АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



бет80/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Жиынтық радиация (Q) деп, көлбеу жазықтыққа түскен тура және шашыраған күн радиациясының қосындысын айтады.

Q=S1+D, кал/ см2/мин;

Шағылысқан радиация (R) деп, жер бетiнен шағылысып шыққан жиынтық радиацияның бiр бөлiгiн айтады.

Альбедо дегенiмiз – шағылысқан радиацияның қарқындылығының жиынтық радиацияға қатынасы, бұл %-бен өлшенедi. Ол көрсеткiштер мына формуламен анықталады:
А= %, R= %
бұл жерде:
А – альбедо, %;
R – шағылысқан радиация;
Q – жиынтық радиация.

Жер бетi мен атмосфера күн радиациясынан энергия қуатын алып, оны жылыға айналдырып, қайта өзiнен жылу шығарады. Бұл жылу барлық жаққа таралады, соның iшiнде жер бетiне қарай да таралады.


Жоғарыда келтiрiлген тиiмдi шағылысу (Ет) және шағылысқан радиация, радиациялық тепе-теңдігінің шығыс бөлiмiн құрайды. Радиациялық тепе-теңдiк кiрiс және шығыс радиация шамаларының айырмасына тең болады.
Жер бетiнiң радиацияны шағылыстыру мүмкiншiлiгi әртүрлi болады, ол көрсеткiш мына жағдайларға байланысты:
1. Жер бетiнiң түсіне (цвет) – қара түстi (қаратопырақ, торф) жерге келген радиацияның 10%, ақ түстi (сортаң жер, құм) – 15-25%, ал жаңадан түскен қар – 85-95% шағылыстырады;
2. Жер бетiнiң ылғалдылығына – ылғал топырақтың альбедосы құрғақ топыраққа қарағанда төмен;
3. Күннiң биiктiгiне – күн биiктеген сайын альбедо төмендейдi.
Жер бетiне келiп түскен күн радиацияларының (тура және шашыраған) шағылыспағаны топыраққа сiңедi, солардың әсерiнен топырақтың жылулығы артады.
Күн сәулесi арқылы атмосфера және жер бетi жылулығы жоғарылайды. Әрбiр жылы зат өзiнен жылу бөлiп шығаратыны бiзге мәлiм. Осы заңдылыққа байланысты атмосфера және жер бетi, жылынған зат ретiнде, өздерiнен жылу бөлiп, бұл жылу жан жаққа, сонымен қатар жер бетiне қарай тарайды. Нәтижесiнде атмосферада ұзын толқынды екi инфроқызыл радиация пайда болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет