мысалы, зиянкестердің санының шектен тыс күрт артуы) өзгерістерге ұшырап отырады.
Популяция санының осындай өзгерістері оның санының динамикасы болып табылады.
Популяция санының ауытқуының төмендегі шартты себептерін атап көрсетуге болады:
1) азық мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының артуына әкеледі, бірақ өсудің максималды шамасында азық шектеуші фактор болады. Азық қорының жетіспеуі популяция санының кемуіне әкеледі;
2) популяция санының артуы мен кемуі мекен ету онтасы үшін бірнеше популяциялардың бәсекелесу процесінде байқалуы мүмкін;
3) жыртқышпен, жемтік паразиттен иесі арасындағы күрделі өзара қатынастар популяция санының ауытқуының бір себебі бола алады;
4) абиотикалық факторлар (температура, ылғалдылық, ортаның химиялық құрамы және т.б.)популяциялар санына көп әсер етеді және олардың едәуір ауытқуларын туғызады.
Популяциядағы даралар санының көбею процесі теориялық жағынан алғанда шексіз өсуге қабілетті – биотикалық потециалдық (экспоненциалдық қисық) (А), бірақ қоршаған орта жағдайлары бұл өсуді шектейді, ісжүзіндегі өсу логистикалық қисықпен (Б) сипатталады. Теориялық және іс жүзіндегі өсудің арасындағы айырмашылық ортаның қарсылығын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет