Соғыстар және лаңкестік: экологиялық зардаптары. Әскери- өнеркәсіптік кешен және тіршілік ету ортасы. Әлемде талай адамдардың өмірін қиған соғыстар болды және болып та жатыр. Соғыстардың болуы себептерін талқыға салатын болсақ, онда олардың себептері келесідей болмақ:
1-ден, бодан және жартылай бодан елдердің табиғат байлықтарын сүліктей сору;
2-ден, жер байлықтарына қызығушылықтан және өз аймағын кеңейту;
3-ден, қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарды бодан елдерде салып, өздеріне таза, ортаға зияны жоқ өнімдерді әкелу.
Капитализм немесе социализм туын жамылған саясаткерлер мен қатысушылар табиғат байлықтарын халық қажетіне жұмсамай, өздерінің қарулану, соғысқа әзірлену, басқаларға айтқанын жасату мақсатына пайдаланып жүр.
Жаппай қарулану ірі капитал мен байлық иелеріне мөлшерден тыс пайда әкелсе, ұлы мемлекеттерге империялық және басқыншылық саясатын жүргізуге қызмет етеді.
Қару-жарақ шығаруда кең өріс алды. Қару-жараққа сұраныс азаймау үшін ұлтаралық және мемлекетаралық шиеленістерді ұшықтырып, өздері тұтатқан өртті сөндіру үшін қару беріп, керек болса қарудан оқ ататын "еріктілерді" жіберіп ақша табуда. "БҰҰ көмек ретінде жіберген азық-түлікті күтеміз" деген сылтаумен тәуелсіз елдің территориясына әскерлерін кіргізіп алып, ашыққандарды өлімнен сақтау орнына мылтық ұстауға шамасы барларын атып, олардың көбірек өлуіне "көмектесіп" жатыр.
Атом, химия және бактериологиялық қарулар жойылмай, соғыс қаруларын шығаратын кәсіпорындар бейбітшілік мақсатына жұмыс істеуге көшпей миллиондаған әскерлердің саны қысқармай табиғат байлықтары адамдардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалмайтыны белгілі.
Табиғатты қорғау және тұрақты даму қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері.Жер бетінің түпкір-түпкірінде экологиялық жағдайдың нашарлауы барлық мемлекеттерді онан шығу жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Көптеген мемлекеттер қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағыттаған 5-10 жылдық бағдарламалар қабылдап, іске асыруда. Мысалы, Жапония су тазартатын қондырғыларды салуды қаржыландыру, ГФР-де қалдықтарды өңдеудің федералдық АҚШ-та жергілікті сарқынды және ауыз су құбырларын салудың бағдарламалары жасалған.
Табиғатты қорғау мен жақсарту туралы Заңдар мен Кодекстер қабылданып, табиғи ортаның сапасын бағалау, қалдықтарды ауаға, топыраққа, суға жіберуді нормалау, экологиялық сарап жүргізу тәжірибелері көзделген.
100-ден астам мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғауды басқаратын министрліктер, департаменттер мен агенттіктер құрылған. Олар әртүрлі аталғанымен айналысатын жұмыстары біреу – табиғатты сақтау.
Табиғат қорғау проблемаларына арналған бірінші халықаралық жиналыс 1971 жылы көкек айында Чех елінде өтті. Бұл БҰҰ Еуропаның экономикалық комиссиясының симпозиумы болатын.
1972 жылы 5 маусымда Стокгольм қаласында БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі конференциясы ашылды. Осы күн Халықаралық ынтымақтстықтың басталу күні болып есептеліп конференция "Жер біреу" деген ұранмен өтті.
БҰҰ-ның ХХVІІ – Бас Ассамблеясы сессиясы 5-ші маусымды Дүние жүзі қоршаған ортаны қорғау күні деп жариялап, ол күн жыл сайын аталып өтеді.
Ауаның, мұхиттардың, теңіздің ластануын болдырмау үшін мемлекеттік келісімдер жасалып, тиісті ұйымдық, әкімшілік және хұқықтық шаралар алынады. Көптеген экологиялық проблемаларды бірнеше мемлекеттер қосылып БҰҰ-ның немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың басшылығымен шешуге тырысады. Олардың көпшілігі ұйым, кеңес, одақ, бағдарлама деген атпен жұмыс істейді.
Халықаралық табиғат қорғау ұғымына, одаққа, кеңеске, бағдарламаға мыналар кіреді:
Халықаралық ғалымдар одағы (МСНС).
Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитет
Биологиялық циклдарды қоршаған ортаның улануын зерттейді.
ЮНЕСКО-ның "Адамдар және табиғат" бағдарламасы (МАБ). Адамдардың іс-әрекетінің тропиктік және субтропиктік орманды және жайылым экологиялық жүйелеріне әсерінің күшеюін зерттейді.
БҰҰ-ның Қоршаған орта туралы бағдарламасы (ЮНЕП) топырақты және су қорларын қорғау проблемаларын, мұхиттарды ластаудан сақтау мәселесін зерттейді.
Қоршаған орта мониторингінің глобалды жүйесі (ГСМОС) қоршаған ортаның жағдайын арнаулы бақылау жүйелері бақылау станциялары – мониторинг, бақылау күзеттері т.б.
Халықаралық табиғат қорғау одағы (МСОП) табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану және қорғау мәсесін зерттейді.