«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе



бет4/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Агроэкология лекции

Далалық зерттеулер – далалық жағдайда жүргізіледі, популяциялар мен олардың қауымдастықтарын табиғи ортада зерттейді. Бұл зерттеулер арқылы белгілі бір жағдайда түрдің тіршілігі мен дамуын, оларға әртүрлі факторлардың әсерін анықтауға болады.
Тәжірибелік зерттеулер – табиғаттағы қарым- қатынастардың себебін анықтайды. Бұл зерттеулер жасанды факторлардың әсерін білуге мүмкіндік береді.
Математикалық модельдеу – математикалық белгілердің көмегімен зерттеуге алынған жүйенің кейбір параметрлерінің мәндерін өзгерту арқылы соңғы нәтиженің қалай өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді.
Экологияның салалары және экологияның практикалық міндеттерді шешудегі ролі
Биологиялық – экологиялық зерттеулердің бірнеше бағыттары бар. Олар: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, геоэкология, архиэкология, қолданбалы экология, әлемдік экология, адам экологиясы, нооэкологиясы және тағы басқалар.
Аутэкология – жеке ағзалар (особь) арасындағы қарым-қатынастарды, оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.
Демэкология – бір түрге жататын ағзалар «особьтар» тобы, оның табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.
Эйдэкология – түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғарғы дәрежесінде зерттейтін ғылым.
Синэкология – бірлестіктер экологиясы (биоценология, фитоценология) ретінде әртүрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) жиынтығын бір тұтас ағзалар ретінде зерттейді.
Геоэкология – экологиялық дүниелерді биосфералық деңгейде зерттейді. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, ландшафтылар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктері, тұрақтылығы. Кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі экожүйелердің продуктивтілігі, агро және антрогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізеді.
Адам экологиясы, антропоэкология — ауыл,қала,село тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықтың қарым-қатынастарын үйлестіру,көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру және тәрбиелеу.
Қолданбалы экология – экология ғылымы жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат баласының әлеуметтік мұқтажын өтеу барысындағы табиғи ортаның ластануы, өнеркәсіп,ауылшаруашылық, химиялық, медициналық, биохимиялық және тағыда басқа өндіріс орындарының жағдайы, айналаны қоршаған ортаға тигізетін әсері, өндіріске жаңа технологияны енгізу, ластау көздеріне мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарын жүргізді.
Әлемдік экология – табиғи және табиғи іс-әрекетінен пайда болатын биосфера шегіндегі күн жүйесіндегі әлемдік экологиялық-биоэкологиялық өзгерістермен құбылыстарды зерттейді. Адамзат баласының басына түсетін ядролық қауіп-қатер, неше түрлі апаттар, әлемдік климаттық, ауытқулар, шөлейттену, жаппай қырып-жоятын әскери қару-жарақтар, қатерлі эпидемияларды зерттейді.
Нооэкология– адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайлардың, қарым-қатынастары бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – оймен, сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейді.
Географиялық экология- географиялық процестерге экологиялық заңдылықтарды қолдануға негізделген экологияның тарауы.
Өнеркәсіптік экология- өнеркәсіптің немесе адамның барлық шаруашылық қызметінің табиғатқа әсерін,сондай-ақ табиғаттың кәсіпорындарға кері әсерін немесе барлық шаруашылықты толық зерттейді.
Радиациялық экология - биосферада радиоактивті нуклидтердің таралуын,мөлшерін,иондау сәулелердің организмге,олардың популяциясына,биоценозға тигізетін әсерін зерттейтін экология мен радиобиология саласы.
Биосфера экологиясы- биосферадағы экожүйені,оның тұрақтылығын,оның тұрақтылығын ,ондағы жүріп жатқан процестер мен адам факторының маңызын зерттейтің ғылым.


Сурет 1 - Экологияның кешенді сипаты
Жалпы экология бойынша - өндірістік технологиялар, тірі жүйелер мен қоршаған орта, әлеуметтік экология бойынша – қоғам туралы мәліметтермен қаруланды. Экология саласындағы жобалық жұмыстары бағытының үш негізгі түрін жіктеп көрсеттік – экологиялық-биологиялық, экологиялық-қолданбалы және экологиялық-әлеуметтік. Экология саласындағы әрбір жобалық жұмыс өзінің іс-әрекет объекттеріне, іс-әрекетке мамандануының белгілі бір бағытына және әр түрлі профильдегі студенттердің экологиялық оқу-жобалық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне ие (Сурет 2).

