247
18
- зерттеу
Агроэкожүйелердің
биоалуантүрлілігін
картографиялау
Жалпы мәліметтер
Әрбір агроэкожүйенің өзінің бірегей құрылымы мен кеңістіктік ұйымы бар.
Әртүрлі жүйеде жүйенің биотикалық компоненттерінің
ғана кеңістікті
ұйымдастыруы өте күрделі болуы мүмкін және оны түсіну үшін көптеген
сұрақтар қою қажет: Қандай түрлері бар? Әр түрдің
салыстырмалы таралуы
қандай? Түрлер кеңістік бойынша қалай бөлінеді? Жүйенің экологиясында әр
түрі қандай рөл атқарады? Түрлердің таралуы қандай заңдылықтарды
тудырады? Осы заңдылықтар уақыт ағымымен қалай өзгереді?
Мұндай сұрақтарға жауаптар агроэкожүйенің
өзіндік биогеографиясына
негіз болады. Әр түрлі агроэкожүйелердің биоәртүрлілік карталары маңызды,
өйткені олар бізге алуан түрліліктің қалай көрінетінін және ол тұрақты қызмет
етуге қалай түрленетінін түсінуге көмектеседі.
Оқулықтардың арақатынасы
17-зерттеу: Агроэкожүйелердің әртүрлілігі
21-зерттеу: Ландшафттық әртүрлілік
Зерттеудің жалпы сипаттамасы
Агроэкожүйені
зерттейді, қарайды, ол бойынша карталар жасайды. Карта
түрлердің таралу
заңдылықтарын және санын, түраралық байланыстар мен
әртүрлілікті тану үшін негіз ретінде қолданылады.
Кейінірек ол экологиялық
қатынастарды, этноботаниканы зерттеу және агроэкожүйені жобалау мен
басқару бойынша фермерлердің шешім қабылдауы үшін
негіз ретінде
пайдаланылуы мүмкін.
248
Мақсаттар
• Бақылау дағдыларын машықтаңыз және кеңістіктік заңдылықтарын
тану және сипаттау қабілетін жақсартыңыз.
• Агроэкожүйенің картографиялаудың негізгі әдістерін зерттеңіз.
• Агроэкожүйедегі
ауылшаруашылық, сол сияқты дақылды емес
түрлердің жіктелуін зерттеңіз.
• Түрлер санының, түрлердің таралу,
дақтылық және кеңістіктік
өзгертулер заңдылықтарын талдаңыз.
• Түраралық қатынастардың заңдылықтарын талдаңыз.
Процедураның қысқаша сипаттамасы және мерзімі
Достарыңызбен бөлісу: