«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Қоршаған ортаның экологиялық сыйымдылығы



бет13/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
Қоршаған ортаның экологиялық сыйымдылығы.
Табиғатта болып жататын өзгерістер мен құбылыстар адам өміріне, денсаулығына қандай әсер ететінін, оларға адамның үйрену, бейімделу және көндігу мүмкіншіліктері ғылым назарынан тыс қалған немесе өте аз зерттелген мәселелер.
Табиғаттың адамдарға ықпалы жөнінде біртұтас жүйелі мағлұматтар болмағандықтан, бірен-саран бытыраңқы зерттеулерге сүйеніп қоршаған ортаны қолайлы немесе қолайсыз деп баға беру қиын. Ыстық пен суық, жел мен желсіз, жаңбыр мен ашық күндер сияқты көпшілікке белгілі табиғат құбылыстарынан басқа біз білмейтін немесе ескермейтін факторлар да бар. Оларды білмей, зерттемей тұрып қоршаған ортаға берілген баға бергіссіз болуы мүмкін.
Мысалы, күн бетінде дақ көбейіп, күшті жарылыстар болғанда жер бетіне түсетін күн сәулесі де өсіп, климатта, биосферада, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде ерекше өзгерістер болып жатады. Күн бетінде дақ азайып, жарылыстар кемігінде күн сәулесінің қуаты бұрынғы қалпына түседі. Кейбір шет елдік ғалымдардың айтуына қарағанда күн де дақ көп кезде туған адамдардың қанына липидтер жоғары, дақ аз кезде туылғандарда төмен болатын көрінеді. Дақ көбейгенде жүрек және қан тамыры аурулары да көбейеді.
Ресейдің Норильск қаласында жүргізілген зерттеулерге қарағанда бетінде дақ көп кезде туғандар үшін солтүстік өңір олардың үйреншікті ғарыш планеталық отаны болып есептеледі. Сол жаққа баратын жол түссе, өздеріне үйреншікті мезгілді қалап алып, басқа уақытта бармағандары дұрыс.
Көптеген адамдар Қара теңіз жағалауында дем алуды ұнатады. Бірақ көпшілігі бұл өмір және уақыт олар үшін қолайлы ма, жоқпа біле бермейді.
Академик В.Казначеевтың байқауы бойынша сәбилер ананың құрсағындағы кезінен бастап өздері тұрған электромагнитті ортаға бейімделген, өмірі олар үшін туған орта болып қалады.
Жастары 50-ден асқан кісілерге тұрғын жерлерін жиі өзгертуге, жазық жерден таулы аудандарға, оңтүстіктен солтүстікке көше беруді дәрігерлер дұрыс көрмейді. Олар жаңа жерге көпке дейін үйрене алмай, кейбіреулері кері қайтуға мәжбүр болады.
Адамдардың дені сау, ғұмыры ұзақ болса – бұл қоғамның байлығын, берекелігін көрсетеді. Сондықтан экология тек қолайлы ортаны зерттеп қолайлы, қолайсыз ортаның адамдар организіміне ықпалын, әсерін, жарамсыз жайларды жою жолдары мен нақтылы шараларын да зерттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет