«Агроэкология және қоршаған орта» пәні бойынша Дәрістер жинағы Дәріс №1. Агроэкология пәні. Кіріспе


Генетикалық әралуандылықты қорғау



бет52/62
Дата31.08.2022
өлшемі1,27 Mb.
#38339
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62
Генетикалық әралуандылықты қорғау. Жеке түрлер адамның кінәсінен жойыла бастағанда, алғашқыда оған көңіл аударылмады. Себебі палеонтология көрсеткендей, табиғаттағы көптеген түрлердің жойылып біту процестері байқалып отырған.
Бірақ қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттың іс-әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдықпен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафтпен ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.
Табиғи бірлестіктер бактериялардан бастап ғасылар бойы өмір сүріп келе жатқан ағаштар мен ірі жануарларға дейін жүздеген және мыңдаған түрлерден құралуы мүмкін. Түрлік алуантүрліліктің жоғары болуы осы күрделі жүйелердің төмендегі қасиеттерін қамтамасыз етеді:
-Биосферада жануарлар дүниесінің үлесі көп емес, барлық тірі организмдердің салмағы жөнінде тек 2 процентін ғана құрайды. Бірақ олардың түрлері көп, энергетикалық қуаты жоғары, қимылдары өте ширақ. Өсімдіктермен және бір-бірімен қоректеніп, биологиялық заттар және энергия айналымына қатысады.
-Жануарлар дүниесін құрлықтағы, судағы жануарларға, құстарға бөлуге болады.
Құрлықтағы жануарларға көзге шамалы ілінетін құрт-құмырысқа, шыбын-шіркейлерден бастап өте ірі жануарлар – пілдерге, бегемоттарға дейін кіреді. Олардың 1,5 миллионнан астам түрлері бар. Құсатар -8,5 мың, аңдар -4мың, бауырымен жорғалаушылар -6 мыңға жуық, қосмекенділер -3 мың, өрмекші тәрізділер – 35 мың, құрт-құмырысқа, шыбын-шіркейлер -1 миллионнан астам түрге бөлінеді.
Жануарлардан қосымша пайда да көп. Мысалы, дәнді және майлы дақылдар, емдік шөптер, бау-бақшалар солардың көмегімен тозаңдатылады және өнім береді.Белгілі бір ортада орналасқан жануарлар түрін үркітіп, немесе күшпен басқа жаққа апару, сөйтіп табиға қалыптасқан үндестікті бұзу өте қауіпті іс болып, көп зиян келтіруі мүмкін. Жер бетінде жануарлар мен құстар саны жылдам кеміп барады. Оның негізгі себебі – орынсыз көп аулау мен қырып-жою. Жануарлар өліп, жоғалуы оңай. Ол үшін олардың бәрін қырудың жөні жоқ. Санын азайтып, бір-бірінен бөліп тастаса болды. Қалған 2-3 жұп территорияны игере алмай, өзі тұқымдастармен кездесе алмай, зорлану ("стресс") ауруына шалдығып, ешкім тимей-ақ өле береді. Жануарлар түрлерінің жойылған күнін немесе жылын айту қиын. Ерте заманда ондай есеп немес ғылыми зерттеу болған жоқ. Бірақ, тарихтан белгілі мәліметтерге сүйеніп, жануар түрінің қашан жойылғанын болжап айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет