«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Аутэкология туралы қысқаша түсінік



бет7/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Байланысты:
Агроэкология лекции

Аутэкология туралы қысқаша түсінік.
Аутэкология – жеке ағзалардың (особь) арасындағы қарым-қатынастарды, оның тіршілік ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізетін экологияның бағыты.
Аутэкологияның міндеті- түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғал, жоғары төменгі температураға), физиологиялық, морфологиялық т.б бейімделуін анықтау.
Аутэкология (грекше autos - өзім) – жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым қатынасын зерттейтін экология бөлімі.
Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа бағыт – орта ластануының әсеріне организмнің жауап қайтару тетіктерін қоса зерттеу пайда болды.


Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейлері.
Тірі ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде құрлықта литосфераның жоғары қабаттары біртіндеп топыраққа айналды. В.И.Вернадский оны планетаның биокостық денесі деп атады. Ол тірі ағзалардың мекен ету ортасымен бірлескен әрекеттесуі нәтижесінде пайда болды.
Топырақта су және құрлық ағзалары таралып, оның өзіне тән комплексі түзілді. Қазір жердегі тіршіліктің 4 ортасын бөліп көрсетуге болады: су, жер-ауа, топырақ және тірі ағзалар.




Су тіршілік ортасы. Гидросфера жер бетінің жалпы ауданының 71% дейінгі бөлігін алып жатыр. Сулы ортада мекендейтін ағзаларды гидробионттар деп атайды. Гидробионттардың экологиялық жіктелуі бойынша суда тіршілік ететін ағзалар нектон, планктон және бентос болып бөлінеді.





Тіршілік ортасы ретінде суға тән қасиет- оның қозғалғыштығы. Эволюция процесінде суда ағзалар судың қозғалғыштығына бейімделген. Мысалы, жасыл және диатомды балдырлар, су мүктері су түбіндегі тастарға бекінеді.
Су 3 қабатқа бөлінеді: жоғары қабатында температураның маусымдық ауытқуы үлкен, ортаңғы қабаты- термоклин деп аталады, ал төменгі қабатта температураның жылдық ауытқуы болмайды деуге болады.
Су тұздылығы. Әлемдік мұхиттың суының құрамында жерде белгілі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. 1 л суда еріген минералдық заттардың массасы судың тұздылығы деп аталады. Тұздылықтың өлшем бірлігі промилле (% ) – 1 л судағы 1 г минералдық заттар ерігенін көрсетеді.
Ерітінділердің тұздылығы осмос құбылысы байланысты.Осмос (грек тілінен osmos – қысым ) –жасушаның жартылай өткізгіш мембранасы арқылы суда еріген заттардың бір жақты диффузиясы.
Су қышқылдығы (рН). Сутектік көрсеткіш- судың қышқылдығын сипаттайтын шама.
Тереңдеген сайын судың қышқылдығы артады (рН кемиді). Тұщы су балықтарының көпшілігі қышқылдығы 5-тен 9-ға дейінгі көрсеткіштеріне төзе алады. рН=5 болған жағдайда балықтар жаппай қырылады, ал рН =10 болса, онда барлық балықтар және көптеген жануарлар өледі.
Жер-ауа тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік ететін ағзалар газтәріздес ортамен қоршалып жатыр. Бұл ортаның өзіне тән ерекшеліктері: ылғалдылығының төмен болуы, тығыздығы мен қысымының төмен болуы, оттегінің мөлшерінің жоғары болуы. Жер –ауаның тіршілік ортасында әсер ететін экологиялық факторлардың бірқатар ерекше белгілеріне мыналар жатады: жарықтың әсер ету интенсивтілігі жоғары, температураның ауытқуы күшті, географиялық жағдайына, маусым мен тәулікке байланысты ылғалдылық өзгеріп отырады.
Жер-ауа тіршілік ортасындағы негізгі абиотикалық факторлардың әсер ету ерекшеліктеріне тоқталайық.
Ауа. Құрғақ ауаның құрамы 78% азот, 21% оттегі, 0,03 % көмірқышқыл газы; 1% инертті газдар.
Жел. Ауаның температурасы мен ылғалдығын өзгертеді, ағзаларға механикалық әсер етеді. Жел өсімдіктердің транспирациясын өзгертеді.
Атмосфералық жауын-шашындар қар, жаңбыр, бұршақ түрінде болады. Олар ауа мен топырақтың ылғалдығын өзгерте отырып, өсімдіктер мен жануарларды сумен қамтамасыз етеді.
Топырақ ылғалдылығы. өсімдіктер негізінен топырақтағы суды пайдаланады. Топырақтағы су физикалық күйі, қозғалғыштығы, өсімдіктер үшін маңызына қарай бос, капиллярлы, химиялық және физикалық су болып бөлінеді.
Топырақ- тіршілік ету ортасы. Топырақтану ғылымының негізін салған орыстың зерттеушісі В.В Докучаев (1846-1903) болды. Оның ғылыми зерттеулері геология, минералогия, топырақтану, география, агрономия салаларына жатады.
Экологиялық фактор ретінде топырақтың қасиеттері эдафиттік факторлар деп аталады. Топырақ структурасымен, белгілі бір су өткізгіштігімен және аэрациялануымен сипатталады. Топырақтың жоғары қабатында өсімдіктердің қоректенуіне қажетті элементтер-фосфор, азот, кальций, калий және т.б шоғырланған. өсімдіктердің тамырлары өсу, өлу және ыдырау барысында топырақты қопсытады да, белгілі бір структураны құрайды.
Топырақ түзілуіндегі маңызды фактордың бірі – рельеф. Бірдей және жасы бірдей рельефте жақын және біртипті топырақтар түзіледі.
Топырақ ауасының атмосфералық ауамен газ алмасу арқылы оттегімен, ал жер бетіндегі қабаттың көмір қышқылымен байыту процесін – аэрация деп атайды. Топырақтың аэрациясына көптеген факторлар әсер етеді. Мысалы, ылғалдылықтың жоғарылауы топыраққа оттегінің енуіне кері әсерін тигізеді т.б.
Топырақтың органикалық заты гумификация (аэробты ыдырау) және өсімдік қалдықтары мен жануарлардың өлекселерінің жартылай ыдырау өнімдерінен тұрады. Гумус топырақта мекендейтін ағзалардың тіршілігіне қажетті минералдық заттар мен энергия көзі болып табылады. Ол топырақтың құнарлығын қамтамасыз етеді.
Топырақ ағзалары мекен ету ортасымен байланыс дәрежесіне қарай келесідей топтарға бөлінеді:
Геобионттар
Геофилдер
Геоксендер.
Тірі ағзалар – тіршілік ортасы. Өсімдіктер әр түрлі жануарлар үшін баспана болып табылады. Олар ағаш қабығында, жапырақтарда, бұтақтағы ұяларда мекендейді. Ағаш тәрізді өсімдіктер көптеген шырмауық тәрізді өсімдіктер мен эпифиттер үшін мекен ету ортасы болып табылады. Бұлар паразиттер емес, олар басқа өсімдіктерді тек тіршілік ортасы ретінде пайдаланады. Паразиттік ағзалар (өсімдіктер, жануарлар) үшін олар мекендейтін ағза (иесі) ерекше тіршілік ортасы болып табылады. Бұл құбылысты зерттеуге көп үлес қосқан ғалымдар – Б.А. Догель, Е.Н. Павловский және т.б. Барлық паразиттер екі топқа бөлінеді:
Эктопаразиттер- иесінің денесінің бетінде мекендейтін, сыртқы паразиттер
Эндопаразиттер- иесінің денесінде тіршілік ететін, ішкі паразиттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет