24-25 дәріс АуылшаруашылыҚ ӨндiрiсiнЕ агрометеорологиЯлыҚ КӨМЕКТЕР КӨРСЕТУ Мақсаты: Ауылшаруашылық өндiрiсiнің әртүрлі салаларын агрометеорологиялық қамтамасыз етудiң ең негiзгi мақсаты ауылшаруашылығына, ауа-райы, климаттық жағдайларда жоғары өнiм алу үшiн жан жақты, тиiмдi пайдалануды білдіру.
Міндеті: Ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық қамтамасыз етудi шаруашылықта дұрыс қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: Агрометеорологиялық бақылау, фенология. Дәріс жоспары:
1. Ауылшаруашылығын қамтамасыз етудiң негiзгi түрлерi
2. Ауылшаруашылық өндiрiсiнiң әртүрлi салаларын агрометеорологиялық қамтамасыз ету ерекшелiктерi
3. Агрометеорологиялық бақылаулар
4. Агрометеорологиялық мәлiметтердi өндiрiсте және алқаптық тәжiрибелерде қолдану
5. Ауылшаруашылығында агрометеорологиялық қамтамасыз ету тиiмдiлiгi Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық қамтамасыз ету (ауылшаруашылығына көмек көрсету) жұмысын Қазгидрометеорология және Қоршаған орта мониторингi ғылыми-зерттеу институты (ҚазНИИГМОС) жүргiзедi.
Қазгидромет облыстардағы гидрометеорология және қоршаған орта мониторингы орталықтарын, барлық гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық станциялар мен посттардың бақылау жұмыстарына басшылық етедi.
Ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық қамтамасыз етудiң ең негiзгi мақсаты ауылшаруашылығына, ауа-райы, климаттық жағдайларда жоғары өнiм алу үшiн жан жақты, тиiмдi пайдалану. Сонымен қатар Қазгидрометтiң мақсаттарына мыналар жатады: 1. Қазақстан Республикасы территориясында гидрометеорологиялық режимдердi зерттеу және климаттың ерекшелiктерiн белгiлеу;
2. Бүкiл жер шарындағы гидрометеорологиялық жағдайларға, үрдiстерге байқау жүргiзу:
3. Табиғат ресурстарын қорғау, сақтау;
4. Ауылшаруашылығын гидрометеорологиялық және агрометеорологиялық хабарлармен, болжаулармен қамтамасыз ету.