Сурет 2 - Экология саласындағы оқу-жобалық іс-әрекеттерінің басқа ғылымдармен байланысы
Экологиялық-биологиялық оқу жобалары көлемінде тірі жүйелер (организмдер, популяциялар, қауымдастықтар, биосфераның тірі заттары) мен қоршаған ортаның және оларда тіршілік етушілердің өзара байланысы туралы білімдерге қол жеткізуге, меңгеруге, пайдалануға және (немесе) осы алынған білімдерді жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырды.
Экологиялық-қолданбалы бағыттағы (табиғатты пайдалану және табиғатты қорғау) оқу жобалары көлемінде өнеркәсіптік өндірістердің әсері және тірі жүйелерді тұтынушылыққа, өмір сүру ортасы мен адамдардың денсаулығына әсері туралы білімдерге қол жеткізуге, меңгеруге, пайдалануға және (немесе) осы алынған білімдерді жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырды.
Экологиялық-әлеуметтік бағыттағы (табиғатты пайдалану мен табиғатты қорғаудың әлеуметтік аспектілері) оқу жобалары көлемінде табиғатпен тікелей немесе жанама байланыстағы қоғамдық қарым-қатынастардың заңдылықтары туралы білімдерге қол жеткізуге, меңгеруге, пайдалануға және (немесе) осы алынған білімдерді жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асырды.
Аймақтағы экологиялық проблемалардың көптүрлілігі мен өзектілігі себепті оқу-жобалық іс-әрекеттері мамандандырылуының деңгейі де жеткілікті тұрғыда кең көлемде түрлене түсті.
Кесте 1 - Іс-әрекет объектілері бойынша оқу жобаларының жіктемесі

Жалпы бағыты

Экологиялық іс-әрекетінің мамандануы

Әр түрлі профильдегі оқу-жобалық іс-әрекеттердің ерекшеліктерінің сипаттамасы

Экологиялық-қолданбалы бағыттағы

Қалалық орта экологиясы (урбоэкология)

Қаланың ерекшеліктері урбанизацияланған территорияларда тұруға арналған организмдер (өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер, адамдар) мен олардың жиынтығының (популяциялар мен бірлестіктер) тіршілік ету ортасы ретінде меңгертіледі

Ауыл-шаруашылық экологиясы (агроэкология)

Бірлестіктердің құрылымының ерекшеліктері және олардың құрамы, өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың және микроорганизмдердің, адамдардың бірлестіктерінің, сондай-ақ ауылшаруашылық өндірістерінің қоршаған ортаға (популяциялар мен бірлестіктер) әсері меңгертіледі.

Гидроэкология

Су орталарының тіршілік ету ерекшеліктері және оларда тіршілік ететін организмдердің (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) және олардың бірлестіктері, сондай-ақ адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің су орталарына және онда өмір сүретіндерге әсері меңгертіледі.

Топырақ экологиясы

Топырақта мекендейтін организмдердің (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) қоршаған өмір сүру ортасы және оған бейімделуі мен олардың бірлестіктері ретінде топырақтың ерекшеліктері, сондай-ақ адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің топырақ ортасына және оларды мекендеушілерге әсері меңгертіледі.

Химиялық экология

Әр түрлі химиялық заттарға айналуы (табиғи, антропогендік), соның ішінде тірі табиғи ортадағы химиялық байланыстардың жиынтығы және химиялық өзара байланыс пен тіршіліктің байланыстылығы меңгертіледі.

Адам экологиясы және медициналық экология

Қоршаған ортаның әр түрлі факторларының адамның өмір тіршілігіне әсері, соның ішінде бөлек бір адамдардың ғана емес, сондай-ақ бөлек бір популяциялар мен адамзат өміріне тұтас және денсаулығына гигиеналық, токсикологиялық әсері меңгертіледі.

Космос экологиясы

Жасандылық тұрғыдағы (аквариумдар, террариумдар, қысқы бақшалар және т.б.) тұйық экожүйелердің тіршілік етуі мен құрылымының мәселелері меңгертіледі.

Экологиялық құқық және табиғатты пайдалану экологиясы

Табиғатты пайдалану және табиғатты қорғаудың құқықтық мәселелері, сондай-ақ табиғатты пайдалану мен табиғат байлығын қорғаудың экономикалық мәселелері меңгертіледі. Экологиялық құқық пен экономикалық табиғатты пайдалануды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.


Кесте 1 жалғасы










Экологиялық-әлеуметтік
бағыттағы
оқу жобалары


Экологиялық психология

Жекелік және қоғамдық экологиялық сананы қалыптастыру ерекшеліктері, соның ішінде бұқаралық ақпараттандыру құралдарының көздері меңгертіледі.

Экологиялық педагогика

Экологиялық білім, тәрбие мен ағартушылық мәселелері меңгертіледі, жеке тұлға мен қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастырудағы әр түрлі тәрбиелеу құралдарының потенциалына талдау жасалады, және оңтайлы тәрбиелеу жүйесі модельденеді.

Экология және өнер

Табиғатқа байланысты шығарылған әр түрлі жанрдағы көркем шығармалардың түрлі салалары меңгертіледі. Экомәдениетті тұлға қалыптастырудағы бейнелеу құралдарының бірі ретіндегі оның рөлі зерттеледі.

Экологиялық журналистика

Әр түрлі жанрдағы публицистикалық шығармалар даярлау жүзеге асырылады. Баспасөз беттерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында экологиялық эсселер жарияланады. Баспасөздерде экологиялық акциялар мен ынталар жарық көреді.



Экологияның практикалық міндеттерді шешудегі ролі.
Адамзаттың тіршілік барысы тікелей экологиямен байланысты.(2.1.кесте)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет