Агроэкологиядағы далалық және зертханалық зерттеулер Үшінші басылым



Pdf көрінісі
бет99/135
Дата19.05.2022
өлшемі2,96 Mb.
#35042
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   135
Байланысты:
f5a5887ef1cfc9e00ff39b04277e75a2 original.3102839

Деректерді талдау 
1. Өз деректеріңізбен басқа топтармен бөлісіңіз, сондай-ақ әрбір сынама 
алу мерзімі үшін кестедегі бос ұяшықтарды толтыру үшін басқа топтардың 
деректерін пайдаланыңыз. 
2. Сынамаларды іріктеудің әрбір мерзімі үшін әрбір учаскенің үш 
секциясын көлденең өлшеудің орташа мәнін есептеңіз және мәндерді кестеге 
жазыңыз. 
3. Таңдау бойынша:
Әрбір учаскенің әр секторынан өлшеулер арасындағы 
сәйкессіздіктің статистикалық талдауларын жасаңыз. 


242 
Жазба 
Төменде зерттеу нәтижелері туралы есептілік бойынша кейбір ұсынымдар 
келтірілген: 
• Эксперименталды, сол сияқты бақылау учаскелерінде арамшөптерден 
шекарадан қашықтыққа сәйкес жәндіктер мен зақымдану мөлшерінің қалай 
өзгеретінін көрсету үшін деректерді кесте түрінде ұсыну. 
• Зиянкестердің таралуындағы кеңістіктік және уақыттық 
заңдылықтарды түсіндіріңіз. 
• Деректердің арамшөптерден жасалған шекарадан әсерді көрсететінін 
бағалаңыз. 
• Әр учаскедегі секциялар арасындағы айырмашылықтарды және 
айырмашылықтар үшін қандай факторлар себеп болуы мүмкін екенін 
талқылаңыз. 
• Ауыл шаруашылығында нәтижелер қалай қолданылуы мүмкін екенін 
талқылаңыз. 
Өзгерту және одан әрі зерттеу 
1. Орнында кенеттен пайда болатын арамшөптерден жасалған шекарамен 
зерттеуді орындаңыз. 
2. Үлгілерді арамшөптен жасалған шекарадан учаскенің қарама-қарсы 
шетіне дейін әрбір 5 м-ге таңдап алыңыз. Сынамаларды іріктеу нүктелерінің 
арасындағы аз қашықтықтар шекараның ықпалына ұшыраған жәндіктердің 
таралуы туралы неғұрлым егжей-тегжейлі түсінік бере алады. 
3. Арамшөптерден шекара жәндіктердің жалпы қауымдастығына қалай 
әсер ететіні туралы ең жақсы түсінікті алу үшін жәндіктер сынамаларын 
іріктеу әдістерінің кең спектрін пайдаланыңыз. (Сынамаларды іріктеудің 
басқа әдістерін сипаттау үшін 11 зерттеуді қар.) 
4. Дақылдың бойында шекара ретінде арамшөптің үш немесе төрт түрін 
отырғызыңыз және олардың зиянкестер мен пайдалы жәндіктерге әсерін 
салыстырыңыз. 
5. Ені әртүрлі шекараларды көріңіз. 
6. Арамшөптердің тұқымдарын егілген немесе қайта отырғызған кезге 
байланысты әртүрлі уақытта; мысалы, қайта отырғызудан 2 апта бұрын, 
отырғызғанда және 2 аптадан кейін егіп көріңіз. 
7. Шекаралық белдеуде арамшөптерді отырғызудың орнына, өнімге 
кедергі келтірмейтін, бірақ жәндіктерге әсер ететін оңтайлы тығыздықты 
анықтау үшін арамшөптерді дақылдардың арасында әртүрлі тығыздықпен 
бөліңіз. 
8. Зақымдалған жәндіктерді (біте қуыршақтарын немесе 
қабыршаққанаттылардың құрттарын) жинап, паразиттік ағзаның кеш пайда 
болуын және сәйкестендірілуін бақылау үшін зертханаға апарыңыз. 


243 
Арамшөптен құралған шекараның салдары кестесі
Сынама алу күні: 
Арамшөптер шекарасы учаскесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет