А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет1/32
Дата16.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#68308
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
treatise22703


А. Ғ. КӨШІМ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ:
ТАБИҒАТ КАРТАЛАРЫ


Оқу құралы


Алматы 2014
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
А.Ғ. КӨШІМ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ:
ТАБИҒАТ КАРТАЛАРЫ


Оқу құралы

Алматы
«Қазақ университеті»


2014


УДК
ББК
К


Баспаға әль-Фараби тындағы Қазақ ұлттқ университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесімен ұсынылған
Пікір жазғандар:

техника ғылымдарының докторы, профессор Ж.Ж. Байгурин


география ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.С. Алиасқаров
Көшім А.Ғ.
К Географиялық картографиялау: Табиғат карталары: оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2014.- 108 б


Табиғатты картографиялаудың ғылыми зерттеу көзқарас сипатталған және табиғатты картографиялаудың даму кезеңдері, оның ғылым және тәжірибедегі маңызы, пәні және негізгі бағыттары қарастырылған. Сонымен қатар, табиғатты картографиялаудағы негізгі бағыттар: геологиялық, жеке тектоникалық және неотектоникалық, геоморфологиялық, климаттық, гидрологиялық, топырақ, өсімдіктер жамылғысы және ладшафттық карталар құрастыру әдістері, принциптері қарастырылған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының картография, геодезия және география мамандықтарына арналған.
АЛҒЫ СӨЗ


Табиғат карталары картографиялық шығармашылықтардың ішіндегі ең күрделі түрі. Бұл карталардың әртүрлі тақырыптары, масштабттары, картографиялау әдістері мен технологияларымен бір-бірімен тығыз байланысты болу тиіс. Практикалық жағдайда шешілетін көптеген мәселелер мысалы, жол торын, мұнай және газ құбырларын жобалау және салу, жаңа кен орындарын игеру, қауіпті табиғи құбылыстарды жобалау жұмыстардың түрі және мазмұны геологиялық, геоморфологиялық, климат, гидрологиялық, топырақ, зоогеографиялық, ботаникалық, ландшафтты және т.б. әртүрлі табиғат карталарын құрастыру және пайдалануды қажет етеді.
Жергілікті жерді толығымен зерттеу, есептеу және шешімдер қабылдау үшін ірі және орташа масштабты тақырыптық карталар қажет. Табиғи жағдайлар мен ресурстарды алдын-ала бағалау ұсақмасштабты карталар бойынша жасалынады. Бұл карталардың рөлі аймақтың және шаруашылық салалар дамуының экономикалық ынталандыратын жағдайдың өзгеруіне байланысты артады, себебі соңғы жылдары геоақпараттық және компьютерлік технологияларға негізделген шешімдерді жедел қабылдау деңгейі өсіп келеді.
Картографиялау әдістемесінде табиғат карталарын дайындау және басып шығарудың әртүрлі әдістері, мысалы, қазіргі компьютерлік топографиялық-геодезиялық және әуеғарыштық әдістерге негізделген дала зерттеулері мен түсірістер, математикалық-картографиялық үлгілеу, компьютерлі, геоақпарттық және баспалы технологиялар пайдаланылады. Сонымен, табиғат карталарын құрастыру үшін ғылым мен практиканың әртүрлі салалары геоинформатика, математика, топография және геодезия, компьютерлік дизайн және түстер бөліну негіздері, семиотика, логика, көптеген жаралыстану ғылымдар (геология, топырақтану, климатология, гидрология, ландшафттану, экология және т.б.) бойынша білімдер қажет.
«Географиялық картографиялау: табиғат карталары» курсы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасында «5В711000 - геодезия және картография» мамандығы бойынша бакалавр студенттерін дайындау үшін оқылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет