АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер


Ауыспалы бағыттарға соғатын желдер –



бет42/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Ауыспалы бағыттарға соғатын желдер – белгiлi бiр аймақтарда, аудандарда жергiлiктi физикалық-географиялық жағдайларда пайда болатын желдер бағыттарын өзгертiп (ауыстырып) соғады. Ондай желдерге мыналар жатады: самал жел (бризы), муссондар, таулы-далалы, фен.

Самал жел (бризы) – тәулiгiне екi рет бағытын ауыстыратын теңiздер мен мұхиттардың, көлдердiң жағасында болатын жел. Күндiз теңiзден құрылыққа, түнде құрылықтан теңiзге қарай соғады. Самал желдiң пайда болу себебi-теңiз бетi мен құрылықтың жылынуы мен салқындауы бiрдей емес. Құрылық күндiз теңiзге қарағанда жылдам жылжиды, ал түнде керiсiнше, жылдам салқындайды. Сондықтан, күндiз ауа қысымы құрылықта төмендейдi, ал теңiз үстiнде жоғарылайды. Ауа массасы теңiз бетiнен құрылыққа қарай жылжый бастайды. Бұл самал жел құрылықпен 30-40 км дейiн жетедi (тарайды), желдiң жылдамдығы 4-7 м/с. Түнде жел бағытын керiсiнше өзгертедi- құрылықтан теңiзге қарай бағытталады.

Муссондар – өз бағытын жылына 2 рет ауыстыратын жел. Қыста құрылықтан теңiзге қарай, жазда-теңiзден құрылыққа қарай соғады. Жаз айларында Азия материгi қатты қызады да, ауа қысымы төмен болып тұрады. Осы мезгiлде Индия, Тынық мұхиттарынан салқындаған ауа материкке қарай жылжыйды. Осы жаздық муссон барлық жаз айларында бiр бағытта, мұхиттардан Азия материгiне қарай соғады.
Қыс айларында материк үстiнде ауа қысымы жоғары болады, сондықтан ауа массалары керi (материктен мұхиттарға) қарай жылжыйды. Осылай, қыс айлары бойы соғатын қысқы муссон пайда болады.
Жаздық муссондар көп су буларын, ауа ылғалдылығын, бұлттар, жауын-шашындар әкеледi, ал қысқы муссондар керiсiнше бұлтсыз аспан, жаңбырсыз салқын күндер.

Тау-далалы желдер. Таулы жерлерде күннiң көзi шығысымен тау беткейi тез қыза бастайды. Осы беткейдегi ауаның температурасы жоғарылайды. Қызған ауа жеңiл болғандықтан тау беткейiмен жоғары көтерiледi, оның орнына даладан (бөктерден) жаңа ауа массасы келе бастайды. Осылай далалық жел пайда болады. Түнде жер бетi, излучения көп болған соң тез салқындайды, ол жердегi ауа салқындап тау беткейiнен төмен жылжый бастайды да тау желi пайда болады. Бұл желдердiң жылдамдығы 10-15 м/с жетедi.

Фен – таудан соғатын өте жылы, құрғақ жел. Көбiнесе қыс және көктем айларында болады, сонымен қатар кез келген мезгiлде де болуы мүмкiн. Бұл желдiң жылы және құрғақ болуының себептерi: жылжып бара жатқан ауа массасы тауды, биiктiктi кездестiредi де тау биiктiгiне қарай жоғары көтерiле бастайды. Бiзге белгiлi, әрбiр 100 м биiктiкте температура 0,50 төмендейдi, сонымен қатар, ауа ылғалдығы да артды. Белгiлi бiр уақытта ауа ылғалы бұлтқа айналып жаңбыр жауады. Таудан немесе биiктiктен асып түскен ылғалдылығын жоғалтқан ауа массасының төмен түскен сайын температурасы жоғарылайды (әрбiр 100 м. 10), сондықтан фен желi құрғақ, бұлтсыз ауа райын алып келедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет